+261 бонус

ПРЕСТАНС 10 мг/10 мг №30 таб Периндоприл/ Амлодипин

5230 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Ирландия
  • Өндіруші: Ле Лаборатуар Сервье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар 5 мг/5 мг таблеткалар периндоприл аргинині 5 мг (3,395 мг периндоприлге баламалы) амлодипин бесилаты 6,935 мг (5 мг амлодипинге баламалы), 10 мг/5 мг таблеткалар периндоприл аргинині 10 мг (6,790 мг периндоприлге баламалы) амлодипин бесилаты 6,935 мг (5 мг амлодипинге баламалы), 5 мг/10 мг таблеткалар периндоприл аргинині 5мг (3,395 мг периндоприлге баламалы) амлодипин бесилаты 13,870 мг (10 мг амлодипинге баламалы), 10 мг/10 мг таблеткалар периндоприл аргинині 10 мг (6,790 мг периндоприлге баламалы) амлодипин бесилаты 13,870 мг (10 мг амлодипинге баламалы), қосымша заттар микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Престанс периндоприл мен амлодипинді сол дозаларда бір мезгілде қолдану арқылы ауруды тиісті бақылауға қол жеткізілген эссенциальді гипертензиясы және/немесе тұрақты жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерді орын басу емі ретінде емдеу үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
Периндоприлмен байланысты: әсер етуші затқа немесе басқа АӨФ тежегіштеріне, дигидропиридин туындыларына және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық АӨФ тежегіштерімен алдыңғы ем аясында анамнезінде ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну, жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану (ШСЖ< 60мл/мин/1,73м²) сакубитрилмен / валсартанмен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил мен валсартанның соңғы дозасын қабылдау және Престанс препаратымен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет. қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына әкелетін экстракорпоральді емдеу бүйрек артериясының маңызды екі жақты стенозы немесе бір жұмыс істейтін бүйректегі артерия стенозы тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға 18 жасқа дейінгі балалар Амлодипинмен байланысты: ауыр гипотензия әсер етуші затқа немесе басқа АӨФ тежегіштеріне, дигидропиридин туындыларына және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық шок, оның ішінде кардиогенді сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы (мысалы, қолқаның елеулі стенозы) жедел миокард инфарктісінен кейінгі жүрек жеткіліксіздігі Престанс препаратымен байланысты Жекелеп компоненттердің әрқайсысына байланысты барлық жоғарыда көрсетілген қолдануға болмайтын жағдайлар белгіленген Престанс біріктіріліміне таралады.
Дозасы
Ересектер: Престанс күніне 1 таблеткадан, таңертең тамақ ішер алдында қабылданады. Ең жоғары бір реттік және тәуліктік доза-1 таблетка. Бекітілген біріктірілім бастапқы ем үшін қолайлы емес. Қажет болса, Престанс препаратының дозасын жеке таңдау немесе оны бос біріктіріліммен ауыстыру ұсынылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер және егде жастағы пациенттер: Периндоприлаттың шығарылуы егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде баяулайды. Сондықтан әдеттегі медициналық бақылауға креатинин мен калий деңгейін жиі бақылау кіруі керек. Креатинин клиренсі (КК) ≥60 мл/мин кезінде дозаны түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі <60 мл/мин пациенттер үшін жекелеген компоненттердің дозасын жеке титрлеу ұсынылады. Егде жастағы және жас пациенттерде ұқсас дозаларда қолданылатын амлодипин бірдей жақсы қабылданады. Егде жастағы пациенттер үшін әдеттегі дозалау режимдері ұсынылады, бірақ дозаны жоғарылату сақтықты қажет етеді. Амлодипиннің плазмалық концентрациясының өзгеруі мен бүйрек функциясының бұзылу дәрежесі арасында корреляция байқалмайды. Амлодипин диализ арқылы шығарылмайды. Емдеу ұзақтығын дәрігер жеке белгілейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерге арналған ұсынымдар белгіленбеген, сондықтан дозаны абайлап таңдап, бар дозалардың ең төменінен қабылдауды бастау керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін оңтайлы бастапқы және демеуші дозаны анықтау үшін амлодипин мен периндоприлдің бос біріктірілімін пайдалана отырып, дозаларды жеке іріктеу жүргізу керек. Балалар мен жасөспірімдер Престанс балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындауға болмайды, өйткені пациенттердің осы санатында периндоприл мен амлодипин біріктірілімінің тиімділігі мен төзімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.