+33 бонус

Прозерин 0,05% 1,0№10 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
660 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Неостигмин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ООО «Харьковское фармацевтическое предприятие «Здоровье народу»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 0,5 мг прозерин 100 % затқа шаққанда; қосымша зат - инъекцияға арналған су
Қолданылуы
миастения жедел миастениялық криз ми жарақатынан кейінгі қозғалудың бұзылуы салданулар менингит, полиомиелит, энцефалиттен кейінгі қалпына келу кезеңі неврит көру жүйкесі атрофиясы асқазан-ішек жолдарының атониясы қуық атониясы деполяризацияламайтын миорелаксанттармен жүйке-бұлшықеттік берілістің блокадасынан кейінгі қалдық құбылыстарды жою
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық эпилепсия гиперкинезалар ваготомия жүректің ишемиялық ауруы стенокардия, аритмия, брадикардия бронх демікпесі ауыр атеросклероз тиреотоксикоз асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы перитонит асқазан-ішек жолдарының және несеп шығару жолдарының механикалық обструкциясы несеп шығарудағы қиналулармен қатар жүретін қуық асты безінің гипертрофиясы инфекциялық аурулардың жедел кезеңі қатты әлсіреген балалардағы уыттанулар жүктілік және емізу кезеңі
Дозасы
Ересектерге препарат тері астына, бұлшықет ішіне және вена ішіне тағайындалады. Ересектерге тері астына — 0,5 – 2 мг (1 – 4 мл) күніне 1 – 2 рет. Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза — 2 мг, тәуліктік — 6 мг. Миастенияда ересектерге тері астына немесе бұлшықет ішіне күніне 0,5 мг (1 мл 0,05 % ерітінді). Емделу курсы ұзақ, енгізу жолын алмастырып отыру керек. Миастениялық кризде (тыныс алу мен жұтыну қиындағанда) – ересектерге 0,5 – 1 мл 0,05 % ерітіндіні вена ішіне, әрі қарай тері астына, аздаған аралықпен. Операциядан кейінгі ішек, қуық атониясы кезінде: профилактика үшін, оның ішінде операциядан кейінгі несеп іркілуінде – тері астына немесе бұлшықет ішіне 0,25 мг (0,5 мл 0,05 % ерітінді), операциядан кейін мүмкіндігінше ертерек және қайталап — әр 4 – 6 сағат сайын 3 – 4 күн бойы. Миорелаксанттардың антидоты ретінде (атропин сульфатын 0,6 – 1,2 мг дозада вена ішіне, тамырдың соғуы минутына 80 ретке дейін жиілегенше, алдын ала енгізгеннен кейін) 0,5 – 2 минуттан кейін 0,5 – 2 мг вена ішіне баяу енгізіледі. Қажет болған жағдайда инъекциялар 20 – 30 минут ішінде 5 – 6 мг (10 – 12 мл) аспайтын жалпы дозада қайталанады (оның ішінде брадикардия жағдайында атропин сульфаты); процедура кезінде өкпенің жасанды желдетілуін қамтамасыз етеді. Жаңа туылған нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балаларға тек миастения gravis кезінде тері астына немесе бұлшықет ішіне (стационар жағдайында) қолданылады — 0,05 мг (0,1 мл 0,05 % ерітінді) 1 жылына, бірақ 1 инъекцияға 3,75 мг (0,75 мл 0,05 % ерітінді) аспайды. Енгізу әдісі мен жолы Ересектерге тері астына, бұлшықет ішіне және вена ішіне тағайындалады; жаңа туған нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балаларға – тері астына немесе бұлшықет ішіне (стационар жағдайында). Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Жалпы тәуліктік дозаның үлкен бөлігі күндіз, науқас  өте қатты шаршаған кезде, тағайындалады. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы (миастениядан басқасы) — 25 – 30 күн, қажет болған жағдайда — 3 – 4 аптадан кейін қайталау. Миастенияны емдеу курсы ұзақ, енгізу жолдары өзгеріп отырады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.