+34 бонус

ПРЕДНИЗОЛОН-АДЖИО 5 мг №100 таб

690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Преднизолон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Agio Pharmaceuticals Ltd
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5 мг преднизолон қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, повидон-30, натрий крахмалы гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
Қолданылуы
Преднизолон 5 мг таблеткалары глюкокортикостероидтармен жүйелі емдеуге сезімтал барлық аурулар кезіндегі көрсетілімдерге және препараттың дозасына байланысты қолдануға арналған. Фармакодинамикалық ем: коллагеноздарды қоса, ревматизм ауруларында аллергиялық ауруларда (аллергиялық ринит, бронх демікпесі, есекжем, дәріге аллергия) тыныс алу жолдарының ауруларында: созылмалы бронхитте (бактерияға қарсы еммен бірге тағайындалады) өкпе фиброзында, саркоидозда ойық жаралы илеит/ колит сияқты ішектің қабыну ауруларында бүйректің кейбір ауруларында (аздаған өзгерістермен пролиферациялық гломерулонефрит (липоидтық нефроз), нефроздық синдром) жедел ауыр дерматоздарда (кәдімгі сулы бөртпе, эритродермия, Лайелл синдромы) тромбоцитопениялық пурпура, аутоиммундық көріністермен созылмалы лимфаденоз (гемолиздік анемия, тромбопения) сияқты қан ауруларында ісіктерде (химиотерапиямен біріктіріп қолданылады) Орын басушы ем: Бүйрек үсті безі қыртысының (Аддисон ауруында) және гипофиздің алдыңғы бөлігінің бастапқы жеткіліксіздігінде (Шихан синдромында). Преднизолон бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі кезіндегі алғашқы таңдау препараты емес. Алғашқы таңдау препараттары гидрокортизон мен кортизон болып табылады. Адреногениталий синдромы кезінде супрессиялық ем үшін.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, басқа стероидтарға немесе препарттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүйелі микоздар кортикостероидтармен иммуносупрессиялық терапияны жүргізу кезінде тірі вирустық немесе бактериялық вакциналармен вакциналау қарсы көрсетілімді (толық емес иммундық реакция әлсіретілген тірі вакцинаның инфекциялық ауру тудырауына мүмкіндік беруі мүмкін) Ұзақ емдеу кезінде: ойық жара ауруы остеопороздың ауыр түрлері ауыр миопатия (жүкті әйелдердегі миастенияны қоспағанда) психиатриялық анамнез жедел вирустық инфекциялар (белдемелі герпес, қарапайым герпес, желшешек) созылмалы белсенді гепатит (Hbs Ag-оң реакциямен) глаукома полиомиелит БЦЖ екпесінен кейінгі лимфаденит пре- және поствакциналық кезең (вакциналауға дейінгі 8 апта және вакциналаудан кейінгі 2 апта)
Дозасы
Ересектер: Қабыну аурулары: әдеттегі дозасы емделетін ауруға байланысты тәулігіне 5-тен 60 мг дейін ауытқып тұрады. Жалпы алғанда, бүкіл күнделікті дозасы таңертеңгі сағат 6 мен 8 аралығында (циркадтық ем) қабылдануы тиіс. Орын басушы ем: ұсынылатын бастапқы доза 2 қабылдауға бөлінген 5 мг құрайды: таңертең және кешке. Пациенттердің ерекше топтары Гипотиреозы бар пациенттер: Гипотиреозы бар пациенттерде дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер: Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде гипоальбуминемияның себебінен ақуыздармен байланысуының төмендеуі салдарынан ауыр жағымсыз реакциялардың дамуы ықтималырақ. Дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Балалар мен жасөспірімдер: Деректер жоқ. Өсудің тежелуіне қатысты қауіпке, әсіресе, балалар ұшырайды деп есептеледі (4.4 және 4.8 бөлімдерін қараңыз), сондықтан препаратты пайдалану көрсетілімі балалардың жай-күйлерін айрықша қатаң бағалауды талап етеді. Балаларда өсу кезеңінде емдеу негізінен, кезеңдік немесе үзілістермен болуы тиіс. Дозасын қанағаттанарлық клиникалық жауапты қамтамасыз ететін және жағымсыз әсерлерді өте аз тудыратын дозаға дейін біртіндеп төмендету қажет. Қабынуға қарсы немесе иммуносупрессиялық әсерлері: преднизолонның әдеттегі дозасы тәулігіне 0,1–2 мг/кг құрайды. Дозаны тәулігіне 1–4 қабылдауға бөлуге болады. Ең аз тиімді дозасы, әдетте, клиникалық жауап бойынша анықталады. Бронх демікпесінің өршуі: преднизолонның әдеттегі дозасы тәулігіне 1–2 мг/кг құрайды. Бұл дозаны 3–5 күн ішінде тәулігіне 1–2 қабылдауға бөлуге болады. Орын басушы ем: әдеттегі дозасы тәулігіне 4–5 мг/м2 құрайды. Нефроздық синдром: әдеттегі дозасы тәулігіне 2 мг/кг құрайды (ең жоғары доза: тәулігіне 2–4 қабылданатын 60–80 мг). Егде жастағы пациенттер: Егде жастағы пациенттерде кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану қант диабетінің, артериялық гипертензияның, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі мен остеопороздың өршуін тудыруы мүмкін, сондай-ақ, депрессияның дамуына алып келуі мүмкін (4.8 бөлімін қараңыз). Жағымсыз реакциялардың қаупін азайту үшін, клиникалық тұрғыдан қанағаттанарлық әсерін қамтамасыз ететін ең аз тиімді дозасын ұстап тұру қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.