Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсула құрамында
белсенді зат – 126,83 мг дабигатран этексилаты месилаты (110 мг дабигатран этексилатының бос негізіне баламалы),
қосымша заттар: гуммиарабик, ірі түйіршікті шарап қышқылы, шарап қышқылы, ұнтақ, кристалды шарап қышқылы, гипромеллоза 2910, диметикон, тальк, гидроксипропилцеллюлоза
капсула қабығының құрамы
корпус: каррагинан (Е407), калий хлориді, титанның қостотығы (Е171), индигокармин (Е132), гипромеллоза, тазартылған су
қақпақшасы: каррагинан (Е407), калий хлориді, титанның қостотығы (Е171), индигокармин (Е132), гипромеллоза, тазартылған су,
қара сия құрамы: шеллак, бутил спирті, изопропил спирті, темірдің қара тотығы (Е172), тазартылған су, пропиленгликоль, сусыз этил спирті, калий гидроксиді, концентрацияланған аммиак ерітіндісі.
Қолданылуы
ұршық немесе тізе буындарын тұтас эндопротездеу үшін жасалған жоспарлы операциялардан кейінгі науқастарда вена тромбоэмболияларының бастапқы профилактикасы.
келесі қауіп факторларының біреуі немесе бірнешеуі бар жүрекшелердің клапандық емес фибрилляциялары (ЖКЕФ) бар науқастарда инсульттің және жүйелі тромбоэмболияның алдын алу: инсульт алу, транзиторлы ишемиялық шабуыл, ≥ 75 жастағы кезең, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктеуіне сәйкес ≥ II класс), қант диабеті, гипертония.
терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сонымен қатар қайталамалы терең веналар тромбозының (ТВТ) және өкпе артериясы тромбоэмболиясының профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
Прадакса® препаратын келесі жағдайларда қабылдамаңыз:
– дабигатран этексилатына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі (КК) < 30 мл/мин) бар пациенттер
клиникалық мәнді қатты қан кету
ауқымды қан кетудің елеулі қаупімен байланысты ағза ауырулары (мысалы: асқазан ойық жарасының болуы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, жарақат немесе миға қан кету, таяуда өткерілген ми немесе көзге операция
қан кетуге бейімділіктің жоғарылауымен. Мұндай бейімділік туа біткен, белгісіз себебі болуы немесе басқа дәрілік препараттарды қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін
егер сіз антикоагулянттық емді ауыстыру жағдайларынан басқа, тромб пайда болуына келтіретін дәрілік препараттарды (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан немесе гепарин) қабылдасаңыз; орнатылған веноздық немесе артериялық катетердің болуы және оның бітелуіне жол бермеу үшін гепарин енгізу; немесе жүрекшелердің фибрилляциясы кезінде жүректің қалыпты ырғағын қалпына келтіру "радиожиілікті абляция"деп аталатын рәсімдер
бауыр функциясының ауыр бұзылулары немесе өлімге әкелуі мүмкін бауыр аурулары кезінде
егер сіз зең инфекциясын емдеуге арналған препараттар - кетоконазолды немесе итраконазолды пероральді қабылдасаңыз
егер сіз трансплантациядан кейін ағзалардан бас тартудың алдын алуға арналған препарат - циклоспоринді пероральді қабылдасаңыз
егер сіз жүрек ырғағының бұзылуын емдеуге арналған препарат – дронедарон қабылдасаңыз
егер сіз глекапревир/пибрентасвир белгіленген дозамен біріктірілімін қабылдасаңыз - С гепатитін емдеу үшін қолданылатын вирусқа қарсы препараттар
егер сізге жүректің жасанды клапаны орнатылған, сондықтан сіз үнемі қанды суйылту үшін препараттар қабылдау қажет болса
Дозасы
ПрадаксаP®P препаратын келесі көрсетілімдерге арналған ұсынымдарға сәйкес қабылдаңыз:
UОртопедиялық хирургияда вена тромбоэмболиясының бастапқы профилактикасы
Ортопедиялық хирургияда вена тромбоэмболиясының бастапқы профилактикасы үшін ұсынылатын ПрадаксаP®P препаратының дозасы және ем ұзақтығы 7 кестеде берілген.
7 кесте. Ортопедиялық хирургияда вена тромбоэмболиясының бастапқы профилактикасы үшін ұсынылатын ПрадаксаP®P препаратының дозасы және ем ұзақтығы
Операция жасалған күні операция аяқталуынан кейін 1-4 сағат өткен соң емдеуді бастау
Демеуші доза, операциядан кейін бірінші күннен бастап
Демеуші дозаның ұзақтығы
Тізе буынын эндопротездеу бойынша жоспарлы операциядан кейінгі пациенттерге
ПрадаксаP®P 110 мг препаратының бір капсуласы
ПрадаксаP®P 220 мг тәулігіне бір рет, яғни 110 мг 2 капсула
10 күн
Ұршық буынын эндопротездеу бойынша жоспарлы операциядан кейінгі пациенттерге
28-35 күн
UДозаны азайту ұсынылады
бүйректің орташа жеткіліксіздігі [КК 30-50 мл/мин] бар пациенттерге
ПрадаксаP®P 75 мг препаратының бір капсуласы
ПрадаксаP®P 150 мг тәулігіне бір рет, яғни 75 мг 2 капсула
10 күн (тізе буынын эндопротездеу) немесе 28-35 күн (ұршық буынын эндопротездеу)
верапамил*, амиодарон, хинидин препараттарымен қатарлас ем алатын пациенттерге
75 жастағы және одан асқан пациенттерге
* верапамилмен қатарлас ем алатын бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге, «Пациенттердің ерекше топтарын» қараңыз.
Екі жағдайда да, егер гемостаз тұрақсыз болса, емдеуді кейінге қалдыру керек. Егер емдеу операция күні басталмаса, емдеуді тәулігіне бір рет 2 капсуладан бастау керек.
ПрадаксаP®P препаратымен емдеуге дейін және ем кезінде бүйрек функциясын бағалау
Барлық пациенттер, әсіресе, егде жастағылар (75 жастан асқан) үшін, бүйрек функциясының бұзылуы осы жас тобындағы жиі құбылыс болуы мүмкін екендіктен:
дәрілік заттың бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі <30 мл/мин) бар пациенттерге тағайындалуына жол бермеу үшін креатинин клиренсін ПрадаксаP®P препаратын қабылдаудың басталуына дейін есептеу қажет.
бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына күмән туындағанда (мысалы, гиповолемия, дегидратация, кейбір дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау) емдеу кезінде бүйрек функциясына баға беру қажет.
Бүйрек функциясын (КК, мл/мин) бағалау кезінде Кокрофт-Голт формуласы пайдаланылады.
Өткізіп алынған доза
ПрадаксаP®P препаратының әдеттегі тәуліктік дозасын келесі күні дәл сол уақытта қабылдау ұсынылады. Жекелеген дозаларын өткізіп алған жағдайда препараттың екі есе дозасын қабылдауға болмайды.
Препаратты тоқтату
ПрадаксаP®P препаратымен емдеуді медициналық кеңес алмай тоқтатуға болмайды. Пациенттер, егер оларда диспепсия сияқты асқазан-ішек симптомдары дамыса, емдеуші дәрігерге қаралу қажет («Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімін қараңыз).
Препаратты ауыстыру
ПрадаксаP®P препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу
Антикоагулянттарды парентеральді енгізуді ПрадаксаP®P препаратының соңғы дозасын қабылдаудан кейін 24 сағат өткен соң бастау керек («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
ПрадаксаP®P препаратына парентеральді антикоагулянттармен емделуден ауысу
ПрадаксаP®P препаратын қабылдауды баламалы емнің келесі дозасын қолдану мерзіміне дейін 0-2 сағат ішінде немесе тұрақты емді (мысалы, фракцияланбаған гепаринді [ФГ] вена ішіне қолдануды) тоқтатумен бір мезгілде бастау керек («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
UПациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (КК<30мл/мин) бар пациенттерге ПрадаксаP®P препаратымен ем қарсы көрсетілімді («Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шараларын» қараңыз). Бүйрек функциясының орташа бұзылулары (КК 30-50мл/мин) бар пациенттерде дозаны азайту ұсынылады (7 кестені және «Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» бөлімін қараңыз).
ПрадаксаP®P препаратын P гликопротеин (P-gp) әлсіз немесе орташа тежегіштерімен, яғни амиодарон, хинидин немесе верапамилмен бір мезгілде қолдану
ПрадаксаP®P препаратының дозасын 7 кестеде көрсетілгендей азайту керек (сондай-ақ «Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз). Осындай жағдайларда ПрадаксаP®P препаратын осы препараттармен бір мезгілде қабылдау керек.
Бір мезгілде дабигатран этексилатымен және верапамилмен ем қабылдайтын бүйрек функциясының орташа бұзылулары бар пациенттер үшін ПрадаксаP®P препаратының дозасын тәулігіне 75 мг дейін азайту мәселесін қарастыру керек (сондай-ақ «Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге 75 жас дозаны азайту ұсынылады.
Дене салмағы
Препаратты дене салмағы <50 кг немесе >110 кг пациенттерде ұсынылатын дозаларында клиникалық қолдану тәжірибесі тым шектеулі. Ағымдағы клиникалық және кинетикалық деректерге сәйкес дозаны түзету қажет емес, алайда мұқият клиникалық қадағалау ұсынылады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» бөлімін қараңыз).
Жынысы
Дозалау режимін түзету қажет емес.
UБір немесе одан көп қауіп факторымен клапандық емес жүрекшелер фибрилляциясы (КЕЖФ) бар науқастарда инсульттің және жүйелі тромбоэмболияның алдын алу
UТерең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, терең веналардың қайталамалы тромбоздарының және өкпе артериясы тромбоэмболиясының профилактикасы
КЕЖФ, ТВТ, ӨАТЭ қолданылуына ПрадаксаP®P препаратының ұсынылатын дозасы 8 кестеде берілген.
8 кесте. Клапандық емес жүрекшелер фибрилляциясы (КЕЖФ) бар науқастарда инсульттің және жүйелі тромбоэмболияның алдын алуда, терең веналар тромбозын және өкпе артериясының тромбоэмболиясын емдеуде ұсынылатын ПрадаксаP®P препаратының дозасы
Ұсынылатын доза
Бір немесе одан көп қауіп факторымен клапандық емес жүрекшелер фибрилляциясы бар ересек пациенттерде инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның алдын алу
300 мг ПрадаксаP®P препараты күніне екі рет 150 мг 1 капсуладан
Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын емдеу (ӨАТЭ), терең веналардың қайталамалы тромбоздарының және өкпе артериясы тромбоэмболиясының профилактикасы
300 мг ПрадаксаP®P препараты күніне екі рет 150 мг 1 капсуладан кем дегенде 5 күн бойы парентеральді антикоагулянттар қолданудан кейін тағайындалады
UДозаны азайту ұсынылады
80 жастағы және одан асқан пациенттерге
ПрадаксаP®P препаратының 220 мг тәуліктік дозасы тәулігіне екі рет 110 мг бір капсуладан
верапамилмен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерге
Дозаны азайтуға болады
75-тен 80 жасқа дейінгі пациенттерге
ПрадаксаP®P препаратының 300 мг немесе 220 мг тәуліктік дозасы дәрігердің тромбоэмболиялық құбылыстар және қан кету қаупін әркімде жеке бағалауына байланысты
бүйрек функциясының орташа бұзылуы (КК 30-50 мл/мин) бар пациенттерге
гастрит, эзофагит немесе гастроэзофагеальді рефлюкс бар пациенттерге
қан кету қаупі жоғары басқа пациенттерге
Терең веналар тромбозында және өкпе артериясының тромбоэмболиясында ПрадаксаP®P препаратын 220 мг дозада тәулігіне екі рет 110 мг бір капсуладан қолдану қажеттілігі туралы нұсқау фармакокинетикалық және фармакодинамикалық талдау нәтижелеріне негізделген. Қосымша ақпаратты төменнен, сондай-ақ «Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз.
Дабигатран жақпаған жағдайда, пациенттер жүрекшелер фибрилляциясымен астасқан инсульттің және жүйелі тромбоэмболияның алдын алу және терең веналар тромбозы/өкпе артериясының тромбоэмболиясы үшін баламалы ем тағайындау мақсатында дереу дәрігерге қаралу керек.
UПрадаксаUP®PU препаратымен емделуге дейін және ем кезінде бүйрек функциясын бағалау
Барлық пациенттер, әсіресе егде жастағылар үшін (75 жастан асқан), осы жас тобында бүйрек функциясының бұзылуы жиі құбылыс болуы мүмкін екендіктен:
дәрілік заттың бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі <30 мл/мин) бар пациенттерге тағайындалуына жол бермеу үшін креатинин клиренсін ПрадаксаP®P препаратын қабылдаудың басталуына дейін есептеу қажет («Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» «Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі» бөлімдерін қараңыз).
бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына күмән туындағанда (мысалы, гиповолемия, дегидратация, кейбір дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау) емдеу кезінде бүйрек функциясына баға беру қажет.
Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін, сондай-ақ 75 жастан асқан пациенттер үшін қосымша талаптар:
ПрадаксаP®P препаратымен ем кезінде бүйрек функциясының төмендеуіне немесе нашарлауына күмән туындаған белгілі бір клиникалық жағдайларда (мысалы, гиповолемия, дегидратация, кейбір дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау) бүйрек функциясын жылына кем дегенде бір рет немесе одан жиірек тексеру керек.
Бүйрек функциясын (креатинин клиренсі, мл/мин) бағалау Кокрофт-Голт формуласы бойынша орындалады.
UҚолдану ұзақтығы
Клапандық емес жүрекшелер фибрилляциясымен науқастарда инсульттің және жүйелі тромбоэмболияның алдын алу үшін, терең веналар тромбозын/өкпе артериясының тромбоэмболиясын емдеуде ПрадаксаP®P препаратын қолдану ұзақтығы 9 кестеде берілген.
9 кесте. Клапандық емес жүрекшелер фибрилляциясымен науқастарда инсульттің және жүйелі тромбоэмболияның алдын алу үшін, терең веналар тромбозын/өкпе артериясының тромбоэмболиясын емдеуде ПрадаксаP®P препаратын қолдану ұзақтығы
Қолдануға көрсетілім
Қолдану ұзақтығы
Клапандық емес жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерде инсульттің және жүйелі тромбоэмболияның алдын алу
Емдеу ұзаққа созылатын уақыт бойына жалғасуы тиіс.
Терең веналар тромбозын және өкпе артериясының тромбоэмболиясын емдеу
Емдеу ұзақтығы емдеу пайдасы мен қан кету қаупін мұқият салыстырудан кейін әркімде жеке белгіленуі тиіс («Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» бөлімін қараңыз).
Емдеудің қысқа курсын (кемінде 3 айға созылатын) өткінші қауіп факторлары болғанда (мысалы: таяуда жасалған хирургиялық операция, жарақаттану, иммобилизация) жүргізген жөн, ал ұзағырақ курс — тұрақты қауіп факторлары немесе идиопатиялық терең веналар тромбозы және өкпе артериясының тромбоэмболиясы болғанда.
UӨткізіп алынған доза
ПрадаксаP®P препаратының өткізіп алған дозасын, егер дәрілік затты келесі қабылдауға дейін 6 сағат қалса, қабылдауға болады. Келесі дозаны жоспарлы қабылдауға дейін 6 немесе одан аз сағат қалатын сәттен бастап, өткізіп алған дозаны қабылдауға болмайды.
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін препараттың екі есе дозасын қабылдауға болмайды.
UПрадаксаUP®PU препаратымен емдеуді тоқтату
ПрадаксаP®P препаратымен емдеуді емдеуші дәрігермен кеңесусіз тоқтатуға болмайды. Асқазан-ішек жолы тарапынан осындай жағымсыз реакциялар дамығанда, пациенттер емдеуші дәрігерге қаралу қажет («Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімін қараңыз).
UПрепаратты ауыстыру
ПрадаксаP®P препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу
Антикоагулянттарды парентеральді енгізуді ПрадаксаP®P препаратының соңғы дозасын қабылдаудан кейін 12 сағат өткен соң бастау керек.
ПрадаксаP®P препаратына парентеральді антикоагулянттармен емдеуден ауысу
Баламалы препарат дозасын келесі жоспарлы қабылдау уақытына дейін 0-2 сағат ішінде немесе препаратты үздіксіз парентеральді енгізуді тоқтатқан (мысалы, фракцияланбаған гепаринді [ФГ] вена ішіне енгізу кезінде) сәтте парентеральді антикоагулянт қабылдауды тоқтату және ПрадаксаP®P препаратын қабылдауды бастау керек.
ПрадаксаP®P препаратымен емнен К дәрумені антагонистерін қабылдауға ауысу
К дәрумені антагонистерін қабылдаудың басталуы пациенттің креатинин клиренсін (КК) есепке ала отырып, келесі үлгіде түзетілуі тиіс:
• Егер КК ≥ 50 мл/мин болса, К дәрумені антагонистерін қабылдауды ПрадаксаP®P препаратын қабылдауды тоқтатуға дейін 3 күн бұрын бастау керек.
• Егер КК ≥ 30 - < 50 мл/мин болса, К дәрумені антагонистерін қабылдауды ПрадаксаP®P препаратын қабылдауды тоқтатуға дейін 2 күн бұрын бастау керек.
ПрадаксаP®P препараты ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынасты) ұзартуы мүмкін екендіктен, ПрадаксаP®P препаратын қабылдауды тоқтатудан кейін кемінде 2 күн К дәрумені антагонистерінің әсерін нақты көріністей алады. Осы уақытқа дейін ХҚҚ мәндерін абайлап түсіндіру керек.
К дәрумені антагонистерімен емдеуден ПрадаксаP®P препаратын қабылдауға ауысу
К дәрумені антагонистерін қабылдау тоқтатылуы тиіс. ПрадаксаP®P препаратын ХҚҚ 2,0 аз болған бойда қолдануға болады.
Кардиоверсия (ЖКЕФ)
Пациенттер кардиоверсия жүргізілгенде ПрадаксаP®P препаратын қабылдауды жалғастыра алады.
UЖүрекшелер фибрилляциясы кезіндегі катетерлік абляция (ЖКЕФ)
UКатетерлік абляцияда препарат UПрадаксаP®P 110 мг дозасына зерттеулер жүргізілмеген.
UСтенттеумен (ЖКЕФ)тері арқылы коронарлық араласу (ТКА)
Стенттеумен ТКА өткізілетін клапандық емес жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттер гемостазға жетуден кейін антиагреганттармен біріктірілімде ПрадаксаP®P препаратын қабылдай алады.
UПациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Осы қауымда дозаны түзету деректерін жоғарыда 8 кестеден қараңыз.
Қан кету қаупі жоғары пациенттер
Қан кету қаупі жоғары пациенттер мұқият клиникалық қадағалауда болуы тиіс (қан кету немесе анемия белгілерін анықтау үшін). Дозаны түзету туралы шешім нақты пациент үшін болжамды пайдасы мен қаупін бағалаудан кейін дәрігердің қалауымен қабылдануы тиіс (жоғарыдан 8 кестені қараңыз). Дабигатранның шамадан тыс әсеріне байланысты қан кету қаупі жоғары пациенттерді қан ұюына талдау жасау арқылы анықтауға болады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» бөлімін қараңыз). Қан кету қаупі жоғары пациенттерде дабигатранның шамадан тыс әсері анықталғанда препаратты 220 мг тәуліктік дозада (тәулігіне екі рет 110 мг бір капсуладан) қабылдау ұсынылады. Клиникалық мәнді қан кету туындаған жағдайда емді тоқтату керек.
Гастрит, эзофагит немесе гастроэзофагеальді рефлюкс бар пациенттерде ауқымды асқазан-ішектен қан кету қаупінің артуына байланысты препарат дозасын азайту мәселесін қарастыру керек (жоғарыдан 8 кестені және «Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесін» қараңыз).
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (КК <30 мл/мин) бар пациенттерге ПрадаксаP®P препараты қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Ауырлығы жеңіл дәрежедегі (КК 50 ≤ 80 мл/мин) бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының орташа бұзылулары бар (КК 30 – 50 мл/мин) пациенттерге де ПрадаксаP®P препаратын 300 мг тәуліктік дозада (тәулігіне екі рет 150 мг бір капсуладан) қабылдау ұсынылады. Алайда, қан кету қаупі жоғары пациенттерде ПрадаксаP®P препаратының тәуліктік дозасын 220 мг дейін азайту (тәулігіне екі рет 110 мг бір капсуладан қабылдау) мәселесін қарастыру керек. Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерді мұқият клиникалық қадағалау ұсынылады.
ПрадаксаP®P препаратын және Р-гликопротеиннің (P-gp) әлсіз және орташа тежегіштерін, мысалы, амиодарон, хинидин немесе верапамилді бер мезгілде қолдану
Препаратты амиодаронмен немесе хинидинмен бір мезгілде қолданғанда дозаны түзету қажет емес («Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары», «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).
Верапамилмен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде дозаны азайту қажет (8 кестені және «Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары», «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз). Осындай жағдайда ПрадаксаP®P препараты мен верапамилді бір сәтте қабылдау керек.
Дене салмағы
Дозаны түзету қажет емес, алайда, дене салмағы <50 кг пациенттерді мұқият клиникалық қадағалау ұсынылады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтану шаралары» бөлімін қараңыз).
Жынысы
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
ПрадаксаP®P препараты ішке қабылдауға арналған.
ПрадаксаP®P препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Препараттың асқазанға түсуін қамтамасыз ету үшін капсуланы толық бір стақан сумен ішіп, бүтіндей жұту қажет. Капсуланы сындырмаңыз, шайнамаңыз және одан түйіршікті шығармаңыз, өйткені бұл қан кету қаупін арттыруы мүмкін.
Блистерден шығарылуы туралы нұсқау
Төмендегі суретте ПрадаксаP®P препаратының блистерден қалай шығарылатыны бейнеленген
– капсулаларды пішінді қаптаманың фольгасы арқылы қыспаңыз,
– пішінді қаптаманың бір ұяшығын тесу сызығы бойымен бөліп алыңыз (1),
– фольганы ажыратып, ұяшықтан капсуланы шығарып алыңыз (фольганың ажыратылатын жері мен бағыты бағыттағыштармен көрсетілген) (2),
– тікелей қолданар алдында, егер тек капсуланы шығарып алу қажет болса, фольганы пішінді қаптамадан ажыратыңыз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.