+363 бонус

ПРОСТАДАРТ-ТД №30 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
7260 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тамсулозин и дутастерид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ZIM LABORATORIES LIMITED
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді заттар: 0.400 мг тамсулозин гидрохлориді және 0.500 мг дутастерид; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, бутилгидрокситолуол, пропиллаллат, метакрил қышқылының сополимері дисперсия (L30D-55) (30% ішіндегі қатты зат), триэтилцитрат, полисорбат 80, тазартылған тальк, гипромеллоза 5cps, полиэтиленгликоль (ПЭГ 6000), кремний қостотығы (Syloid 244 FP), повидон (PVPK-30), полиоксил 40 гидрогенделген майсана майы, орташа ұзын тізбекті триглицеридтер (Kollisolv MCT 70), 2-пропанол, тазартылған су. капсула қабығының құрамы: күн батар түстес сары (E110), темірдің қызыл тотығы (E172), титанның қостотығы (E171), тазартылған су, желатин.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға көрсетілген: - Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының (ҚБҚГ) орташа және ауыр симптомдарын емдеу - ҚБҚГ орташа және ауыр симптомдары бар пациенттерде жедел несеп іркілісінің (ЖНІ) және хирургиялық араласу қаупін төмендету
Қарсы көрсетілімдер
- дутастеридке, 5-альфа редуктазаның басқа тежегіштеріне, тамсулозинге, сояға, арахиске немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық (тамсулозин индукциялаған ангионевроздық ісінуі бар пациенттерді қоса) - әйелдер - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі - анамнездегі ортостаздық гипотензия ұстамалары - катаракта себебімен жоспарланған операция
Дозасы
Ересектер (егде жастағы пациенттерді қоса) ПРОСТАДАРТ-ТД препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет бір капсуланы (0.4 мг/ 0.5 мг) құрайды. Қажет болса, емдеуді оңайлату мақсатында дутастеридпен және тамсулозин гидрохлоридімен екі компонентті емді ПРОСТАДАРТ-ТД дәрілік препаратын қабылдаумен алмастыруға болады. Клиникалық қажеттілік болса, дутастеридпен немесе тамсулозин гидрохлоридімен монотерапиядан ПРОСТАДАРТ-ТД препаратына тікелей ауысуды қарауға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Дутастерид-тамсулозин біріктірілімі балаларға (18 жасқа дейінгі) қарсы көрсетілімді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылуының дутастерид-тамсулозин біріктірілімінің фармакокинетикасына әсері зертелмеген, сондықтан препаратты ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану кезінде сақ болу керек. ПРОСТАДАРТ-ТД дәрілік препаратын қабылдау бауырының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылуының дутастерид-тамсулозин біріктірілімінің фармакокинетикасына әсері зерттелмеген. Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерге дозаны түзету қажет еместігі күтіледі. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Пациенттерге белгілі бір ас ішуден кейін 30 минутқа жуық уақыт өткен соң күнделікті бүтін капсуланы қабылдау қажеттілігін ескерту керек. Капсуланы ашуға немесе шайнауға болмайды. Капсуланың қатты қабығының ішінде болатын дутастерид капсуласының ішіндегісімен жанасу ауыз қуысының және жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.