Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 5,00 мг преднизолон;
қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты (сүтті қант), желатин, кальций стеараты моногидраты, картоп крахмалы.
Қолданылуы
Препарат ересектерге мен 3 жастан бастап балаларда қолдануға көрсетілген.
дәнекер тінінің жүйелік ауруларында (жүйелік қызыл жегі, склеродермия, түйінді периартериит, дерматомиозит, ревматоидты артрит)
буындардың жедел және созылмалы қабыну ауруларында – подагралық және псориаздық артрит, остеоартрит (соның ішінде жарақаттан кейінгі), полиартрит, иық-жауырын периартриті, шорбуынданған спондилоартрит (Бехтерев ауруы), ювенильді артрит, ересектерде Стилл синдромы, бурсит, спецификалық емес тендосиновит, синовит және эпикондилит
ревматизмдік қызбада, жедел ревмокардитте
бронх демікпесінде, демікпелік статуста
жедел және созылмалы аллергиялық ауруларда – соның ішінде дәрілік заттарға және тағамдық өнімдерге аллергиялық реакциялар, сарысу құю ауруы, есекжем, аллергиялық ринит, Квинке ісінуі, дәрілік экзантема, поллиноз және т.б.
тері ауруларында – сулы бөртпе, псориаз, экзема, атопиялық дерматит (таралған нейродермит), жанаспалы дерматит (терінің үлкен беті зақымданған), токсидермия, себореялы дерматит, эксфолиативті дерматит, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), буллезді герпес түріндегі дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы
алдын ала парентеральді қолданудан кейінгі мидың ісінуінде (соның ішінде мидың ісінуі аясында немесе хирургиялық араласыммен, сәулемен емдеумен немесе бастың жарақаттануымен байланысты)
көздің аллергиялық ауруларында – конъюнктивиттің аллергиялық түрлері
көздің қабыну ауруларында – симпатикалық офтальмия, ауыр баяу ағымды алдыңғы және артқы увеиттер, көру жүйкесінің невриті
бүйрекүсті безі функциясының алғашқы немесе салдарлық жеткіліксіздігінде (соның ішінде бүйрекүсті бездерін алып тастағаннан кейін)
бүйрекүсті бездерінің туа біткен гиперплазиясында
генезі аутоиммундық бүйрек ауруларында (соның ішінде жедел гломерулонефрит); нефроздық синдромда (соның ішінде липоидты нефроз аясында)
жедел тиреоидитте
қан және қан түзу жүйесінің ауруларында – агранулоцитоз, панмиелопатия, аутоиммундық гемолиздік анемия, лимфо- және миелоидты лейкоздар, лимфогранулематоз, тромбоцитопениялық пурпура, ересектерде салдарлық тромбоцитопения, эритробластопения (эритроцитарлы анемия), туа біткен (эритроидты) гипоплазиялық анемия
өкпенің интерстициялық ауруларында – жедел альвеолит, өкпе фиброзы, ІІ-ІІІ сатыдағы саркоидоз
туберкулез менингитінде, өкпе туберкулезінде, аспирациялық пневмонияда (спецификалық химиялық емдеумен біріккен)
бериллиозда, Леффлер синдромында (басқа емге көнбейтін); өкпе обырында (цитостатиктермен біріктіріп)
шашыраңқы склерозда
асқазан-ішек ауруларында – ойық жаралы колит, Крон ауруы, жергілікті энтерит
гепатитте
ағзаларды ауыстырып салғанда трансплантаттың қабылданбай ажырау реакциясының профилактикасында
онкологиялық аурулар аясындағы гиперкальциемияда
миелома ауруында
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
лактаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
жүйелік микоз
препараттың иммуносупрессивті дозаларымен тірі және әлсіреген вакциналарды бір мезгілде қолдану
қарапайым герпес вирусымен шартталған көз инфекциясы (мөлдір қабықтың перфорациясы қаупінен)
некроз ошағының таралу қаупіне, тін тыртықтануы түзілуінің баяулауына және соның салдарынан жүрек бұлшықетінің жыртылуына байланысты жедел немесе жеделге жуық миокард инфарктісі болған пациенттерде препаратты қолдану
3 жасқа дейінгі балаларға
жүктіліктің III триместрі немесе лактация кезеңі
Дозасы
Препараттың барлық тәуліктік дозасын бір реттік қабылдау немесе екі еселенген тәуліктік дозаны күнара таңертеңгі сағат 6-дан 8-ге дейінгі аралықта глюкокортикостероидтардың эндогендік секрециясының циркадтық ырғағын ескере отырып, қабылдау ұсынылады. Жоғары тәуліктік дозаны 2-4 қабылдауға бөлуге болады, мұндайда таңертеңгісін үлкен дозада қабылдау керек. Препаратты ұзақ уақыт қабылдаған кезде тәуліктік дозаны біртіндеп азайту керек. Ұзақ мерзімді терапияны кенеттен тоқтатуға болмайды! Глюкокортикоидты терапия неғұрлым ұзақ қолданылған сайын қолдау дозасын тоқтату соғұрлым баяу жүргізіледі.
Жедел жағдайларда және орнын басу емі ретінде ересектерге тәулігіне бастапқы 20-30 мг дозада тағайындайды, демеуші доза тәулігіне 5-10 мг құрайды. Қажет болғанда бастапқы доза тәулігіне 15-100 мг, демеуші доза тәулігіне 5-15 мг құрауы мүмкін.
3 жастан бастап және одан үлкен балалар үшін бастапқы доза тәулігіне дене салмағының әр кг шаққанда 4-6 қабылданатын 1-2 мг, демеуші доза дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 0,3-0,6 мг құрайды.
Емдік әсері болған жағдайда, алдымен кештеу қабылданатындарды тоқтата отырып, дозаны біртіндеп 5 мг-ден, содан кейін 3-5 күн аралықпен 2,5 мг-ден төмендетеді.
Күйзеліс әсерлерінде (инфекция, аллергиялық реакция, жарақат, операция, жүйке күйзелісі) негізгі аурудың өршуіне жол бермеу үшін Преднизолонның дозасы уақытша арттырылуы тиіс (1,5-3 есе, ал ауыр жағдайларда – 5-10 есе).
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе тамақтанудан кейін ішке бірден сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдаған жөн.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ағымына байланысты, оны емдеуші дәрігер анықтайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.