+361 бонус

ПОЛИОКСИДОНИЙ 6 мг №10 супп

7230 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО «НПО Петровакс Фарм»
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында белсенді зат - азоксимер бромиді 6 мг және 12 мг, қосымша заттар: маннитол, повидон, какао майы.
Қолданылуы
Инфекциялық-қабыну ауруларын (вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы) емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады. Емдеу үшін (кешенді емде): - вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан асқыну сатысындағы жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну аурулары - урогенитальді жолдың қабыну аурулары (уретрит, цистит, пиелонефрит, простатит, сальпингоофорит, эндомиометрит, кольпит, цервицит, цервикоз, бактериялық вагиноз) - өкпе туберкулезінің әртүрлі түрлері - қайталанатын бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит); - иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артрит - регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін - дәрілік препараттардың нефро- және гепатоуытты әсерін төмендету үшін химия және сәуле емін жүргізу кезінде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде. Профилактика үшін (монотерапия): - урогенитальді жолдың қайталанатын герпестік инфекциясы - созылмалы инфекциялар ошақтарының асқынуы - иммунитеті төмендеген адамдарда эпидемия алды және эпидемиялық кезеңде тұмау және басқа да жедел респираторлық инфекциялар - қартаю салдарынан немесе жағымсыз факторлардың ықпалынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және бала емізу кезеңі (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ) - 6 жасқа дейінгі балалар - 6 мг дозасы үшін, 18 жасқа дейінгі балалар - 12 мг дозасы үшін - жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Сақтықпен Егер сізде осы бөлімде көрсетілген аурулар болса, дәрілік препаратты қабылдауды бастамас бұрын дәрігерге қаралыңыз: - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен жиі қолданбайды).
Дозасы
Ұсынылатын емдеу сызбалары Ересектерді емдеу үшін: - асқыну сатысында созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - жедел инфекциялық үдерістерде және регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - гинекологиялық ауруларда 3 күн бойы күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - урологиялық аурулардың өршуі кезінде (уретрит, пиелонефрит, цистит, простатит) күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - туберкулездің өкпедегі түрінде 3 күн бойы күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет, содан кейін күнара. Емдеу курсы 20 суппозиторий. Әрі қарай 2-3 айға дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг суппозиториймен демеуші емді пайдалануға болады; - химия - және сәуле емін жүргізгенде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде химия- және сәуле емінің курсы басталғанға дейін 2-3 күн бұрын күнделікті 12 мг суппозиторий. Әрі қарай, 12 мг-ден аптасына 2 рет, курсы 20 суппозиторийге дейін; - инфекциялық синдроммен асқынған аллергиялық ауруларда тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий күнделікті. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - ревматоидты артрит кезінде күнара 12 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий. Профилактика үшін (монотерапия): - инфекциялардың созылмалы ошақтарының, урогенитальды жолдың қайталанатын герпестік инфекциясының өршуі күнара 12 мг суппозиторий Курс 10 суппозиторий; - тұмау және ЖРВИ тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий. Курс 10 суппозиторий; - қартаю салдарынан туындайтын салдарлы иммунитет тапшылығы аптасына 2 рет 12 мг суппозиторий. Курс 10 суппозиторий, жылына 2-3 рет. 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін: 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге суппозиторийлер тек ректальді енгізіледі, ішекті тазартқаннан кейін күніне 1 рет 6 мг 1 суппозиторий. - асқыну сатысындағы созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - жедел инфекциялық үдерістерде және регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін күнделікті 6 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - урологиялық аурулардың өршуі кезінде (уретрит, пиелонефрит, цистит, простатит) 6 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - туберкулездің өкпедегі түрінде 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы 20 суппозиторий. Әрі қарай 2-3 айға дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг суппозиторий демеуші емді пайдалануға болады; - химия - және сәуле емін жүргізгенде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде химия- және сәуле емінің курсы басталғанға дейін 2-3 күн бұрын күнделікті 6 мг суппозиторий. Әрі қарай, 6 мг-ден аптасына 2 рет, курсы 20 суппозиторийге дейін; - инфекциялық синдроммен асқынған аллергиялық ауруларда тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий күнделікті. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - ревматоидты артрит кезінде күнара 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий. Профилактика үшін (монотерапия): - инфекциялардың созылмалы ошақтарының, урогенитальды жолдың қайталанатын герпестік инфекциясының өршуі күнара 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий; - тұмау және ЖРВИ тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий. Енгізу әдісі мен жолы – ішекті тазартқаннан кейін тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден ректальді; – гинекологиялық аурулар кезінде қынаптық 1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет (түнде) жатып қынапқа енгізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.