+144 бонус

ПРЕСТАРИУМ 5 мг №30 таб

2880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Les Laboratoires Servier Industrie
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5 мг периндоприл аргинині (3,395 мг периндоприлге баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, мальтодекстрин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі) қабық: * ашық жасыл түсті жабын қоспасы * Sepifilm 4193 (глицерин, гипромеллоза, мыс хлорофиллині (E141ii), макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы (Е171),
Қолданылуы
артериялық гипертензияда созылмалы жүрек жеткіліксіздігі тұрақты ЖИА: тұрақты ЖИА бар пациенттерде жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін төмендетуде.
Қарсы көрсетілімдер
периндоприлге және препараттың басқа құрамдас компоненттеріне немесе кез келген басқа АӨФ тежегішіне аса жоғары сезімталдық АӨФ тежегіштерімен алдыңғы емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын / идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің екінші және үшінші триместрі қант диабетінен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м²) зардап шегіп жүрген пациенттерде алискиренмен біріктіріп қабылдау сакубитрил/валсартан емімен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен Престариум® 5 мг препаратымен емдеуді бастау арасында кем дегенде 36 сағат аралықты сақтау керек қанның теріс зарядталған беттермен жанасуына әкелетін экстракорпоральді емдеу бүйрек артериясының елеулі екі жақты стенозы немесе жалғыз қызмет атқаратын бүйрек артериясының стенозы тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Препаратты таңертең тамақтану алдында, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады. Артериялық гипертензияны емдеген кезде Престариум5 мг препараты монотерапия ретінде немесе басқа топтағы гипотензиялық препараттармен біріктіріп пайдаланылуы мүмкін. Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет (таңертең) 5 мг, қажет болған кезде доза біртіндеп тәулігіне 2 таблеткаға дейін (10 мг) арттырылуы мүмкін. «Ренин-ангиотензин-альдостерон» жүйесінің айқын белсенділенуі кезінде (атап айтқанда, реноваскулярлық гипертензиясы, электролиттік бұзылулары және/немесе айналымдағы қан көлемі (АҚК) төмендеген, жүрек функциясының декомпенсациясы немесе ауыр гипертензиясы) бар пациенттерде алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысым күрт төмендеуі мүмкін. Мұндай пациенттерді емдеуді қатаң бақылай отырып, 2,5 мг дозадан бастау ұсынылады. 1 ай емдегеннен кейін дозаны күніне 1 рет 10 мг дейін арттыруға болады. Егде жастағы артериялық гипертензиясы бар пациенттерді емдеу басталғаннан кейін бір айдан соң 5 мг дейін, содан кейін бүйректің функционалдық жағдайына байланысты 10 мг дейін (төмендегі кестені қараңыз) біртіндеп ұлғайта отырып, емдеуді 2,5 мг дозадан бастау керек. Клиникалық көріністері бар созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде ұсынылатын доза – тәулігіне жарты таблетка (2,5 мг). Диуретиктермен және/немесе дигоксинмен және/немесе β-блокаторлармен препаратты қолдануды мұқият медициналық қадағалаумен бастау қажет, ұсынылатын бастапқы доза таңертең 2,5 мг құрайды. Жақсы төзімділік жағдайында дозаны кемінде 2 апта аралығын сақтай отырып, күніне 1 рет 5 мг дозаға жеткенге дейін кезең-кезеңімен 2,5 мг-ға арттырады. Мұндай түзетудің негізі әрбір нақты пациенттің клиникалық реакциясы болуы тиіс. Жіті медициналық бақылаумен ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді және қауіп дәрежесі жоғары басқа да пациенттерді (бүйрек функциясының бұзылуы бар және электролиттік бұзылу үрдісі бар пациенттер, диуретиктермен және/немесе тамыр кеңейтетін препараттармен бір мезгілде емделетін пациенттер) емдеу басталуы тиіс. Клиникалық көріністері бар гипотензия қаупі жоғары пациенттерге, мысалы, гипонатриемиясы бар немесе онсыз тұз тапшылығы бар пациенттерге, гиповолемиясы бар пациенттерге немесе диуретиктердің жоғары дозаларымен емделетін пациенттерге мүмкіндігінше Престариум5 мг препаратын қабылдау басталғанға дейін көрсетілген жағдайларға түзету жүргізген жөн. Престариум5 мг препаратымен емдеуді бастағанға дейін және оның барысында қан қысымын, бүйрек қызметін және сарысудағы калий деңгейін мұқият бақылау керек. Жүректің ишемиялық ауруын емдегенде препаратты қабылдауды 2 апта бойы күніне 1 рет 5 мг дозадан бастаған жөн, содан кейін бүйректің жағдайына байланысты және 5 мг доза жағымдылығы жақсы болғанда күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыру керек. Егде жастағы пациенттер емдеуді 1 апта бойы күніне 1 рет 2,5 мг дозадан бастаған жөн, содан кейін 1 апта бойы – күніне 1 рет 5 мг-ден, содан кейін тәуліктік дозаны бүйрек функциясына байланысты 10 мг дейін арттыру керек (төмендегі кестені қараңыз). Дозаны мұның алдындағы өте төмен дозаның жағымдылығы жақсы болған жағдайда ғана арттырады. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге арналған доза төменде берілген кестеге сәйкес креатинин клиренсіне байланысты таңдап алынуы тиіс: Креатинин клиренсі (КК), мл/мин Ұсынылған доза КК≥ 60 Күніне 5 мг 30<КК<60 Күніне 2,5 мг 15<КК<30 Күніне 2,5 мг күнара Гемодиализдегі пациенттер* КК<15 Диализ күні 2,5 мг * Периндоприлаттың диализдік клиренсі 70 мл/мин құрайды. Гемодиализде жүрген пациенттер препаратты диализ сеансынан кейін қабылдауы тиіс. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Балалар мен жасөспірімдер 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде периндоприлдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.