+142 бонус

ПРОПАНОРМ 150 мг №50 таб

2850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пропафенон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чешская Республика
  • Өндіруші: ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 150 мг немесе 300 мг пропафенон гидрохлориді; қосымша заттар - түйіршіктелген микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, коповидон, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты; қабықтың құрамы: опадрай ақ 02F28310, симетикон эмульсиясы.
Қолданылуы
- емдеуді қажет ететін тахикардиялық суправентрикулярлық жүрек аритмиясының симптоматикалық жағдайлары, яғни атриовентрикулярлық түйіндік тахикардия, Вольф-Паркинсон-Уайт (WPW) синдромы кезіндегі суправентрикулярлық тахикардия немесе жүрекшенің пароксизмальді фибрилляциясы; егер дәрігер препаратты өмірге қауіп төндіруі мүмкін деп санаса, ауыр симптоматикалық вентрикулярлы тахиаритмияда.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (пропафенонға) немесе «Дәрілік препараттың құрамы» тармағында көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; анамнездегі Бругада синдромы; миокардтың айқын құрылымдық өзгерістері, мысалы: - соңғы 3 ай ішінде миокард инфарктісі, - егер сізде өмірге қауіп төндіретін қарыншалық аритмиялар болмаса, сол жақ қарыншаның шығарылу фракциясы 35% - дан аз бақыланбайтын іркілісті систолалық жүрек жеткіліксіздігі; - аритмиядан туындаған шокты қоспағанда, кардиогенді шок; - манифестті жүрек жеткіліксіздігі; - ауыр симптоматикалық брадикардия; - синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синатриялық блокада секілді өткізгіштіктің айқын бұзылулары, II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы немесе кардиостимулятор имплантацияланбаса интравентрикулярлық блокада; - ауыр артериялық гипотензия; электролиттердің манифестті теңгерімсіздігі (мысалы, калий метаболизмінің бұзылуы); тыныс алу жолдарының тарылуына байланысты өкпенің ауыр обструктивті ауруы; миастения грависі; ритонавирмен бір мезгілде емдеу (АИТВ инфекциясын емдеуге арналған препарат).
Дозасы
Қарыншалық аритмия кезінде препаратты тағайындау мұқият кардиологиялық бақылауды қажет етеді, бастапқы терапия кардиологиялық реанимация және жүрек функциясының сенімді мониторингі болған кезде ғана жүргізілуі керек. Емдеу кезінде тұрақты бақылау тексерулерін жүргізу керек (мысалы, айына бір рет стандартты ЭКГ немесе әр үш айда және қажет болған жағдайда жүктемемен Холтер мониторингісі). QRS кешенінің кеңеюі және QT аралығының 25% - дан астам ұзаруы немесе PQ аралығының 50% - дан астам ұзаруы немесе QT аралығының 500 мс-тан астам ұзаруы немесе жүрек ырғағының бұзылу жиілігінің немесе ауырлығының артуы секілді жекелеген параметрлердің нашарлауы кезінде емдеу схемасына өзгерістерді енгізу қажет. Дозаны жеке анықтау керек. Келесі ұсынылған дозалар қолданылады: Дозаны титрлеу фазасы үшін және дене салмағы 70 кг жуық пациенттерде демеуші ем үшін 2-3 жеке қабылдауға бөлінген 450-600 мг пропафенонның тәуліктік дозасы ұсынылады, яғни күніне үш рет 150 мг пропафеноннан (тәулігіне 450 мг пропафенонға баламалы) күніне екі рет 300 мг пропафенонға (күніне 600 мг пропафенонға баламалы) дейін/ тәулік) дейін. Кейде тәуліктік дозаны 900 мг пропафенонға дейін (тәулігіне үш рет 300 мг пропафенонға баламалы) арттыру қажет болуы мүмкін. Дене салмағы неғұрлым төмен пациенттерде дозаны тиісінше азайту қажет. Дозаны емнің 3-4 күнінен ерте арттыруға болмайды. Жеке демеуші дозаны кардиологиялық бақылаумен – қайталанған ЭКГ және артериялық қысымды мониторлаумен (түзету фазасы) айқындаған жөн. Егер пациенттерде QRS кешенінің едәуір кеңеюі немесе II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада пайда болса, дәрілік препарат дозасын азайтуды қарастыру қажет. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат белсенді заттың жоғары болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға жарамсыз. Егде жастағы пациенттер Жалпы алғанда, егде жастағы пациенттерде қауіпсіздік немесе тиімділік айырмашылықтары байқалмады. Кейбір егде жастағы пациенттерде жоғары сезімталдықты жоққа шығаруға болмайтындықтан, мұндай пациенттерді мұқият бақылау керек. Бұл демеуші терапияға да қатысты. Дозаны шамамен 5-8 күннен кейін терапиялық тұрғыдан қажетті ұлғайтуды жүргізу ұсынылады. Сол жақ қарынша функциясы елеулі бұзылған (сол жақ қарынша шығару фракциясы 35% - дан төмен) немесе миокардтың құрылымды бұзылуы бар егде пацииенттерде емді аса сақтықпен біртіндеп бастау керек және препараттың дозасын өте баяу арттыру қажет. Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде тіпті стандартты емдік дозаларды қолданғанның өзінде ағзада белсенді зат жинақталуы мүмкін. Мұндай пациенттерде ЭКГ және пропафенонның плазмалық концентрациясының деңгейін мұқият мониторингтеу арқылы пропафенон дозасын іріктеуді бастауға болады. Енгізу әдісі мен жолы Ащы дәм мен жергілікті анестетикалық әсерге байланысты пропафенон таблеткаларын тамақ жегеннен кейін жеткілікті сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су) шайнамай және ішпей тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.