+333 бонус

ПОЛИОКСИДОНИЙ 12 мг №10 таб

6670 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО «НПО Петровакс Фарм»
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – азоксимер бромиді 12 мг, қосымша заттар: маннитол, повидон, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы.
Қолданылуы
Жедел және созылмалы респираторлық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 3 айдан бастап балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады. Емдеу үшін (кешенді емде): - ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақтың жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну ауруларын асқынуы - қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі). Профилактика үшін (монотерапия): - назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекциялар - ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуы - қартаю немесе жағымсыз факторлардың ықпалы салдарынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы жағдайлары.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жеке жоғары сезімталдық - жүктілік, емшек емізу кезеңі - 3 жасқа дейінгі балалар - жедел бүйрек жеткіліксіздігі - сирек тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы. Сақтықпен Егер Сізде осы бөлімде көрсетілген аурулар болса дәрілік препаратты қабылдауды бастар алдында дәрігерге қаралыңыз: - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен артық қолданбайды).
Дозасы
Дозалану режимі Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес қолданыңыз. Қажет болса 3-4 айдан кейін қайталама емдеу курстарын өткізуге болады. Препаратты қайта тағайындағанда оның тиімділігі төмендемейді Ұсынылған емдеу сызбасы: Сублингвальді Ересектерді емдеу үшін: - тұмау және жедел респираторлық инфекцияларды – 7 күн күніне 2 рет 1 таблеткадан; - ауыз жұтқыншақтың қабыну үдерістерін – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан; - жоғарғы тыныс алу жолдары, мұрын маңы қойнауларының созылмалы ауруларының асқынуы, созылмалы отиттер – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан; - қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан. 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін: - тұмау және жедел респираторлық инфекцияларды – 7 күн күніне 2 рет ½ таблеткадан; - ауыз жұтқыншақтың қабыну үдерістерін – 7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан; - қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) – 7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан. 10 жастан асқан балаларды емдеу үшін: - тұмау және жедел респираторлық инфекцияларды – 7 күн күніне 2 рет 1 таблеткадан; - ауыз жұтқыншақтың қабыну үдерістерін – 7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан; - жоғарғы тыныс алу жолдары, мұрын маңы қойнауларының созылмалы ауруларының асқынуы, созылмалы отиттер – 7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан; - қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) – 7 күн күніне 2 рет 1 таблеткадан. Ересектерге профилактика үшін: - тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың эпидемия алдындағы кезеңінде – 10 күн бойы күніне 1 таблеткадан; - назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекцияда – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан; - ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуында – 10 күн бойы күніне 1 таблеткадан; - қартаю немесе жағымсыз факторлардың ықпалы салдарынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы жағдайларында – 10 күн бойы күніне 1 рет 1 таблеткадан. 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға профилактика үшін: - тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың эпидемия алдындағы кезеңінде – 7 күн бойы күніне ½ таблеткадан; - назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекцияда – 7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан; - ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуында – 10 күн бойы күніне ½ таблеткадан. 10 жастан асқан балаларға профилактика үшін: - тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың эпидемия алдындағы кезеңінде – 7 күн бойы күніне 1 таблеткадан; - назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекцияда – 7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан; - ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуында – 10 күн бойы күніне 1 таблеткадан. Пероральді Ересектерді емдеу үшін: - жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары аурулары – 2 рет 1 таблеткадан, 10 күн. 10 жастан асқан балаларды емдеу үшін: - жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары аурулары – 2 рет 1 таблеткадан, 10 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.