+175 бонус

ПРЕСТАРИУМ 10 мг №30 табл

3510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Лаборатории Сервье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10 мг периндоприл аргинині (6,790 мг периндоприлге баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, мальтодекстрин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі) қабық: * * жасыл түсті жабын үшін қоспа, макрогол 6000, * * * Sepifilm NT 3407 (глицерин, гипромеллоза, мыс хлорофиллині (E141ii), макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы (Е171)
Қолданылуы
артериялық гипертензияда тұрақты ЖИА: тұрақты ЖИА бар пациенттерде жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін төмендетуде.
Қарсы көрсетілімдер
периндоприлге және препараттың басқа құрамдас компоненттеріне немесе кез келген басқа АӨФ тежегішіне аса жоғары сезімталдық осының алдындағы АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің екінші және үшінші триместрі қант диабетінен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м²) зардап шегіп жүрген пациенттерде алискиренмен біріктіріп қабылдау сакубитрил/валсартан терапиясымен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен Престариум® 10 мг препаратымен емдеуді бастау арасында кем дегенде 36 сағат аралықты сақтау керек қанның теріс зарядталған беткі жақтармен жанасуына әкелетін экстракорпоральді емдеу бүйрек артериясының елеулі екі жақты стенозы немесе жалғыз қызмет атқаратын бүйрек артериясының стенозы тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Препаратты таңертең тамақтанар алдында, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады. Артериялық гипертензияны емдеген кезде Престариум10 мгпрепараты монотерапия ретінде немесе басқа топтағы гипотензиялық препараттармен біріктіріп пайдаланылуы мүмкін. Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет (таңертең) 5 мг, қажет болған кезде доза біртіндеп тәулігіне 2 таблеткаға дейін (10 мг) арттырылуы мүмкін. «Ренин-ангиотензин-альдостерон» жүйесінің айқын белсенділенуі кезінде (атап айтқанда, реноваскулярлық гипертензиясы, электролиттік бұзылулары және/немесе айналымдағы қан көлемі (АҚК) төмендеген, жүрек функциясының декомпенсациясы немесе ауыр гипертензиясы) бар пациенттерде алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысым күрт төмендеуі мүмкін. Мұндай пациенттерді емдеуді қатаң бақылай отырып, 2,5 мг дозадан бастау ұсынылады. 1 ай емдегеннен кейін дозаны күніне 1 рет 10 мг дейін арттыруға болады. Егде жастағы артериялық гипертензиясы бар пациенттерді емдеуді 2,5 мг дозадан бастап, емдеу басталғаннан кейін бір айдан соң 5 мг дейін, содан кейін бүйректің функционалдық жағдайына байланысты 10 мг дейін (төмендегі кестені қараңыз) біртіндеп ұлғайту керек. Жүректің ишемиялық ауруын емдегенде препаратты қабылдауды 2 апта бойы күніне 1 рет 5 мг дозадан бастаған жөн, содан кейін бүйректің жағдайына байланысты және 5 мг доза жағымдылығы жақсы болғанда күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыру керек. Егде жастағы пациенттер емдеуді 1 апта бойы күніне 1 рет 2,5 мг дозадан бастаған жөн, содан кейін 1 апта бойы – күніне 1 рет 5 мг-ден, содан кейін тәуліктік дозаны бүйрек функциясына байланысты 10 мг дейін арттыру керек (төмендегі кестені қараңыз). Дозаны алдыңғы доза неғұрлым төмен болған жағдайда жақсы төзген болса ғана көтереді. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге арналған доза төменде берілген кестеге сәйкес креатинин клиренсіне байланысты таңдап алынуы тиіс: Креатинин клиренсі (КК), мл/мин Ұсынылған доза КК≥ 60 Күніне 5 мг 30<КК<60 Күніне 2,5 мг 15<КК<30 Күніне 2,5 мг күнара Гемодиализдегі пациенттер* КК<15 Диализ күні 2,5 мг * Периндоприлаттың диализдік клиренсі 70 мл/мин құрайды. Гемодиализде жүрген пациенттер препаратты диализ сеансынан кейін қабылдауы тиіс. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер Престариум® 10 мг осы жас тобындағы пациенттерде препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге тағайындамау керек. Қазіргі уақытта 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде периндоприлді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жеткілікті мәліметтер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.