+180 бонус

ПОСТИНОР 0,75 мг №2 таб

3600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левоноргестрел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Gedeon Richter Plc
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – левоноргестрел 0,75 мг; қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағаттың ішінде немесе қолданылған контрацепция әдісі сенімсіз болғанда шұғыл контрацепцияда.
Қарсы көрсетілімдер
левоноргестрелге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Дозалану режимі Екі таблетканы бір мезгілде қабылдау қажет. Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін екі таблетканы да бір мезгілде мүмкіндігінше тезірек, дұрысы 12 сағаттың ішінде, бірақ 72 сағаттан кешіктірмей қабылдау керек. Егер таблеткаларды қабылдаудан кейін үш сағаттың ішінде құсу болса, тез арада тағы да 2 таблетканы қабылдау керек. Соңғы 4 аптаның ішінде микросомалық бауыр ферменттерінің индукторларына жататын препараттарды қабылдаған әйелдерге, шұғыл контрацепция қажет болған кезде шұғыл контрацепцияның гормональді емес әдістерін, мысалы, құрамында мыс бар ЖІС пайдалану, немесе әйел құрамында мыс бар ЖІС пайдалана алмайтын немесе қаламайтын жағдайда левоноргестрелдің екі есе дозасын (яғни, бір сәтте 4 таблетканы бірге) қабылдау ұсынылады. Постинорды етеккірлік қан кетудің кешігуі болмаған жағдайда етеккір оралымының кез келген кезеңінде қабылдауға болады. Шұғыл контрацепцияны қолданғаннан кейін келесі етеккір басталғанға дейін жергілікті бөгет әдістерін (мысалы, мүшеқап, диафрагма, спермицидтер, цервикальді қалпақшаны) пайдалану ұсынылады. Постинор препаратын қолдану тұрақты гормональді контрацепцияны жалғастыру үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды ішке қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.