+140 бонус

ПРОКТОЗАН НЕО 20 г мазь рект

2810 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гепарин, комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Сербия
  • Өндіруші: Хемофарм А.Д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында белсенді заттар: натрий гепарині, 65 ХБ, преднизолон ацетаты, 2,233 мг, полидоканол (макрогол лаурил эфирі), 30 мг, қосымша заттар: қатты парафин, сұйық парафин, ланолин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
сыртқы және ішкі геморройда артқы өтістің геморроидальді веналар тромбофлебитінде анус аймағындағы жыланкөздер, экзема және қышуда анус сызаттарында аноректальді аймақтағы операциялық араласуға даярлауда тромбаланған немесе операция жасалған геморройдың кешенді емі құрамында
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық терінің бактериялық, вирустық, зеңдік зақымдануы туберкулез мерез тері ісіктері қан кетуге бейімділік вакцина енгізуге реакциялар жүктіліктің I триместрі 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Сыртқа, жақпамайды жұқалап зақымданған бөліктерге тәулігіне 2-4 рет; ауыру сезімдері басылғаннан кейін – 7 күн бойы тәулігіне 1 рет жағады. Ректальді. Жақпамайды енгізу үшін қоса берілетін бұрандалы ұштық пайдаланылады, оны тік ішек қуысына енгізіп, түбекті жеңіл ғана басып, аз ғана жақпамай сығып шығарылады. Проктозан Нео препаратын әрдайым Сізге емдеуші дәрігер ұсынғандай қолданыңыз. Егер Сіз препаратты қолданудың дұрыстығына күмәндансаңыз, дәрігермен кеңесу керек. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000 аздау), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес). Өте сирек аллергиялық реакциялар, тері гиперемиясы Ұзақ қолданған кезде және/немесе үлкен беткейге жаққан кезде жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін сызаттардың регенерация үдерісінің баяулауы ісінулер Егер кез келген жағымсыз әсері күрделі болса немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы міндетті түрде дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.