+3980 бонус

ПРОЛИА 60 мг №1 шприц

79600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Денозумаб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пуэрто-Рико
  • Өндіруші: Амджен Мэньюфэкчуринг Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 60 мг денозумаб қосымша заттар - сорбитол (E420), мұзды сірке қышқылы*, полисорбат 20, натрий гидроксиді*, инъекцияға арналған су бар. * Сірке қышқылы натрий гидроксидімен араласқан кезде ацетат буфері пайда болады.
Қолданылуы
- Постменопаузалық остеопорозды және сыну қаупі жоғары болған кезде ерлердегі остеопорозды емдеу. Постменопаузадағы әйелдерде Пролиа® препараты вертебральді, вертебральді емес және ортан жілік сынықтарының қаупін айтарлықтай төмендетеді. - Сүйектің сыну қаупі жоғарылаған кезде гормон-депривациялық ем алатын қуықасты безінің обыры бар ерлерде сүйек массасының жоғалуын емдеу. Гормон-депривациялық ем алатын қуықасты безінің обыры бар ерлерде Пролиа® препараты вертебральді сыну қаупін едәуір төмендетеді. - Сүйектің сыну қаупі жоғары ересек пациенттердегі жүйелі глюкокортикоидтармен ұзақ мерзімді еммен байланысты сүйек массасының жоғалуын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық Гипокальциемия
Дозасы
Дозалану режимі Денозумабтың ұсынылатын дозасы 60 мг; бұл санға, ішке немесе иыққа 6 айда бір рет тері астына енгізіледі. Емдеу курсы барысында кальций мен D дәруменінің препараттарын тиісті дозада қосымша қабылдау қажет. Резорбцияға қарсы препараттармен (денозумаб және бисфосфонаттар) остеопорозды оңтайлы емдеу ұзақтығы белгіленбеген. Емді жалғастыру қажеттілігін әр пациент үшін препаратты қабылдай бастағаннан кейін 5 жылдан соң және одан да көп уақыттан соң денозумабты қолданудың пайдасы мен ықтимал қауіпін ескере отырып, жеке-жеке қайта бағалау керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас) Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препараттың дозасын түзету қажет емес. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <30 мл/мин) және жүйелі глюкокортикоидтермен ұзақ мерзімді ем алған пациенттерге препаратты қолдану туралы мәліметтер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін денозумабтың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ. Балалар Ауыр гиперкальциемияның өршуі қауіпін және сүйектердің өсуін тежегіштеумен тістердің жарып шығуының болмауы болжамдықтарды ескере, Пролиа® препаратын 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Тері астына енгізіледі. Препараттың енгізілуін инъекция техникасы бойынша үйренген адам жүргізуі керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.