+23 бонус

ПОВИДОН-ЙОД 50 мл р-р DF

475 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Повидон-йод
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Досфарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында: белсенді зат – повидон-йод, 10.0 г (белсенді йодқа қайта шаққанда – 1.0 г); қосымша зат – тазартылған су.
Қолданылуы
инфекцияларды емдеу және профилактикасы кезіндегі антисептикалық өңдеу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша затқа аса жоғары сезімталдық қалқанша без функциясының бұзылуы бүйрек жеткіліксіздігі герпес тәрізді Дюринг дерматиті радиоактивті йодты сцинтиграфияға немесе йодтың бәсекелес сіңуіне байланысты қалқанша безінің карциномасын емдеуге дейін және қолдану кезінде. Повидон-йодты қолданғаннан кейін қалқанша безді сцинтиграфиялау немесе емдеу үшін радиоактивті йодты қолданар алдында белгілі бір уақыт аралығын (1-2 апта) ұстанған жөн. теріні зақымдауы мүмкін заттардың түзілуі салдарынан құрамында сынап бар препараттармен бірге қолдану 1 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Повидон-йод-DF ерітіндісін сұйылтпай немесе сумен сұйылтқаннан кейін дезинфекцияланатын аймаққа байланысты 10% (1:10) немесе 1% (1:100) ерітінді ретінде қолдануға болады. Препаратты инъекцияға, қан алуға, биопсияға, қан құюға, инфузиялық емге немесе зақымданбаған теріде кез келген басқа хирургиялық араласымдарға дейін теріде 1-2 минутқа қалдыру керек. Жарақаттар, күйіктерді асептикалық өңдеу үшін, шырышты қабаттарды дезинфекциялау үшін, терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында 10% ерітіндіні (Повидон-йод-DF ерітіндісін сумен 1:10 арақатынаста еріте отырып) қолданады. Операция алдындағы «дезинфекциялайтын ванналар» үшін Повидон-йод-DF (1:100) 1% ерітіндісі қолданылады. Дене беткейі түгелімен біркелкі Повидон-йод-DF 1% ерітіндісімен өңделуі және 2 минуттық экспозициядан кейін ерітіндіні жылы сумен шайып тастау керек. Теріні операция алдындағы дезинфекциялауда науқастың астында артық сұйықтықтың жиналмағанын тексеріп тұру керек. Ерітіндімен ұзақ уақыт жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакцияларды туындатуы мүмкін. Ерітіндінің пациенттің астында жинақталып қалуы химиялық күйік туындатуы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Повидон-йод-DF ерітіндісі тек сыртқа және жергілікті қолдануға арналған. Повидон-йод-DF ерітіндісін ыстық суға құюға болмайды. Ерітіндіні қолданар алдында жылытуға болмайды. Повидон-йод-DF ерітіндісін тура қолданар алдында сұйылту және мүмкіндігінше тезірек пайдалану керек. Дайын ерітіндіні сақтауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.