+25 бонус

ПРОЗЕРИН 0,5 мг/1 мл №10 амп Дарница

510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Неостигмин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармацевтическая фирма «Дарница»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: прозерин 0,5 мг, қосымша зат: инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- миастенияда, жедел миастениялық кризде - ми жарақатынан кейінгі қимыл-қозғалыс бұзылуларында - салдануда - менингитпен, полиомиелитпен, энцефалитпен ауырғаннан кейінгі қалпына келу кезеңінде - невритте, көру жүйкесінің атрофиясында - ішек атониясында, қуық атониясында - жүйке-бұлшықет берілімінің деполяризациялайтын миорелаксанттармен блокадасынан кейінгі қалдық құбылыстарды жоюға.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - эпилепсия, гиперкинезде; - ваготомия - жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия - аритмиялар, брадикардия - бронх демікпесі - айқын атеросклероз - тиреотоксикоз - асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы - перитонит - ас қорыту жолының және несеп шығару жолдарының механикалық обструкциясы - қуықасты безінің дизуриямен жүретін гипертрофиясы - деполяризациялайтын миорелаксанттармен бір мезгілде қолдану. Препаратты қолдану жедел инфекциялық аурулар, күрт әлсіреген балаларда уыттану кезеңінде қарсы көрсетілімді.
Дозасы
Ересектерге және балаларға тек стационар жағдайында. Ересектер Препаратты тері астына тәулігіне 1-2 рет 0,5-2 мг (1-4 мл) дозада тағайындайды. Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза – 2 мг, тәуліктік – 6 мг. Емдеу курсының ұзақтығы (миастениядан, миастениялық кризден, операциядан кейінгі ішек және қуық атониясынан, миорелаксанттардың артық дозалануынан басқа) – 25-30 күн. Қажет болған жағдайда 3-4 аптадан кейін курсты қайталап тағайындайды. Жалпы тәуліктік дозаның үлкен бөлігі, науқастың өте қатты шаршауы кезінде, күндізгі уақытта тағайындалады. Миастения: препаратты тері астына және бұлшықет ішіне тәулігіне 0,5 мг (1 мл) дозада тағайындайды. Емдеу курсы ұзақ, енгізу жолы өзгертіледі. Миастениялық криз (тыныстың және жұтынудың қиындауы): препаратты вена ішіне 0,25-0,5 мг (0,5-1 мл) дозада тағайындайды, бұдан әрі қарай аздаған аралықтармен тері астына тағайындайды. Операциядан кейінгі ішек және қуық атониясы, атонияның, соның ішінде несептің операциядан кейінгі іркілуінің профилактикасы: препаратты тері астына немесе бұлшықет ішіне, мүмкіндігінше операциядан кейін көп ұзатпай, 0,25 мг (0,5 мл) дозада тағайындайды және қайталап – 3-4 күн бойы әрбір 4-6 сағат сайын. Миорелаксантпен артық дозаланғанда антидот ретінде (мұның алдында атропин сульфатын 0,6-1,2 мг дозада вена ішіне енгізгеннен кейін, тамырдың соғу ырғағының жиілігі минутына 80 ретке артқанға дейін): 0,5-2 минуттан кейін препаратты вена ішіне баяу 0,5-2 мг дозада тағайындайды. Қажет болған жағдайда 20-30 минут бойы инъекцияны (соның ішінде брадикардия жағдайында атропинді) жалпы дозасын 5-6 мг-нан (10-12 мл) арттырмай қайталайды. Емшара кезінде өкпенің жасанды желдетілуін қамтамасыз етеді. Балаларға – 1 жасында күніне 0,05 мг (0,1 мл 0,05 % ерітінді), бірақ 1 инъекцияға 3,75 мг-нан (0,75 мл 0,05 % ерітінді) арттырмай тағайындайды. Енгізу әдісі және жолы Тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.