ПУЛЬМИКОРТ 0,5 мг/мл 2 мл №20 амп

12000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Будесонид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швеция
  • Өндіруші: АстраЗенека АБ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл суспензия құрамында белсенді зат - 0.25 немесе 0.5 мг микрондалған будесонид, қосымша заттар: динатрий эдетаты, натрий хлориді, полисорбат 80, сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- бронх демікпесі - жедел тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілерінсіз пациенттерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) өршуі - ауруханаға жатқызу көрсетілетін ауырлығы өте ауыр дәрежедегі жалған қыспақ (cтеноздаушы ларинготрахеит)
Қарсы көрсетілімдер
- будесонидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - өкпе туберкулезінің белсенді түрі - 6 айлық жасқа дейінгі балалар (бронх демікпесін емдеу үшін) - қарқынды ем қажет болатын демікпе статусын немесе демікпенің басқа шұғыл көріністерін бастапқы емдеу
Дозасы
Бронх демікпесі Препарат дозасы әркімге жеке таңдалады. Егер ұсынылатын тәуліктік доза тәулігіне 1 мг аспаған жағдайда препараттың бүкіл дозасын бір қабылдаумен (бір мезгілде) алуға болады. Жоғары дозаны қолданған жағдайда, оны 2 қабылдауға бөлу ұсынылады. Балаларға ең жоғары тәуліктік доза (2 мг/тәулік) тек ауыр демікпе жағдайында және шектеулі уақыт кезеңінің ішінде ғана тағайындалуы тиіс. Демеуші доза ең аз тиімді доза болуы тиіс. Ұсынылатын бастапқы доза 6 айлығынан бастап балаларға: тәулігіне 0.25-0.5 мг. Қажет болса, дозаны тәулігіне 1 мг-ға дейін арттыруға болады. Ересек пациенттер: тәулігіне 1-2 мг. Демеуші ем кезіндегі доза 6 айлығынан бастап балаларға: тәулігіне 0.25- 0.5 мг. Ересек пациенттер: тәулігіне екі рет 0.5-4 мг. Ауыр өршулер жағдайында дозаны арттыруға болады. Аса айқын емдік әсеріне жету дұрыс болатын бронх демікпесі бар пациенттерде, жүйелік жағымсыз әсерлерінің өте төмен даму қаупіне орай, пероральді кортикостероидтармен біріктіріп емдеуден Пульмикорт® дәрілік препаратының дозасын арттыру ұтымды болуы мүмкін. Пульмикорт® препаратын пайдалану пероральді глюкокортикостероидтарды алмастыра алады немесе бронх демікпесін бақылаудың сақталуымен оның дозасын едәуір төмендетуге болады. Пероральді стероидтардан Пульмикорт® препаратына ауысу пациент жай-күйінің салыстырмалы тұрақтану кезеңінде жүргізілуі тиіс. Одан кейін пероральді стероидтардың бұрын қолданылған дозасымен біріктірілімде Пульмикорт® препаратының жоғары дозасын шамамен 10  күн бойы енгізеді. Осыдан кейін пероральді стероидтар дозасын мүмкін болатын ең төмен деңгейіне дейін біртіндеп (мысалы, ай сайын преднизолон немесе баламалы препараттың 2.5 миллиграмм мөлшеріне) төмендету керек. Көптеген жағдайларда пероральді стероидты Пульмикорт® препаратымен толығымен алмастыруға болады. Кортикостероидтар қабылдауды тоқтату туралы қосымша ақпарат «Айрықша нұсқаулар және қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары» бөлімінде берілген. Бронх демікпесі кезіндегі әсердің дамуына дейінгі уақыт Препараттың бастапқы дозасын енгізуден кейін әсерінің дамуы бірнеше сағат өткен соң күтіледі. Толық емдік әсері бірнеше апта емделуден кейін ғана дамиды. ӨСОА өршуі Ересек пациенттер препаратты 2-4 қабылдауға бөлінген тәуліктік 4-8 мг дозада клиникалық жақсаруға жеткенше, бірақ 10 күннен асырмай алуы тиіс. Өкпені инвазиялық механикалық желдетуді немесе қарқынды ем бөліміне ауруханаға жатқызуды талап ететін тыныс алу жеткіліксіздігімен ӨСОА өршулері бар пациенттерде небулайзер көмегімен будесонидті пайдалану клиникалық зерттеулерде зерттелмеген. ӨСОА өршуі кезіндегі әсердің дамуына дейінгі уақыт ӨСОА өршулерін емдеу мақсатында Пульмикорт®, ингаляцияға арналған дозаланған суспензия препаратын ингаляциялық енгізуден кейінгі симптомдардың жақсаруына дейінгі уақыт жүйелік кортикостероидтар енгізумен салыстырмалы. Жалған қыспақ Қыспағы бар сәбилер мен балаларды емдеу үшін небулайзерді пайдаланғанда ұсынылатын будесонид дозасы 2 мг құрайды. Доза бір рет енгізіледі немесе 30 минут аралықпен 2 ретке (1 мг)  бөлінеді. Енгізуді 36 сағаттан аспайтын уақыт ішінде әр 12 сағат сайын немесе клиникалық симптомдар жақсаруына дейін қайталауға болады. Сәби небулайзер арқылы өз бетінше дем ала алмайтын жағдайларда арнайы маска қолданылады. Пациенттердің ерекше топтары Пероральді глюкокортикостероидтар қабылдап жүрген пациенттер Пероральді глюкокортикостероидтарды тоқтатуды пациенттің тұрақты денсаулық жағдайы аясында бастау қажет. Пероральді глюкокортикостероидтарды дағдылы дозада қабылдаумен бірге Пульмикорт® препаратының жоғары дозасын 10 күн бойы қабылдау қажет. Әріқарай бір ай бойы пероральді глюкокортикостероидтар дозасын (мысалы, 2.5 мг преднизолон немесе оның аналогы) ең төмен тиімді дозаға дейін біртіндеп азайту керек. Көптеген жағдайларда пероральді глюкокортикостероидтар қабылдаудан толық бас тартуға болады. Небулайзер көмегімен суспензия түрінде қолданылатын Пульмикорт® препараты ішке тартқанда өкпеге түсетіндіктен, пациентке препаратты небулайзер  мүштігі арқылы қалыпты және біркелкі деммен ішке тарту туралы нұсқау беру маңызды. Будесонидті бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану жөнінде деректер жоқ. Будесонидтің бауырдан биотрансформация арқылы шығарылуын ескеріп, бауыр циррозы айқын пациенттерде препараттың  әсер ету ұзақтығының артуын күтуге болады. Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ. Будесонид көбіне бауырдағы метаболизм жолымен шығарылатындықтан, бауыр циррозы ауыр пациенттерде жоғары экспозициясын күтуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.