+322 бонус

ПОВИДОН-ЙОД 10% 1000мл р-р д/нар прим

6440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Повидон-йод
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО «ТК Фарм Актобе»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл препараттың құрамында белсенді зат – 10000.00 мг повидон-йод (белсенді йодқа қайта шаққанда – 1000.0 мг) қосымша зат: тазартылған су 100.0 мл-ге дейін
Қолданылуы
- биопсия, инъекциялар, пункциялар, қан алу және қан құю, инфузиялық ем алдында теріні дезинфекциялауда - тері мен шырышты қабаттарды антисептикалық өңдеуде, мысалы, хирургиялық операциялар алдында - жарақаттарды асептикалық өңдеуде - терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында - теріні операция алдында толық немесе ішінара дезинфекциялауда (пациентті операция алдындағыдезинфекциялық дайындау, «дезинфекциялайтын ванналар»)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша затқа аса жоғары сезімталдық - қалқанша бездің басқа да жедел аурулары - гипертиреоз - қалқанша бездің басқа да жедел аурулары - жүректің қалпына келмейтін жеткіліксіздігі - радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану - Дюрингтің герпес түріндегі дерматиті
Дозасы
Дозалану режимі Препаратты инъекцияға, қан алуға, биопсияға, қан құюға, инфузиялық емге немесе зақымданбаған теріде кез келген басқа хирургиялық араласымдарға дейін теріде 1-2 минутқа қалдыру керек. Жарақаттар, күйіктерді асептикалық өңдеу үшін, шырышты қабаттарды дезинфекциялау үшін, терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында 10% ерітіндіні (Повидон-йодты сумен 1:10 арақатынаста еріте отырып) қолданады. Операция алдындағы «дезинфекциялайтын ванналар» үшін Повидон-йодтың (1:100) 1% ерітіндісі қолданылады. Дене беткейі түгелімен біркелкі Повидон-йодтың 1% ерітіндісімен өңделуі және 2 минуттық экспозициядан кейін ерітіндіні жылы сумен шайып тастау керек. Повидон-йод ерітіндісі жылы сумен жеңіл шайылып тасталады. Қиын кететін дақтарды натрий тиосульфаты ерітіндісімен өңдеу керек. Теріні операция алдындағы дезинфекциялауда науқастың астында артық сұйықтықтың жиналмағанын тексеріп тұру керек. Ерітіндімен ұзақ уақыт жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакцияларды туындатуы мүмкін. Ерітіндінің науқастың астында жинақталып қалуы химиялық күйік туындатуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.