+407 бонус

ПОЛИОКСИДОНИЙ 6мг №5 флаконы для инъекций

8150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО «НПО Петровакс Фарм»
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат – азоксимер бромиді 3 немесе 6 мг, қосымша заттар: маннитол, повидон.
Қолданылуы
Инфекциялық-қабыну ауруларын (вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы) емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 6 айдан бастап балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады. Ересектерді емдеу үшін (кешенді емде): вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан асқыну сатысындағы жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну аурулары; ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел вирустық, бактериялық инфекциялары, гинекологиялық және урологиялық аурулар; созылмалы қайталанатын бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған жедел және созылмалы аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит); дәрілік препараттардың иммуносупрессиялық, нефро- және гепатоуытты әсерін төмендету үшін қатерлі ісіктерде, химия және сәулемен емдеу кезінде және одан кейінгі кезеңде; хирургиялық инфекциялардың жайылған түрлері; регенерациялық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жараларда) белсендіру үшін; иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артрит; өкпе туберкулезі; 6 айдан асқан балаларды емдеу үшін (кешенді емде): бактериялық, вирустық және зеңдік инфекция қоздырғыштары туындатқан кез келген жерде орналасқан жедел және созылмалы қабыну ауруларының (оның ішінде ЛOP-ағзалары – синусит, ринит, аденоидит, жұтқыншақ бадамша бездерінің гипертрофиясы, ЖРВИ) асқынуы; бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған жедел аллергиялық және уытты-аллергиялық жағдайлар; респираторлық жолдың созылмалы инфекцияларымен асқынған бронх демікпесі; іріңді инфекциямен асқынған атопиялық дерматит; ішек дисбактериозы (спецификалық еммен біріктіріп). 6 айдан асқан балалар мен ересектердің профилактикасы үшін (монотерапия): тұмау және ЖРВИ; операциядан кейінгі инфекциялық асқынулар.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жүктілік, емшек емізу кезеңі (қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ); 6 айға дейінгі балалар (қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі); жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Сақтықпен: созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен жиі қолданбайды).
Дозасы
Дозалану режимі Ересектердегі қолдану тәсілі және дозасы Полиоксидоний® препаратын қолдану тәсілдері: парентеральді, интраназальді. Қолдану тәсілдері, дозалау режимі, емнің келесі курстарын жүргізу қажеттілігі мен жиілігі аурудың күрделілігіне және науқастың жасына байланысты дәрігер таңдайды. Парентеральді енгізу үшін ерітіндіні дайындау (бұлшықет ішіне және вена ішіне): Бұлшықет ішіне енгізу үшін 3 мг Полиоксидоний® препаратын 1 мл ( 6 мг дозаны 2 мл-де) инъекцияға арналған суда немесе 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Еріткішті енгізгеннен кейін препаратты ісіну үшін 2-3 минутқа қалдырады, сосын сілкімей, айналдырып араластырады. Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін Полиоксидоний® препаратын 2 мл стерильді 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Еріткішті енгізгеннен кейін препараттыісіну үшін 2-3 минутқа қалдырады, сосын сілкімей, айналдырып араластырады. Пациент үшін есептелген дозаны стерильді түрде 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісі тұрған құты/пакетке ауыстырады. Парентеральді енгізу үшін дайындалған ерітіндіні сақтауға болмайды. Интраназальді қолдану үшін ерітінді дайындау: ересектер үшін 6 мг дозаны 1,0 мл (20 тамшы) дистилденген суда, 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісі немесе бөлме температурасындағы қайнаған суда ерітеді. Интраназальді және сублингвальді қолдану үшін дайындалған ерітіндіні өндіруші қаптамасында бөлме температурасында 48 сағатқа дейін сақтауға болады. Ересектердегі ұсынылатын емдеу сызбалары: Парентеральді (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): препаратты ересектерге диагнозға және ауру күрделілігіне байланысты күнделікті тәулігіне 1 рет, күнара немесе аптасына 1-2 рет 6-12 мг тағайындайды. ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел вирустық және бактериялық инфекцияларында, гинекологиялық және урологиялық ауруларда: 3 күн бойы күнделікті 6 мг, әрі қарай 10 инъекция курсымен күнара. Вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну ауруларында, асқыну сатысында: 6 мг күнара 5 инъекция, әрі қарай 10 инъекция курсымен аптасына 2 рет. Бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған жедел және созылмалы аллергиялық ауруларда (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит): 6-12 мг, курсы 5 инъекция. Иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артритте: күнара 6 мг 5 инъекция, әрі қарай 10 инъекция курсымен аптасына 2 рет. Хирургиялық инъекциялардың жайылған түрлерінде: 3 күн бойы күнделікті 6 мг, әрі қарай 10 инъекция курсымен күнара. Регенерациялық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жараларда) белсендіру үшін: 3күн бойы 6 мг, сосын 10 инъекция курсымен күнара. Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін: 6 мг күнара 5 инъекция. Өкпе туберкулезінде: аптасына 2 рет 6 мг 20 инъекция курсымен. Онкологиялық науқастарда: - химиотерапиялық дәрілердің иммунодепрессивті, гепато- және нефроуытты әсерлерін төмендету үшін химиотерапияға дейін және соның аясында 6 мг күнара 10 инъекция курсымен; әрі қарай енгізу жиілігін химия және сәулемен емдеудің жағымдылығына және ұзақтығына байланысты дәрігер анықтайды; - ісіктің иммунодепрессивті ықпалының профилактикасы үшін, химия және сәулемен емдеуден кейін иммунитет тапшылығын түзету үшін, ісікті хирургиялық алып тастаудан кейін Полиоксидоний® препаратын аптасына 1-2 рет 6 мг-нан ұзақ уақыт (2-3 айдан 1 жылға дейін) қолдану көрсетілген. Ұзақ курс тағайындалғанда жинақталу әсері, уыттылығы және дағдылану байқалмады. Интраназальді түрде тәулігіне 6 мг тағайындалады (10 тәулік бойы тәулігіне 3 рет әрбір мұрын жолына 3 тамшыдан): - ЛОР-ағзалардың жедел және созылмалы инфекцияларының асқынуын емдеу үшін; - шырышты қабықтың регенерациялық үдерістерін күшейту үшін; - созылмалы аурулардың асқынуының және қайталануының профилактикасы үшін; - тұмау және ЖРВИ профилактикасы үшін. Балалар үшін қолдану тәсілі және дозалары Полиоксидоний® препаратын қолдану тәсілдері: парентеральді, интраназальді және сублингвальді. Қолдану тәсілдерін аурудың күрделілігіне және науқастың жасына байланысты дәрігер таңдайды. Парентеральді (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): балаларға 6 айдан бастап 0,1- 0,15 мг/кг дозадан күнделікті, күнара немесе аптасына 2 рет 5-10 инъекция курсымен тағайындайды. Парентеральді енгізу үшін дайындалған ерітіндіні сақтауға болмайды. Жергілікті қолдану үшін (интраназальді және сублингвальді) ерітінді дайындау: балалар үшін 3 мг дозаны 1,0 мл-де (20 тамшы), 6 мг дозаны –2,0 мл-де (40 тамшы) дистилденген суда, 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісі немесе бөлме температурасындағы қайнаған суда ерітеді. Интраназальді және сублингвальді: 0,15 мг/кг тәуліктік дозада күнделікті 10 күнге дейінгі курспен. Препаратты бір мұрын жолына 1-3 тамшыдан немесе күніне 2-3 қабылдауға кемінде 1-2 сағат аралықпен тіл астына енгізеді. Дайындалған ерітіндінің бір тамшысында (0,05 мл) 0,15 мг препарат бар. Интраназальді және сублингвальді қолдану үшін тәуліктік дозаның есебі 1 кестеде ұсынылған. 1 кесте. Балаларға интраназальді немесе сублингвальді қолдану үшін Полиоксидоний® препаратының тәуліктік дозасының есебі. Баланың салмағы Тәулігіне тамшы мөлшері 5 кг 5 тамшы 10 кг 10 тамшы 15 кг 15 тамшы 20 кг 20 тамшы Баланың дене салмағы 20 кг артық болса тәуліктік доза есебі 1 кгдене салмағына 1 тамшы есебінен алынады, бірақ 40 тамшыдан (6 мг әсер етуші зат) артық емес. Интраназальді және сублингвальді қолдану үшін дайындалған ерітіндіні өндіруші қаптамасында бөлме температурасында 48 сағатқа дейін сақтауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.