+575 бонус

ПРОТЕФЛАЗИД 30 мл Комплекс

11500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Противовирусные препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ООО «НПК «Экофарм»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамы белсенді фармацевтикалық субстанция: 1 мл Протефлазид* сұйық экстрактісі, түбірлі селдірек шөбінен (Herba Deschampsia caespitosa L.) және жатаған айрауық шөбінен (Herba Calamagrostis epigeios L.) жасалған (рутинге шаққанда флавоноидтер мөлшері кем дегенде 0,32 мг/мл, алма қышқылына шаққанда карбон қышқылдарының мөлшері кем дегенде 0,30 мг/мл) (1:1). *Экстракция еріткіші: 96 % этанол.
Қолданылуы
1-ші, 2-ші және 3-ші түрдегі  қарапайым герпес (Herpes simplex) вирусы туындатқан ауруларды емдеу және рецидивтердің профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы
Дозасы
Қолданар алдында құтыны шайқау керек. Препарат тамшылатқыштың көмегімен дозаланған. Препараттың қажетті мөлшерін суға тамызып  (1-2 ас қасық), ас қабылдауға дейін 10-15 минут бұрын қабылдау керек. Протефлазид® препараты, тамшысын қабылдау схемасы, жасына байланысты Жасы (жыл) Доза (тамшы) және тәулігіне қабылдау жиілігі Туғаннан 1 жасқа дейін Тәулігіне 1 тамшы 1-2 жас 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет 2-4 жас 2 тамшыдан тәулігіне 2 рет 4-6 жас 4 тамшыдан тәулігіне 2 рет 6-9 жас 9 тамшыдан тәулігіне 2 рет 9-12 жас 10 тамшыдан тәулігіне 2 рет Балалар 12 жастан бастап және ересектер 12-15 тамшыдан тәулігіне 2 рет Протефлазид® препаратын қолдану ұзақтығы көрсетілімдерге және аурудың ағымына байланысты. Герпестік гингивостоматиттің, фаринготонзиллиттің рецидивтерін емдеу және профилактикасы үшін; вирустық инфекцияларды емдеу үшін; иммундық жүйенің функциясы жеткіліксіз пациенттерде пайда болатын вирустық және бактериялық инфекциялардың алдын алу үшін препаратты 1 ай бойы қабылдау ұсынылады. Герпестік экзема мен герпестік везикулярлық дерматитті (ерітіндіні жергілікті қолданумен бірге); герпестік менингит пен энцефалитті; көздің герпестік зақымдануын; жыныс герпесін емдеу үшін; белдемелі герпесті (Herpes zoster) емдеу үшін препаратты 3 ай бойы үзіліссіз қабылдау ұсынылады. Инфекцияның қайталанатын ағымында препаратпен емдеу курсы дәрігердің ұсынысы бойынша жылына 1-2 рет жүргізіледі. Педиатрия практикасында емдеу ұзақтығы ересектердегідей. Дозалар пациенттің жасына сәйкес, аурудың ағымына байланысты тағайындалады. Емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізіледі. Препаратты пероральді қабылдаумен бірге жергілікті қолдану: терінің және шырышты қабықтардың қарапайым герпес инфекциясын, белдемелі герпестің жедел түрлерін емдеу үшін препарат ерітіндісімен аппликацияларды зардап шеккен аймаққа тәулігіне 3-5 рет жағу керек. Аппликация экспозициясының мерзімі - 10-15 минут. Ерітіндіні дайындау үшін 1,5 мл препаратты (36-38 тамшы) 10 мл натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінде сұйылту керек. Жергілікті қолдануды терінің немесе шырышты қабықтың зақымдану белгілері жойылғанға дейін, бірақ кемінде 10 күн жалғастырған жөн. Бастапқы және қайталанатын генитальді герпес, әйелдің жыныс мүшелерінің вирустық инфекцияларында препарат ерітіндісі бар вагинальді тампондар қолданылады. Ерітіндіні дайындау үшін 3,0 мл (72-75 тамшы) препаратты 20 мл натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінде сұйылту керек. Вагинальді тампондардың әсер ету мерзімі-30-40 минут, емшараларды күніне 2 рет жүргізу керек. Генитальді герпес кезінде вагинальді тампондарды жергілікті қолдану ұзақтығы - 10 күн, әйелдің жыныс мүшелерінің вирустық инфекцияларында – 14 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.