+330 бонус

ПОЛИСОРБ МП 50 г порошок Кремния оксид

6600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Адсорбирующие кишечные препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: АО «Полисорб»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм препараттың құрамында белсенді зат - коллоидты кремнийдің қостотығы 1,0 г.
Қолданылуы
Полисорб МП ересектер мен балаларда: шығу тегі әртүрлі жедел және созылмалы уыттануларды; тағамдық уытты-инфекцияларды қоса, кез келген генезді жедел ішек инфекцияларын, сондай-ақ шығу тегі инфекциялық емес диареялық синдромын, дисбактериозды (кешенді ем құрамында); айқын уыттанумен қатар жүретін іріңді-сепсистік ауруларды; күшті әсер ететін және улы заттармен жедел улануды, оның ішінде дәрілік препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металдардың тұздарымен және т.б.; тағамдық және дәрілік аллергияларды; гипербилирубинемияны (вирусты гепатит және басқа сарғаю кезінде) және гиперазотемияны (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде) емдеу; экологиялық қолайсыз өңірлердің тұрғындары мен зиянды өндіріс қызметкерлерінің уыттану профилактикасы үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) аса жоғары сезімталдық; өршу кезеңіндегі асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы; асқазан-ішек жолынан қан кету; ішек атониясы; препараттың жеке жақпаушылығы.
Дозасы
Ересектердегі орташа тәуліктік доза 1 кг дене салмағына 0,1-0,2 г (6-12 г). Ересектердегі ең жоғары тәуліктік доза 1 кг дене салмағына 0,33 г (20 г). Препаратты тәулік ішінде 3-4 рет қабылдайды. Тағамдық аллергия жағдайларында препаратты тамақ ішер алдында бірден қабылдайды, Полисорб МП тәуліктік дозасын бір күн ішінде үш қабылдауға бөледі. Балалар. Балаларға арналған доза дене салмағына байланысты есептеледі (кестені қараңыз). Балаларға арналған тәуліктік дозаны есептеу кестесі

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.