+580 бонус

ПРОГРАФ 0,5 мг №50 капс

11600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Такролимус
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Ирландия
  • Өндіруші: Астеллас Фарма Юроп Б.В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - такролимус, 0,5 мг, 1,0 мг, 5,0 мг; қосымша заттар: гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, лактоза моногидраты, магний стеараты капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), желатин.
Қолданылуы
бүйрек, бауыр немесе жүрек аллотрансплантаты реципиенттерінде трансплантаттың қабылданбай ажырауының профилактикасы; басқа иммуносупрессорлық препараттармен емдеуге төзімді аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- такролимусқа немесе басқа макролидтерге немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Бауыр трансплантациясы Бастапқы иммуносупрессия – ересектер Програф® препаратымен пероральді емді екі бөлек дозамен (мысалы, таңертең және кешке) енгізілетін тәулігіне 0,10–0,20 мг/кг дозадан бастаған жөн. Препаратты хирургиялық операция аяқталғаннан кейін шамамен 12 сағаттан кейін енгізе бастаған жөн. Пациенттің клиникалық жағдайы дозаларды пероральді енгізуге мүмкіндік бермесе, онда емдеуді үздіксіз 24 сағаттық инфузия түрінде препаратты тәулігіне 0,01–0,05 мг/кг дозада вена ішіне енгізуден бастау керек. Бастапқы иммуносупрессия – балалар Күніне 0,30 мг/кг бастапқы пероральді дозаны екі бөлек дозамен (мысалы, таңертең және кешке) енгізу керек. Пациенттің клиникалық жағдайы дозаларды пероральді енгізуге мүмкіндік бермесе, онда емдеуді үздіксіз 24 сағаттық инфузия түрінде препаратты тәулігіне 0,05 мг/кг дозада вена ішіне енгізуден бастау керек. Демеуші ем – ересектер мен балалар Трансплантациядан кейінгі кезеңде Програф® препаратының дозасын әдетте қандағы препарат концентрациясын бақылау арқылы төмендетеді. Кейбір жағдайларда Програф® препаратын монотерапия ретінде қалдырып, ілеспелі иммуносупрессивтік ем препараттарын тоқтатуға болады. Трансплантациядан кейін пациент жағдайының жақсаруы такролимустың фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін, бұл препараттың дозасын түзету қажеттілігіне әкеледі. Қабылданбай ажырауды емдеу – ересектер мен балалар Қабылданбай ажырау эпизодтарын емдеу үшін қосымша кортикостероидты терапиямен және моно-/поликлональді антиденелерді енгізудің қысқа курстарымен бірге қандағы концентрацияны бақылай отырып, Програф® препаратының жоғары дозаларын қолдану қажет. Уыттылық белгілері байқалса, Програф® препаратының дозасын қандағы препараттың ең төмен концентрациясына қол жеткізу шегінде төмендету қажет болуы мүмкін. Пациенттерді Програф® препаратымен емдеуге ауыстырған кезде препаратпен емдеуді пероральді дозадан бастау керек, бастапқы иммуносупрессия жағдайындағы сияқты бастапқы дозалар ұсынылады. Пациенттерді циклоспоринмен емдеуден Програф® препаратына ауыстыру туралы ақпарат алу үшін осы бөлімнің соңындағы «Пациенттердің ерекше топтарында препарат дозасын түзету» нұсқаулығын қараңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.