+280 бонус

ПРЕКСЕТИЛ ДР 10 мг/10 мг №30 таб

5600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Доксиламин, комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Илко Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: доксиламин сукцинаты 10.00 мг, пиридоксин гидрохлориді 10.00 мг, қосымша заттар: маннитол, кальций гидрофосфаты дигидраты, гидроксипропилметилцеллюлоза, магний стеараты, жабатын үлбір материал-1: опадрай мөлдір YS-l-19025-Aa, тазартылған су*, ішекте еритін қабыққа арналған материал: ақ 93018509b жасалған акрил, тазартылған су*, жабатын үлбір материал-2: опадрай ақ YS-1-7003c, тазартылған су*. * Тазартылған су қабықтың ерітіндісін дайындау үшін қолданылады. Дайын препаратта болмайды. a: Опадрай мөлдір YS-1-19025-а үлбірлі қабық материалы құрамында гипромеллоз және полиэтиленгликоль бар. b: Ақ 93018509 үлбірлі қабық материалынан жасалған акрил құрамында метакрил қышқылы мен этилакрилат сополимері, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтилцитрат, коллоидты кремний диоксиді, натрий бикарбонаты, натрий лаурилсульфаты бар. с: Опадрай ақ YS-1-7003 үлбірлі қабық материалы құрамында гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, полисорбат 80 бар.
Қолданылуы
- консервативті ем тиімсіз болғанда жүкті әйелдерде жүрек айнуы мен құсуды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- доксиламин сукцинатына, этаноламин туындыларының басқа антигистаминдік препараттарына, пиридоксин гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - препараттың орталық жүйке жүйесіне жағымсыз реакцияларының күшеюіне және ұзаруына байланысты моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қолдану
Дозасы
Емдеудің алғашқы күні Прексетил ДР препаратының ұсынылатын дозасы ұйықтар алдында екі таблетканы құрайды. Келесі күні симптомдарға бақылау қойылған жағдайда ұйықтар алдында тәулігіне екі таблеткадан қабылдауды жалғастыру ұсынылады. Егер симптомдар 2-ші күні түске дейін сақталса, әдеттегі дозаны қабылдайды – ұйықтар алдында екі таблетка, сосын 3-ші күннен бастап үш таблетка қабылдайды (таңертең бір таблетка және ұйықтар алдында екі таблетка). Егер симптомдар 4-ші күнге дейін сақталса, 4-ші күннен бастап төрт таблетка қабылдайды (таңертең бір таблетка, күннің ортасында бір таблетка және ұйықтар алдында екі таблетка). Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза төрт таблетканы құрайды (таңертең бір таблетка, күннің ортасында бір таблетка және ұйықтар алдында екі таблетка). Пациенттердің ерекше топтары Балалар Прексетил ДР препараты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған. Балаларда доксиламиннің артық дозалануында өліммен аяқталған оқиғалар туралы хабарланды. Артық дозалануға кома, құрысулар және кенеттен жүрек ұстамасы тән. Балалар, шамасы, жүрек ұстамасының жоғары қаупіне бейім. Балалар үшін 1.8 мг/кг асатын доза уытты болып саналады. 3 жастағы бала 1000 мг доксиламин сукцинатын қабылдағаннан кейін 18 сағаттан соң қайтыс болды. Дегенмен, қабылданған доксиламин мөлшері, плазмадағы доксиламин деңгейі және клиникалық симптоматика арасында өзара байланыс байқалмайды. Егде жастағы пациенттер Деректер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Прексетил ДР препаратын қолдану зерттелмеген. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Прексетил ДР препаратын қолдану зерттелмеген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.