ПОТАНТ САНОВЕЛЬ 500 мг №7 таб

4150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Сановель Фармако-индустр. торговая комп.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 512.46 мг левофлоксацин гемигидраты (500 мг левофлоксацинге баламалы), қосымша заттар: гидроксипропилметилцеллюлоза (E15-LV), микрокристалды целлюлоза РН101, кросповидон СL, натрий стеарил фумараты. Opadry TAN 20A27134 қабықтың құрамы: гидроксипропилцеллюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза 2910, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172).
Қолданылуы
Потант-сановель дәрілік препараты, таблеткалар, ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары - созылмалы бактериялық простатит - сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу. Төменде аталған инфекциялар үшін, әдетте, осы инфекциялардың старттық емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілер пайдаланудың мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана Потант-сановельді қолдану керек: - жедел бактериялық синусит - бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі - ауруханадан тыс пневмония - терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары - асқынбаған цистит. Таблеткалардағы Потант-сановель препаратын вена ішіне левофлоксацин енгізумен старттық ем жүргізуден кейін жай-күйі жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін қолдануға болады. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқаулықтарды қадағалау қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, немесе компоненттерінің қандайда болсын біреуіне аса жоғары сезімталдық - эпилепсия - бұған дейін хинолондармен ем жүргізгенде сіңірлердің зақымдануы - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дозасы
Препаратты ішке күніне бір немесе екі рет қабылдайды. Препаратты дене температурасы қалпына келгеннен кейін немесе бактериялық эрадикация белгілері бар болғанда тағы кем дегенде 48-72 сағат бойы қабылдауды жалғастыру тиіс. Бүйрек функциясы қалыпты немесе орташа төмендеген (креатинин клиренсі > 50 мл/мин.) науқастарға препаратты дозалаудың келесі режимін қолдануға кеңес беріледі: Синусит: күніне 1 рет 500 мг-ден – 10-14 күн. Бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының асқынуы: күніне 1 рет 500 мг-ден – 7-10 күн. Ауруханадан тыс пневмония: күніне 1-2 рет 500 мг-ден – 7-14 күн. Созылмалы бактериялық простатиттің өршуі: күніне 1 рет 500 мг-ден – 28 күн. Жедел пиелонефрит: : күніне 1 рет 500 мг-ден – 7-10 күн. Несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында: күніне 1 рет 500 мг-ден – 7-14 күн. Асқынбаған цистит: күніне 1 рет 250 мг-ден - 3 күн Тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары: күніне 1-2 рет 500 мг-ден – 7-14 күн. Ауа-тамшы жолымен жұқтырған сібір ойық жарасының профилактикасы және емдеуі: күніне 1 рет 500 мг-ден – 8 апта. Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек қызметі бұзылған пациенттерде оның дозалау режимін КК деңгейіне байланысты түзету қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.