ПРЕНЕССА 8 мг №30 таб

2510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 2 мг, 4 мг немесе 8 мг периндоприл терт-бутиламині, қосымша заттар: кальций хлориді гексагидраты, лактоза моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
Қолданылуы
Артериялық гипертензия: – артериялық гипертензияны емдеу Жүрек жеткіліксіздігі: клиникалық көріністері бар жүрек жеткіліксіздігін емдеу Жүректің тұрақты ишемиялық ауруы: – анамнезінде миокард инфарктісі және/немесе реваскуляризациясы бар пациенттерде жүрек-қантамыр асқынулары қаупінің төмендеуі
Қарсы көрсетілімдер
Пренесса® препаратын қабылдамаңыз: – егер периндоприлге немесе осы дәрінің басқа ингредиенттерінің қандай да біріне немесе кез келген басқа ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегішіне аллергия болса; – егер осының алдында АӨФ тежегішімен емделу кезінде ысқырықты дем алу, бет, тіл немесе тамақтың ісінуі, қатты қышыну немесе терінің қатты бөртуі сияқты симптомдар болса немесе егер сізде немесе сіздің отбасыңыздың мүшесінде осы симптомдар кез келген басқа жағдайларда болса (жай-күй ангионевроздық ісіну деп аталады); – 3 айдан асқан мезімдегі жүктілік болса; сондай-ақ жүктіліктің ерте мерзімдерінде Пренесса® препаратын қабылдамаған дұрыс («Жүктілік немесе лактация кезінде» бөлімін қараңыз); – егер диабет немесе бүйрек функциясының бұзылуы болса және сіз құрамында алискирен бар артериялық қысымды төмендетуге арналған препаратты қабылдап жүрсеңіз; - егер диализ немесе қан фильтрациясының кез келген басқа типін жүргізу жоспарланса. Сіз қолданатын жабдық түріне байланысты периндоприл сізге сәйкес келмеуі мүмкін. - егер ангионевроздық ісіну қаупінің жоғарылауына байланысты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылатын сакубитрил/валсартан қабылдаған болсаңыз немесе қазір қабылдап жатсаңыз (тамақ сияқты аймақта тері астының жылдам ісінуі). - бүйрек артериясының айқын екі жақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы Егер жоғарыда атап көрсетілгендердің қандай да бірі сізге қатысты болса, өз дәрігеріңізге қаралыңыз.
Дозасы
Осы дәріні үнемі дәл өз дәрігеріңіз ұсынған үлгіде қабылдаңыз. Сұрақтар туындағанда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Артериялық гипертензия Гипертензияны емдеуге арналған әдеттегі бастапқы және демеуші доза күніне бір рет 4 мг құрайды. Бұл дозаны күніне бір рет 8 мг периндоприлге дейін арттыруға болады. 8 мг доза - жоғары қан қысымы үшін ұсынылатын ең жоғары доза. Егер сіз 65 жаста және одан асып кеткен болсаңыз, әдеттегі бастапқы доза күніне бір рет 2 мг құрайды. Бір айдан соң оны күніне бір рет 4 мг дейін, ал артынан, қажет болса, күніне бір рет 8 мг дейін арттыруға болады. Жүрек жеткіліксіздігі Жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған әдеттегі доза күніне бір рет 2 мг құрайды. Жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған әдеттегі бастапқы доза тәулігіне бір рет 2 мг құрайды. Екі апталық емдеуден кейін дозаны тәулігіне бір рет 4 мг периндоприлге дейін арттыруға болады, бұл жүрек жеткіліксіздігі үшін ұсынылатын ең жоғары доза. Тұрақты ишемиялық ауру Әдеттегі бастапқы доза тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Екі аптадан соң дозаны күніне бір рет 8 мг дейін арттыруға болады, бұл осы көрсетілімде ең жоғары ұсынылатын доза болып табылады. Егер сіз 65 жаста және одан асып кеткен болсаңыз, әдеттегі бастапқы доза күніне бір рет 2 мг құрайды. Бір аптадан соң оны күніне бір рет 4 мг-ға дейін, ал тағы бір аптадан соң күніне бір рет 8 мг дейін арттыруға болады. Емдеу курсы бойына сіздің дәрігеріңіз дозаны емдеу әсеріне және сіздің жай-күйіңізге сәйкес түзетеді. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге, реноваскулярлы гипертензиясы бар пациенттерге, гемодиализде жүрген пациенттерге, бұрын диуретикпен ем қабылдаған пациенттерге және егде жастағы пациенттерге арналған препарат дозасын емдеуші дәрігер белгілеуі тиіс. Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Дозалау бойынша ұсыныстар белгіленбеген. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерде препаратты қолдану ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткілікіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозалау төмендегі кестеде көрсетілгендей креатинин клиренсіне негізделуі тиіс: Кесте: Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны түзету Креатинин клиренсі (мл/мин) Ұсынылған доза КК 60 4 мг/ тәулік 30 < КК < 60 2 мг/тәулік 15 < КК < 30 2 мг тәулік сайын Гемодиализде жүрген пациенттер*, КК< 15 2 мг диализ күні *Периндоприлдің диализ клиренсі 70 мл/мин құрайды. Гемодиализде жүрген пациенттерге препаратты диализ емшарасынан кейін қолдану керек. Енгізу әдісі және жолы Таблетканы таңертеңгілік тамақтану алдында жеткілікті сұйықтық мөлшерімен қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігер әркімге жеке белгілеуі тиіс. Егер сізде Пренесса® препаратының тым күшті немесе тым әлсіз сияқты әсер болса, өз дәрігеріңізбен сөйлесу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.