ПОВИДОН-ЙОД 100 мл р-р

545 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Повидон-йод
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Медоптик ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді зат – 10,0 г повидон-йод (1,0 г белсенді йодқа шаққанда) қосымша зат: 100,0 мл- ге дейін тазартылған су бар
Қолданылуы
- хирургияда, травматологияда, комбустиологияда, стоматологияда жарақат инфекциясын емдеуде және профилактикасында - ауыз қуысы және жұтқыншақтың қабыну және инфекциялық ауруларында: ангина, фарингит, тонзиллофарингит, тонзиллит, глоссит, афта ауруларында ауызды және тамақты шаю үшін - инвазивті зерттеулерде (пункция, биопсия, инъекция және т.б), хирургиялық операциялардың алдында тері және шырышты қабықты антисептикалық өңдеуде - зондтар, катетерлер, дренаждар маңындағы теріні антисептикалық өңдеуде - инфекция жұқтырған науқастарды күту кезіндегі қолды өңдеуде, медицина қызметкерлерінің, хирургтардың қолдарын операцияға дейін және одан кейін өңдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- йодқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - қалқанша бездің гиперфункциясында - жүрек қызметінің қалпына келмейтін жеткіліксіздігінде - қалқанша безді емдеу кезінде радиоактивті йодты қолдануға дейінгі және одан кейінгі жай-күйі - герпес тәрізді Дюринг дерматитінде - жүктілік және емшек емізу кезеңі - 6 жасқа дейінгі балаларға Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты абайлап қолданады.
Дозасы
Ерітіндіні тікелей қолданар алдында дайындау және мүмкіндігінше тезірек пайдалану керек. Повидон-Йод ерітіндісі сыртқа және жергілікті қолдануға арналған, сұйылтылмаған түрде немесе 10% (1:10) немесе 1% (1:100) ерітінді ретінде сумен сұйылтылғаннан кейін дезинфекцияланатын аймаққа байланысты ерітіндіні қолдануға болады. Операция алдындағы «дезинфекциялау ванналары» үшін 1% (1:100) Повидон-Йод ерітіндісі қолданылады. Дененің барлық беткейі 2 минуттық экспозициядан кейін 1% ерітіндімен біркелкі өңделуі тиіс, ерітіндіні жылы сумен жуып тастау керек. Хирургиядағы қызметкерлердің қолдарын өңдеу үшін 5 мл ерітіндіні алақанмен шынтаққа дейін 5 минут бойы сүртеді, содан кейін мұқият шаяды; іс-шараны екі рет қайталайды. Препаратты инъекцияға, қан алуға, биопсияға, қан құюға, инфузиялық емге дейін немесе зақымданбаған теріге кез келген басқа хирургиялық араласудың алдында теріде 1-2 минутқа қалдырыңыз. Жараларды, күюлерді асептикалық өңдеу үшін, шырышты қабықтарды дезинфекциялау үшін, терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында Повидон-Йод 10% ерітіндісі қолданылады (1:10 сұйылтылған). Ауыз және тамақты шаюға арналған сұйылтылған ерітіндінің дайындалуы: ½ немесе 1 шай қасық ерітіндіні 100 мл суда ерітеді (18°С шамасындай). Ерітіндіні тікелей қолданар алдында дайындау және мүмкіндігінше тезірек пайдалану керек. Енгізу әдісі және жолы Повидон-Йод ерітіндісі сұйылтылған және сұйылтылмаған күйде сыртқа және жергілікті қолдануға арналған. Ерітінді ішке қабылдауға арналмаған! Повидон-Йод ерітіндісін қолданар алдында тікелей сұйылту керек. Дайын ерітіндіні сақтауға болмайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Қатысы жоқ Емдеу ұзақтығы Қатысы жоқ

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.