+165 бонус

ПОЛЛЕЗИН 5 мг/мл 20 мл Левоцетеризин

3300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
R06AE09 Левоцетиризин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 20 мл ерітінді құрамында белсенді зат - 0,100 г левоцетиризин дигидрохлориді (0,084 г левоцетиризинге баламалы), қосымша заттар: глицерин 85%, пропиленгликоль, натрий сахаринаты, натрий ацетаты тригидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, мұздатылған сірке қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
- ересектерде және 2 жастан асқан балаларда аллергиялық ринитті (оның ішінде персистирленген аллергиялық ринитті) және созылмалы идиопатиялық есекжемді симптоматикалық емдеуге.
Қарсы көрсетілімдер
- левоцетиризин гидрохлоридіне, пиперазиннің басқа туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден төмен) - 2 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер мен жасөспірімдер (12 жастағы және одан үлкен) Күнделікті ұсынылатын доза 5 мг құрайды (1 мл тамшы немесе тамшылатқыштан 20 тамшы). Бүйрек функциясының бұзылуы орташа немесе айқын болған егде жастағы пациенттерге дозаны нақтылау ұсынылады. 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар Күнделікті ұсынылатын доза 5 мг-ге тең (1 мл тамшы немесе тамшылатқыштан 20 тамшы). 2 - 6 жастағы балалар: күнделікті ұсынылатын доза 1,25 мг тең дозада екі рет қабылдау үшін 2,5 мг тең (2 рет 0,25 мл тамшыдан = 2 5 тамшы тамшылатқыштан). 2 жасқа дейінгі балалар Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға, препаратты енгізу жөнінде деректер жеткіліксіз болғандықтан, тағайындамаған жөн. Кезеңдік аллергиялық ринитті емдеу ұзақтығы (симптомдары аптасына 4 күннен азырақ созылатын немесе 4 аптадан азырақ созылатын) аурудың түріне, ұзақтығына, симптомдар ағымына және аурулар анамнезіне байланысты. Симптомдар басылғаннан кейін емдеуді тоқтатуға және симптомдар қайтадан пайда болғанда жаңғыртуға болады. Персистирленген аллергиялық ринитті (симптомдары аптасына 4 күннен азырақ созылатын немесе 4 аптадан астамға созылатын) емдеу үшін науқасқа аллерген экспозициясы кезеңіне ұзаққа созылған емді ұсынуға болады. Қабықпен қапталған таблеткадағы 5 мг левоцетиризинді 6 ай бойы қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Созылмалы есекжем мен созылмалы аллергиялық ринит кезінде 1 жылға дейін рацематты қолдану тәжірибесі бар. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге енгізу мерзімін бүйрек функциясына сәйкес жекелей белгілеген жөн. Төменде келтірілген кестеде дозаның қажетті өзгертулері көрсетілген. Осы кестені қолдану үшін пациенттердің (мл/мин) креатинин клиренсіне (КК) баға берген жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/ұз) анықтағаннан кейін КК (мл/мин) мәнін келесі формула бойынша бағалауға болады: Еркектер үшін: [140 – жасы(жыл)] салмағы (кг) КК = ——————————————— 72 сарысу креатинині (мг/100 мл) Әйелдер үшін: алынған мән 0,85 Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету: Тобы Креатинин клиренсі (мл/мин) Дозасы және қабылдау жиілігі Бүйрек функциясы қалыпты 80 тәулігіне 5 мг-ден Бүйрек функциясы жеңіл бұзылуы 50 – 79 тәулігіне 5 мг-ден Бүйрек функциясы орташа бұзылуы 30 – 49 күнара 5 мг-ден Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы < 30 5 мг-ден 3 күнде 1 рет Бүйрек ауруының соңғы сатысы – диализдегі пациенттер < 10 Қолдануға болмайды Бүйрек функциясы бұзылған балаларда доза пациенттің дене салмағын және бүйрек клиренсін ескере отырып жекелей анықталуы тиіс. Бүйрек функциясы бұзылған балалар туралы спецификалық деректер жоқ. Бауыр функциясы бұзылған науқастар Препаратты бауыр функциясының оқшауланған бұзылуына шалдыққан науқастарға тағайындаған кезде дозаға қандай да болсын өзгерістер енгізу қажет емес. Бауыр мен бүйрек функциясы қатар бұзылған пациенттерге дозаны нақтылау ұсынылады. Енгізу әдісі және жолы Тамшыларды тамақ ішуге байланыссыз, сұйылтқаннан кейін ішке дереу қабылдаған жөн. Тамшының қажетті мөлшерін тамшылатқыштың көмегімен ас қасыққа немесе стақан суға тамызып өлшеу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.