ПОТЕНЦИАЛЕ 50 мг №4 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
3090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Силденафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ЧАО Технолог
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 70,24 мг және 140,48 мг силденафил цитраты (50 мг және 100 мг силденафилге баламалы); қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е 171), тальк, пропиленгликоль, полиэтиленгликоль 6000 (макрогол 6000), индигокармин (Е 132).
Қолданылуы
Ерлердегі жыныс мүшесінің қанағаттанарлық сексуалдық белсенділік үшін жеткілікті эрекциясына жетуге немесе ұстап тұруға қабілетсіздігімен көрініс беретін эректильді дисфункцияны емдеу үшін. Препарат тек сексуалдық стимуляция болған кезде ғана тиімді.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - азот тотығы донорларымен (амилнитрит сияқты) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені силденафил азот тотығының/ циклдық гуанозинмонофосфаттың (цГМФ) метаболизм жолына әсер ететіні және нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтетіні белгілі; - риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен ФДЭ-5 тежегіштерін (оның ішінде силденафил) бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі симптоматикалық гипотензияға әкелуі мүмкін; - сексуалдық белсенділік ұсынылмайтын жағдайлар (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе жүректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі сияқты ауыр жүрек-қантамыр бұзылыстары); - бұл патология ФДЭ-5 тежегіштерін алдыңғы қолданумен байланысты немесе байланыссыз екендігіне қарамастан, көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық невропатиясы салдарынан бір көздің көру қабілетінің жоғалуы; - ауыр бауыр жеткіліксіздігі; - артериялық гипотензия (артериялық қысым 90/50 мм сн.б. төмен); - жуықта бастан өткерген инсульт немесе миокард инфарктісі; - пигментті ретинит сияқты торқабықтың белгілі тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары (мұндай пациенттердің аздаған санында торқабық фосфодиэстеразасының генетикалық бұзылулары бар), өйткені силденафил қауіпсіздігі пациенттердің осындай қосалқы топтарында зерттелмеген; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
Дозасы
Ересектер Ұсынылатын доза 50 мг құрайды, қажет болған жағдайда сексуалдық белсенділікке дейін шамамен 1 сағат бұрын қабылдау керек. Тиімділігіне және жағымдылығына қарай, дозаны 100 мг-ге дейін арттыруға немесе 25 мг-ге дейін төмендетуге болады. Ең жоғары ұсынылатын доза 100 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Силденафил 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға арналмаған. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас) дозаны өзгерту қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі (мысалы, цирроз) бар пациенттерде силденафил клиренсі төмендейтіндіктен, препараттың ұсынылатын дозасы 25 мг құрайды. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына байланысты қажетіне қарай дозаны біртіндеп 50 мг және 100 мг-ге дейін арттыруға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) пациенттерге ұсынылған дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30 мл/мин) силденафил клиренсі төмендейтіндіктен, препараттың 25 мг дозасын қолдану мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына байланысты қажетіне қарай дозаны біртіндеп 50 мг және 100 мг-ге дейін арттыруға болады. Басқа дәрілік заттарды қолданатын пациенттер Силденафилмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, CYP3A4 тежегіштерімен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде препаратты бастапқы 25 мг дозасында қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Альфа-адреноблокаторлармен емделіп жүрген пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, силденафилмен емдеуді бастар алдында олардың жай-күйін тұрақтандыру керек. Бұдан өзге, силденафилдің бастапқы 25 мг дозасын қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.