ПРОГИНОВА 2 мг №21 драже

13090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чешская Республика
  • Өндіруші: Зентива к.с.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 2,0 мг эстрадиол валераты қосымша заттар - лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон К25, тальк, магний стеараты, қабығының құрамы: сахароза, повидон К90, макрогол 6000, кальций карбонаты, тальк, глицерол монтанаты.
Қолданылуы
- постменапауза, перименапауза кезеңіндегі әйелдердегі эстроген тапшылығының белгілері мен симптомдарын емдеуге арналған орынбасушы гормональді ем (ОГЕ) - постменапаузалық остеопороз профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
- сүт безінің расталған немесе болжамды обыры немесе анамнездегі сүт безі обыры - расталған немесе болжамды, гормонға тәуелді қатерлі ісік диагнозы, мысалы, эндометрий обыры - диагнозы анықталмаған қынаптық қан кету - емдеуге дейінгі эндометрий гиперплазиясы - алдыңғы идиопатиялық немесе ағымдағы вена тромбоэмболиясы (терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы) - белгілі тромбофильді бұзылыстар (мысалы, С ақуызы, S ақуызы немесе антитромбин тапшылығы) - қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі артериялық тромбоэмболиялық бұзылымдар, мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі - қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауырдың жедел аурулары, бауырдың функционалдық тестілері қалпына келмеген жағдайда. - белсенді компоненттерінің немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - порфирия
Дозасы
Прогинова® препараты — бұл құрамында тек эстроген бар препарат. Прогинова® 2 мг препаратының бір таблеткасы күніне бір рет қабылданады. Енгізу әдісі және жолы Пероральді Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе тамақтан соң қабылдауға болады. Таблетканы бір стақан су немесе сүт ішу арқылы тұтас күйінде жұту керек. Әйелдің таблетканы қабылдаған уақыт мерзімі маңызды емес, алайда, егер ол белгілі бір уақытты таңдаса, күн сайын сол уақытты ұстануы керек. Ем ұзақ уақытқа созылады, бұл алдыңғы қаптамадағы таблеткалар таусылған бойда жаңа қаптамадағы таблеткаларды бірден қабылдау керек дегенді білдіреді. Менапауза симптомдарын емдеуді бастау мен жалғастыру үшін ең қысқа мерзім ішінде ең төменгі тиімді дозаны қабылдау керек. Менапауза симптомдарын бақылау мақсатындағы емді Прогинова® 1 мг қабылдаудан бастау керек. Қажет болса Прогинова® 2 мг қабылдау керек. Емді таңдағаннан кейін симптомдарды басуға қажетті ең төменгі тиімді дозаны қабылдау керек. Постменопаузалық остеопороздың профилактикасы үшін күніне бір рет Прогинова® 2 мг таблеткасын қабылдау керек. Жатыры алынып тасталмаған әйелдерге 28 күндік циклдің әр 4 аптасында 12-14 күн бойы прогестагенді қосымша қабылдау ұсынылады. Бұрын эндометриоз диагнозы қойылмаған әйелдерге қосымша прогестаген қабылдау ұсынылмайды. • Прогинова® 2 мг препаратымен емді қалай бастау керек Егер әйелдің жатыры алынып тасталмаған, әлі де етеккір оралымы жалғасып жатқан болса, етеккірден кейінгі фазада басталатын, қандай да бір гестогенмен бірге Прогинова® препаратымен біріктірілген емдеу сызбасын етеккір оралымының бірінші күні бастау керек. Аменореясы бар немесе өте сирек етеккірі бар пациенттер, жүктілік жоққа шығарылған жағдайда, емді кез келген уақытта бастай алады. Үздіксіз, біріктірілген ОГЕ-нің басқа түрінен ауысу кезінде Прогинова® препаратымен емдеуді кез келген уақытта бастауға болады. ОГЕ циклдік немесе үздіксіз жүйелі режимдерінен ауысу кезінде циклді аяқтау керек, содан кейін емдеудегі үзіліссіз, Прогинова® препаратымен емдеуге өту керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақ болып табылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.