+345 бонус

ПОЛИОКСИДОНИЙ 6 мг/мл 1 мл №5 р-р

6900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО НПО Петровакс Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының/шприцтің ішінде: белсенді зат – азоксимер бромиді 6 мг/мл, қосымша заттар: маннитол, повидон, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Инфекциялық-қабыну ауруларын (вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы) емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 6 айдан бастап балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады. Ересектерді емдеу үшін (кешенді емде): вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан асқыну сатысындағы жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну аурулары; ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел вирустық, бактериялық инфекциялары, гинекологиялық және урологиялық аурулар; созылмалы қайталанатын бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған жедел және созылмалы аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит); дәрілік препараттардың иммуносупрессиялық, нефро- және гепатоуытты әсерін төмендету үшін қатерлі ісіктерде, химия және сәулемен емдеу кезінде және одан кейінгі кезеңде; хирургиялық инъекциялардың жайылған түрлері; регенерациялық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жараларда) белсендіру үшін; иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артрит; өкпе туберкулезі. Профилактика үшін (монотерапия): операциядан кейінгі инфекциялық асқынулар. 6 айдан асқан балаларды емдеу үшін (кешенді емде): бактериялық, вирустық және зеңдік инфекция қоздырғыштары туындатқан кез келген жерде орналасқан жедел және созылмалы қабыну ауруларының (оның ішінде ЛOP-ағзалары – синусит, ринит, аденоидит, жұтқыншақ бадамша бездерінің гипертрофиясы, ЖРВИ) асқынуы; бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған жедел аллергиялық және уытты-аллергиялық жағдайлар; респираторлық жолдың созылмалы инфекцияларымен асқынған бронх демікпесі; іріңді инфекциямен асқынған атопиялық дерматит.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа немесе қосымша мәліметтер бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жүктілік, емшек емізу кезеңі; 6 айға дейінгі балалар; жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Сақтықпен Осы бөлімде көрсетілген аурулар бар болса, дәрілік препаратты қабылдауды бастар алдында дәрігерге қаралу керек: созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен көп емес қолданылады).
Дозасы
Қолдану бойынша ұсынымдар Ересектердегі Парентеральді (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): препаратты ересектерге диагнозға және ауру күрделілігіне байланысты күнделікті тәулігіне 1 рет, күнара немесе аптасына 1-2 рет 6-12 мг тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.