+138 бонус

ПРОМТО 20 мг №10 таб Рабепразол

2770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Рабепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - натрий рабепразолы 10 мг немесе 20 мг қосымша заттар: жеңіл магний тотығы, маннитол, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза (Кlucel EXF), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН-102), магний стеараты, тазартылған тальк қабықтың құрамы: гипромеллоза (HPMC 5CPS), макрогол (PEG 6000) ішекте еритін қабықтың құрамы: ақ акрил-EZE, көгілдір опадри II 85G80992 (поливинил спирті, тальк, полиэтиленгликоль (макрогол), титанның қостотығы (Е171), FD&C BLUE #2 (индигокармин алюминий лагы) (Е132), лецитин (соя), темірдің сары тотығы (Е172) (10 мг дозалау үшін)); ақ акрил-EZE, қызғылт сары опадри II 85G43136 (поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль (макрогол), темірдің сары тотығы (Е172), лецитин (соя), темірдің қызыл тотығы (Е172) (20 мг дозалау үшін)).
Қолданылуы
Ішекте еритін қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін - асқазан сөлінің жоғары қышқылдылығына байланысты диспепсия симптомдары, соның ішінде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының симптомдары (қыжыл, қышқыл кекірік) Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар үшін - өршу сатысындағы асқазанның ойық жаралы ауруы - өршу сатысындағы он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы; - эрозиялы және ойық жаралы гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы және рефлюкс-эзофагит - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының демеуші емі - Золлингер-Эллисон синдромы және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын жай-күй - ойық жаралы ауруға шалдыққан пациенттерде Helicobacter pylori эрадикациясы (тиісті антибактериялық еммен біріктірілімде)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Ішекте еритін қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін 10 мг дозада тәулігіне 1 рет. Препаратты таңертең ас ішер алдында қабылдау ұсынылады. Промто таблеткаларын ұсынылған қабылдау уақыты пациенттерді емдеу сызбасының талаптарын жақсы сақтауға мүмкіндік береді. Емдеудің алғашқы үш күні ішінде әсер болмаған кезде маманның тексеруі қажет. Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар үшін Өршу сатысындағы асқазанның ойық жаралы ауруы және анастомоз ойық жарасы кезінде: 20 мг-нан күніне 1 рет. Әдетте сауығу емнің 6 аптасынан кейін басталады, дегенмен кейбір жағдайларда емдеу ұзақтығы тағы да 6 аптаға созылуы мүмкін. Өршу сатысындағы он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы кезінде: 20 мг-нан күніне 1 рет. Емдеу ұзақтығы 2-ден 4 аптаға дейінгі мерзімді құрайды. Қажеттілік жағдайында емдеу ұзақтығы 4 аптаға созылуы мүмкін. Эрозиялық ГЭРА немесе рефлюкс-эзофагитті емдеу кезінде: 20 мг-нан күніне 1 рет. Емдеу ұзақтығы 4-тен 8 аптаға дейінгі мерзімді құрайды. Қажеттілік жағдайында емдеу ұзақтығы 8 аптаға созылуы мүмкін. ГЭРА демеуші емі кезінде: 20 мг-нан күніне 1 рет. Емдеу ұзақтығы пациенттің жағдайына байланысты. Золлингер-Эллисон синдромын және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын жағдайды емдеу үшін: дозаны жекелей іріктейді. Бастапқы доза - күніне 60 мг, содан кейін дозаны жоғарылатады және препаратты күніне дозасы 100 мг-ға дейін бір рет қабылдаған кезде немесе күніне 2 рет 60 мг-нан тағайындайды. Кейбір пациенттер үшін препаратты бөлшектеп дозалау тиімді болып табылады. Емдеу клиникалық қажеттілік бойынша жалғасуы керек. Золлингер-Эллисон синдромына шалдыққан кейбір науқастарда рабепразолмен емдеу ұзақтығы 1 жылға дейінгі мерзімді құрайды. Helicobacter pylori эрадикациясы үшін: антибиотиктердің тиісті біріктірілімімен белгіленген сызба бойынша күніне 2 рет 20 мг-нан. Емдеу ұзақтығы 7 күнді құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Рабепразолдың басқа көрсеткіштер бойынша қолдануға қауіпсіздігі мен тиімділігі бала жасындағы пациенттер үшін анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесіне шалдыққан пациенттерде рабепразолдың қандағы концентрациясы әдетте сау пациенттерге қарағанда жоғары болады. Промто препаратын бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерге тағайындаған кезде сақ болу керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Ішке, шайнамай және ұсақтамай, тұтастай жұтады. Тәуліктің уақыты да, ас ішу де натрий рабепразолының белсенділігіне әсер етпейтіні анықталды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.