+40 бонус

Повидон-Йод 100мл СУЛТАН Средство Антисептическое и Дезинфецирующее

9:00-ден кейін қолжетімді
800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Повидон-Йод
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Султан ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл препараттың құрамында белсенді зат - повидон-йод 10,0 г (белсенді йодқа шаққанда – 1,0 г) қосымша зат: 100,0 мл дейін тазартылған су
Қолданылуы
- инцекцияны алдын алу және емдеу кезінде антисептикалық өңдеу
Қарсы көрсетілімдер
- йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - қалқанша без гиперфункциясы - қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі - қалқанша безді емдеуде радиоактивті йодты қолданғанға дейінгі немесе кейінгі жағдайлар - герпес тәрізді Дюринг дерматиті - 6 жасқа дейінгі балаларға - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасы
Дозалану режимі Повидон-Йод ерітіндісі жергілікті сыртқа қолдануға арналған. Повидон-Йод ерітіндісін ыстық суға құймау керек. Ерітіндіні қолданар алдында қыздырмаған жөн. Ерітіндіні тікелей қолданар алдында дайындап, мүмкіндігінше жылдам пайдалану керек. Повидон-Йод ерітіндісін дезинфекциялау аймағына байланысты сұйылтылмаған күйде немесе 10% (1:10) немесе 1% (1:100) ерітінді сияқты сумен сұйылтылғаннан кейін қолдануға болады. Препаратты инъекцияға, қан алғанға, биопсияға, қан құюға, инфузиялық емге дейін немесе зақымданбаған теріге кез келген басқа хирургиялық араласудың алдында 1-2 минут бойы теріде қалдырған жөн. Жараны, күйікті асептикалық өңдеу үшін, шырышты қабық дизенфекциясы үшін, терінің бактериялық және зеңдік инфекциялары кезінде 10% ерітіндіні (Повидон-Йодты сумен 1:10 арақатынаста ерітіп) қолданады. Операция алдындағы «дезинфекция ваннасы» үшін Повидон-Йодтың 1% ерітіндісі (1:100) қолданылады. Дененің бүкіл беткейі Повидон-Йодтың 1% ерітіндісімен біркелкі өңделуі тиіс және 2-минуттық экспозициядан кейін ерітіндіні жылы сумен жуып тастау керек. Повидон-Йод ерітіндісін тікелей қолданар алдында сұйылтқан жөн. Дайын ерітіндіні сақтап қоюға болмайды. Повидон-Йод ерітіндісі жылы сумен жеңіл кетеді. Қиын кететін дақтарды тиосульфат натрий ерітіндісімен өңдеу керек. Операция алдындағы тері дезинфекциясы кезінде науқас астында ерітіндінің артық мөлшері жиналып қалмауын бақылау керек. Ерітіндімен ұзақ жанасу тері тітіркенуін, сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакциялар туындатуы мүмкін. Науқас астында ерітіндінің жиналып қалуы химиялық күйік туғызуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Тек сыртқа! Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Сыртқа және интравагинальдіқолданғанда артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ, өйткені жүйелі сіңуі болмайды. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Сирек (≥1/10,000 - <1/1,000) - жоғары сезімталдық - жанаспалы дерматит (эритема, терідегі кішкентай сулы бөртпелер, қышыну секілді симптомдар) Өте сирек (<1/10,000) - анафилаксиялық реакция - гипертиреоз (кейде тахикардия және мазасыздық секілді симптомдармен жүретін). Анамнезінде қалқанша без ауруларымен пациенттерде повидон-йодты айтарлықтай мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, повидон-йод ерітіндісін терінің ауқымды беткейінде жарақат пен күйіктерді өңдеу үшін ұзақ уақыт қолданғаннан кейін) - ангионевротикалық ісіну - йодизм (ауызда металл тату, сілекей бөлінуінің артуы, көз немесе көмейдің ісінуі) Жиілігі белгісіз (бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес): -гипотиреоз (повидон-йодтың көп мөлшерін қолданғаннан кейін немесе ұзақ уақыт қолданғаннан кейін) -электролиттік теңгерімнің бұзылуы (бәлкім, повидон-йодты айтарлықтай мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, күйіктерді емдеуде)) повидон-йодты айтарлықтай мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, күйіктерді емдеуде) дамуы мүмкін: - метаболизмдік ацидоз - пневмонит (аспирациямен байланысты асқыну) - жедел бүйрек жеткіліксіздігі - қанның осмолялдылығының өзгеруі - операцияға дайындықта пациенттің астында артық ерітінді жинақталып қалған жағдайдағы терінің химиялық күйігі. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек: «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.