+95 бонус

ПОМПЕЗО 40 мг №1 фл в/в

1900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
A02BC05 Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Др. Сертус Илач Санайи ве Тиджарет Лимитед Ширкети
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - эзомепразол 40 мг (42.5 мг натрий эзомепразолына баламалы), қосымша заттар: динатрий эдетаты, натрий гидроксиді.
Қолданылуы
Инъекцияға және инфузияға арналған Помпезо препараты ересектерде: - пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі, мысалы: - эзофагиті және/немесе ауыр рефлюкс симптомдары бар пациенттерде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА); - қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жараларының жазылуы; - қауіп тобына жататын пациенттерде ҚҚСП қолданумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жараларының профилактикасы. - асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кету кезінде емдік эндоскопиядан кейін қайта қан кетудің алдын алу үшін қолданылады. Инъекцияға және инфузияға арналған Помпезо препараты 1-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерде: - пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі, мысалы: - эрозиялық рефлюкс эзофагиті және/немесе ауыр рефлюкс симптомдары бар пациенттердегі ГЭРА.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, бензимидазолдарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - нелфинавирмен бір мезгілде қолдану.
Дозасы
Ересектер Пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі Пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда Помпезо препаратын парентеральді түрде тәулігіне 1 рет 20-40 мг дозада қолдануға болады. Рефлюкс-эзофагиті бар пациенттерге препаратты тәулігіне 1 рет 40 мг дозада тағайындайды. Рефлюкс ауруының симптомдарын емдеу үшін Помпезо препараты тәулігіне 1 рет 20 мг дозада қолданылады. ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жаралары жазылуы үшін препараттың әдеттегі дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. ҚҚСП қолданумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жараларының профилактикасы үшін қауіп тобына жататын пациенттерде препаратты тәулігіне бір рет 20 мг қабылдау керек. Әдетте, вена ішіне енгізу түрімен емдеу кезеңі қысқа болады және пациентті препаратты пероральді қабылдауға мүмкіндігінше жылдам ауыстыру керек. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларынан қайта қан кетудің алдын алу Асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетудің емдік эндоскопиясынан кейін препараттың дозасы 80 мг құрайды, оны 30 минут ішінде кейіннен 3 күн (72 сағат) бойы 8 мг/сағ үздіксіз вена ішіне инфузия түрінде енгізеді. Парентеральді ем аяқталғаннан кейін қышқыл секрециясын одан әрі басу үшін препаратты пероральді қабылдауға ауыстыру қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.