+200 бонус

ПРЕСТИЛОЛ 5 мг/5 мг №30 таблеток

4010 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл и бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Les Laboratoires Servier Industrie
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: Периндоприл аргинині 5.00 мг 10.00 мг 5.00 мг 10.00 мг (периндоприл негізіне баламалы (3.395 мг) (6.790 мг) (3.395 мг) (6.790 мг) Бисопролол фумараты 5.00 мг 5.00 мг 10.00 мг 10.00 мг (бисопролол негізіне баламалы) (4.24 мг) (4.24 мг) (8.49 мг) (8.49 мг) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза рH 102, құрамында крахмал бар кальций карбонаты (E170), желатинделген жүгері крахмалы, А типті натрий крахмалы гликолаты (E468), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты (E572), натрий кроскармеллозасы (E468), үлбірлі қабық құрамы: глицерин (E422), гипромеллоза (Е464), макрогол 6000, магний стеараты (E572), титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), тазартылған су.
Қолданылуы
Препаратты: - артериялық гипертензияны емдеуде - жүректің тұрақты ишемиялық ауруында (миокард инфарктісі және/немесе реваскуляризация бар пациенттерде) - сол дозаларда бисопролол мен периндоприлді бір мезгілде қабылдау арқылы аурудың талапқа сай бақылануына жеткен ересек пациенттерде сол жақ қарыншаның систолалық функциясының төмендеуімен тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу кезінде орын басу препараты ретінде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне, сондай-ақ басқа ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштеріне жоғары сезімталдық Жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне инотропты ем қажет болатын жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация көріністері. Кардиогенді шок. ІІ немесе ІІІ дәрежедегі АV блокадасы (электрокардиостимуляторсыз). Синустық түйіннің әлсіздік синдромы. Синоатриальді блокада. Клиникалық айқын брадикардия. Клиникалық айқын гипотензия. Ауыр бронх демікпесі немесе өкпенің созылмалы ауыр обструкциялық ауруы. Шеткері артериялардың окклюзиялық зақымдануының ауыр түрлері немесе Рейно ауруының ауыр түрлері. Емделмеген феохромоцитома. Метаболизмдік ацидоз. Анамнездегі АӨФ тежегішін қабылдаумен байланысты ангионевроздық ісіну. Тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері Қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м²) бар пациенттерде Престилол® препаратын алискирен негізіндегі препараттармен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил және валсартан терапиямен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил мен валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен Престилол® емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралық болуы керек.. Қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуы болатын экстракорпоралді емшаралар. Бүйрек артерияларының айқын екі жақты стенозы немесе жұмыс істейтін жалғыз бүйрек артериясының стенозы.
Дозасы
Әдеттегі дозалау режимі — тәулігіне бір рет 1 таблетка. Пациенттің жай-күйі сол дозаларда бисопролол мен периндоприлді қолдану аясында кем дегенде 4 апта бойы тұрақты болуы тиіс. Бекітілген дозамен біріктірілімі бастапқы емге сай келмейді. Тұрақты жай-күйге 2,5 мг бисопролол және 2,5 мг периндоприл қолдану аясында жеткен пациенттер тәулігіне бір рет 5 мг / 5 мг таблетканы жартылай қабылдау керек. Тұрақты жай-күйге 2,5 мг бисопролол және 5 мг периндоприл қолдану аясында жеткен пациенттер тәулігіне бір рет 5 мг / 10 мг таблетканы жартылай қабылдау керек. Дозаны өзгерту қажет болса, препарат компоненттерінің дозаларын бөлек титрлеу керек. Пациенттердің ерекше санаттары Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге ұсынылатын Престилол® дозасы төменде 1 кестеде көрсетілгендей креатинин клиренсіне байланысты белгіленеді. 1 кесте. Бүйрек функциясының бұзылуында дозаны түзету

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.