ПЛАВИКС 75 мг №14 таб

6980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клопидогрел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Санофи-Авентис Групп
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - клопидогрел гидросульфаты, 97.875 мг (75.000 мг клопидогрел негізіне баламалы), қосымша заттар - маннитол, микрокристалды целлюлоза, макрогол 6000, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, гидрогенделген майсана майы, қабықтың құрамы - Опадрай 32 K 14834, II тип** (лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172)), карнауб балауызы.
Қолданылуы
Атеротромбоз оқиғаларының екінші профилактикасы миокард инфарктісінен (бірнеше күннен бастап 35 күннен аз уақытқа дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен бастап 6 айдан аз уақытқа дейін) зардап шегіп жүрген ересек пациенттерге немесе шеткері артериялар ауруы диагностикаланған пациенттерге жедел коронарлық синдромнан зардап шегіп жүрген ересек пациенттерге ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), оның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стент орнатылатын пациенттерге, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде; тері арқылы коронарлық араласу жүргізілетін (стент қойылатын пациенттерді қоса) ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде АСҚ-мен біріктірілімде немесе тромболитикалық/фибринолитикалық терапия көрсетілген дәрі-дәрмектік емдеудегі пациенттерде; Жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) кезіндегі атеротромбоз және тромбоэмболия оқиғаларының профилактикасы тамыр оқиғаларының, ең болмағанда, бір факторы болатын жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) бар және К дәруменінің антагонистерімен (КДА) емдеуге сай келмейтін және қан кету қаупі төмен ересек пациенттерге клопидогрел АСҚ-мен біріктірілімде, инсультті қоса, атеротромбоз және тромбоэмболия оқиғаларының алдын алу үшін қолданылады. Орташадан жоғары қауіпке дейін транзиторлық ишемиялық шабуылы (ТИШ) немесе шағын ишемиялық инсульті (ИИ) бар пациенттерге АСҚ-мен біріктірілімде 24 сағат ішінде ТИШ немесе ИИ орташадан жоғары қауіпке дейін (ABCD2≥4 шкаласы) немесе шағын ИИ (NIHSS≤3) бар пациенттерге 1 ТИШ-тен кейінгі ерте инсульт қаупін бағалау шкаласы келесі параметрлерге негізделеді: жасы, артериялық қысымы, клиникалық симптомдар, ТИШ ұзақтығы және қант диабеті. 2 Ұлттық денсаулық сақтау институтының инсульт шкаласы.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауыр функциясының ауыр бұзылуы пептидтік ойық жарадан қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу сияқты жедел патологиялық қан кету балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Қан кетулер және гематологиялық бұзылулар Қан кетуді көрсететін клиникалық симптомдар пайда болған кезде емдеу кезінде қан кету және гематологиялық жағымсыз реакциялар қаупіне байланысты дереу қанның жалпы талдауын және/немесе басқа да тиісті талдауларды жүргізу керек. Сондай-ақ басқа да антитромбоциттік дәрілер сияқты, клопидогрелді жарақаттанумен, хирургиялық немесе басқа патологиялық жай-күйлермен байланысты қан кетудің күшею қаупіне ұшырауы мүмкін пациенттерде, сондай-ақ АСҚ, гепаринмен, IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерімен немесе ЦОГ-2 тежегіштерін немесе серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштермен (СКҚСТ), қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) немесе CYP2C19 күшті индукторлары немесе пентоксифиллин сияқты қан кету қаупіне қатысы бар басқа дәрілік препараттармен емделіп жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Жедел кардиоэмболиялық емес ишемиялық инсультпен немесе ТИШ ауыратын пациенттерге қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты инсульттің екіншілік профилактикасы үшін антитромбоциттік үштік терапия (клопидогрел + АСҚ + дипиридамол) ұсынылмайды. Әсіресе, емдеудің алғашқы апталарында және/немесе жүрекке жасалатын инвазиялық емшаралардан немесе хирургиялық араласудан кейін, жасырын қан кетуді қоса, қан кетудің кез келген белгілерінің бар-жоғы тұрғысынан пациенттерді мұқият бақылап отыру керек. Клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кету қарқынын күшейтуі мүмкін. Егер пациент элективті хирургиялық араласу алдында тұрса және антитромбоциттік әсер уақытша қажетсіз болса, клопидогрел қабылдауды операциядан 7 күн бұрын тоқтату керек. Кез келген жоспарланған операцияның және кез келген жаңа дәрілік препаратты қабылдау алдында пациенттер өзінің клопидогрел қабылдап жүргенін дәрігерлер мен стоматологтарға ескертуі тиіс. Клопидогрел қан кету уақытын ұзартады және қан кетуге бейім (әсіресе, асқазан-ішектік және көзішілік) патологиялық зақымданулары бар пациенттерде абайлап қолданылуы тиіс. Пациенттерді Плавикс (бір өзін немесе АСҚ-мен біріктірілімде) қабылдау кезінде қан кетуді тоқтату үшін әдеттегіден көп уақыт қажет болуы мүмкін екенінен және егер оларда әдеттен тыс қан кету (орналасуы немесе ұзақтығы бойынша) туындаса, ол жөнінде өз емдеуші дәрігеріне мәлімдеуі керектігінен хабардар еткен дұрыс. 600 мг клопидогрелдің жүктеме дозасын ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдромы бар және пациенттердің осы тобында қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты 75 жастан асқан пациенттерде қолдану ұсынылмайды. ТКА жүргізілетін ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі бар 75 және одан жоғары жастағы пациенттерде алынған клиникалық деректердің шектелуіне байланысты, сондай-ақ қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты мұндай пациенттерде клопидогрелдің 600 мг жүктеме дозасын қолдануды емдеуші дәрігер қан кету қаупін жеке бағалағаннан кейін ғана қарастырған жөн. Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) Плавикс препаратын қолданудан кейін өте сирек, ал кейде ұзаққа созылмайтын экспозициядан кейін де тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) жағдайлары болды. Ол неврологиялық өзгерістермен, бүйрек дисфункциясымен немесе қызбамен қатар жүретін тромбоцитопениямен және микроангиопатиялық гемолиздік анемиямен сипатталады. ТТП, плазмаферезді қоса, шұғыл емдеуді талап ететін өлім қаупі зор жай-күй болып табылады. Жүре пайда болған гемофилия Клопидогрелді қабылдау жүре пайда болған гемофилияның дамуына әкеледі деп хабарланды. Қан кетумен немесе онсыз ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының (ІБТУ) оқшау ұзаруы расталғанда жүре пайда болған гемофилияның даму мүмкіндігін қарастыру керек. Жүре пайда болған гемофилия диагнозы расталған пациенттерді емдеуді және олардың жағдайын қадағалауды мамандар атқаруы тиіс; ал клопидогрел қабылдауды тоқтату керек. Таяуда өткерілген ишемиялық инсульт Терапияның басталуы Жедел шағын ИИ немесе орташа қауіптен жоғары қауіпке дейінгі ТИШ бар пациенттерде қосарлы антитромбоциттік емді (клопидогрел және АСҚ) оқиға басталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей бастау керек. Жедел шағын АИ пациенттерде немесе анамнезінде (жарақатсыз) бассүйекішілік қан құйылумен орташадан жоғары қауіпке дейін ТИШ бар пациенттерде қысқа мерзімді қосарлы антитромбоциттік терапияның "пайда-қауіп" арақатынасына қатысты деректер жоқ. Шағын емес ИИ бар пациенттерде клопидогрел монотерапиясын оқиғадан кейін алғашқы 7 күннен соң ғана бастау керек. Шағын емес ИИ (NIHSS>4) бар пациенттер Деректердің болмауына байланысты қосарлы антитромбоциттік терапияны қолдану ұсынылмайды. Араласу көрсетілген немесе күтілетін пациенттерде таяудағы шағын ИИ немесе ТИШ даму қаупі орташа немесе жоғары. Каротидті эндартерэктомиямен немесе тамырішілік тромбэктомиямен емдеу көрсетілген пациенттерде немесе тромболизис немесе антикоагулянттық терапия күтілетін пациенттерде қосарлы антитромбоциттік терапияны пайдалануды растайтын деректер жоқ. Мұндай жағдайларда қосарлы антитромбоциттік терапия ұсынылмайды. Р450 2С19 цитохромы (CYP2С19) Фармакогенетика: CYP2С19 баяу метаболизаторлары болып табылатын пациенттерде клопидогрелдің ұсынылған дозаларында белсенді метаболиттер аз түзіледі, әрі ол тромбоциттер функциясына аз әсер көрсетеді. Пациенттерде CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тестілер бар. Клопидогрел CYP2C19 арқасында бір жағынан өзінің белсенді метаболитіне дейін ішінара метаболизденетіндіктен, осы ферменттің белсенділігін бәсеңдететін дәрілік препараттарды қолдану, күтілетіндей, клопидогрелдің белсенді метаболитінің деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Қазіргі таңда осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні анықталмады. Алдын ала сақтандыру шарасы ретінде аталған препаратпен бір мезгілде күшті немесе орташа әсер ететін CYP2C19 тежегіштерін пайдалану ұсынылмайды. CYP2C19 белсенділігін индукциялайтын дәрілік заттарды пайдалану клопидогрелдің белсенді метаболиті деңгейінің жоғарылауына әкеледі және қан кету қаупін арттыруы мүмкін деп күтілуде. Сақтық шарасы ретінде CYP2C19 күшті индукторларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. CYP2C8 субстраттары: клопидогрелді CYP2C8 субстратымен бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу керек. Тиенопиридиндер арасындағы айқаспалы реакциялар Тиенопиридиндер арасындағы айқаспалы реактивтіліктің дамуы жөніндегі хабарламаларға байланысты, пациенттер анамнезінде тиенопиридиндерге (мысалы, клопидогрел, тиклопидин, прасугрел) жоғары сезімталдық бар-жоғын тексеру қажет. Тиенопиридиндер бөртпе, ангионевроздық ісіну сияқты жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі аллергиялық реакциялардың немесе тромбоцитопения мен нейтропения сияқты гематологиялық айқаспалы реакциялардың дамуына себеп болуы мүмкін. Анамнезінде тиенопиридиндердің біріне аллергиялық реакция және/немесе гематологиялық реакция көрініс берген пациенттерде басқа тиенопиридиндерге дәл осындай немесе басқа реакцияның даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Тиенопиридиндерге белгілі аллергиялық реакциясы бар пациенттерде жоғары сезімталдық белгілеріне мониторинг өткізу ұсынылады. Қосымша заттар Плавикс® дәрілік препаратының құрамында лактоза бар. Бұл препаратты тұқым қуалайтын галактозаға жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қабылдауға болмайды. Бұл дәрілік препараттың құрамында асқазан бұзылысын мен диарея тудыруы мүмкін гидрогенделген майсана майы бар.
Дозасы
Ересек пациенттер мен егде жастағы пациенттер Плавикс препаратын бір реттік тәуліктік 75 мг дозада қабылдау керек. Жедел коронарлық синдромнан зардап шегіп жүрген ересек пациенттерге ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеуді 300 мг немесе 600 мг бір реттік жүктеме дозасымен бастау керек. 600 мг жүктеме доза тері арқылы коронарлық араласу болжанған кезде 75 жасқа дейінгі пациенттерде қарастырылуы мүмкін. Клопидогрелмен емдеуді тәулігіне 1 рет 75 мг дозада жалғастыру керек (АСҚ-мен тәулігіне 75-325 мг дозада). АСҚ өте жоғары дозалары қан кету қаупінің артуымен жүретіндіктен, АСҚ дозасын 100 мг мөлшерінен асырмау ұсынылады. Емдеудің оңтайлы ұзақтығы ресми түрде белгіленбеген. Клиникалық зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз бола алады, ең жоғары оң әсері 3 ай емделуден соң байқалады. ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі: ем алатын және тромболитикалық/фибринолитикалық терапияны тағайындауға болатын пациенттерге клопидогрелді АСҚ және басқа тромболитикалық дәрілермен біріктіріп немесе оларсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап, 75 мг бір реттік тәуліктік дозада қабылдау керек. Дәрі-дәрмекпен ем қабылдаған 75 жастан асқан пациенттерде клопидогрелмен емдеуді жүктеме дозасыз бастау керек. Біріктірілген емді симптомдар білінгеннен кейін мүмкіндігінше ертерек бастап, кем дегенде, 4 апта бойы жалғастырған жөн. Осы жағдайда клопидогрелдің АСҚ-мен біріктірілімімен 4 аптадан аса емдеудің оң әсері зерттелмеді. тері арқылы коронарлық араласу кезінде (ТКА): - клопидогрелді қабылдауды бастапқы ТКА жасалатын пациенттерде және фибринолитикалық терапияны алғаннан кейін 24 сағаттан астам уақыт өткен соң ТКА жасалатын пациенттерде 600 мг жүктеме дозасынан (ЖД) бастау керек. ≥ 75 жастағы пациенттерде 600 мг дозада сақтықпен қолдану керек. - 300 мг клопидогрелдің жүктеме дозасы фибринолитикалық терапияны алғаннан кейін 24 сағат ішінде ТКА-ны жасатқан пациенттерге тағайындалуы керек. Клопидогрелмен емдеуді тәулігіне 75-100 мг дозада АСҚ-мен біріктірілімде тәулігіне 1 рет 75 мг дозада жалғастыру керек. Біріктірілген терапия симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек басталуы және 12 айға дейінгі кезең бойы жалғасуы керек. Орташадан жоғары қауіпке дейінгі ТИШ (ABCD2 ≥4 шкаласы) немесе шағын ИИ (NIHSS ≤3) бар ересек пациенттерге клопидогрелдің 300 мг жүктеме дозасын, содан кейін тәулігіне 1 рет 75 мг клопидогрелді және АСҚ (тәулігіне бір рет 75-100 мг) тағайындау керек. Клопидогрелмен және АСҚ емдеуді оқиғадан кейін 24 сағат ішінде бастаған және кейіннен антитромбоциттік монотерапиямен 21 күн бойы жалғастырған жөн. Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерге клопидогрелді бір реттік тәуліктік 75 мг дозада тағайындау керек. АСҚ қабылдауды (тәулігіне 75-100 мг) клопидогрелмен біріктіріп бастау және жалғастыру керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар Симптомдары: клопидогрел қабылдаудан кейін артық дозалану қан кету уақытының ұзаруына және кейіннен қан кету асқынуларына әкелуі мүмкін. Емі: қан кету жағдайында тиісті емдеу қажет болуы мүмкін. Клопидогрелдің фармакологиялық белсенділік антидоты табылмады. Егер қан кету уақытының ұзаруын тез түзету қажет болса, клопидогрел әсерлерін тромбоциттер трансфузиясы тоқтата алады. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар Егер дозаны өткізіп алса: - препаратты қабылдау әдетте жоспарланған уақыттан кейін 12 сағаттан аз уақыт өтсе: пациенттер дозаны дереу қабылдау және осыдан кейін келесі дозаны препаратты әдетте жоспарланған уақытта қабылдау керек - 12 сағаттан көп уақыт өтсе: пациенттер келесі дозаны препаратты әдетте жоспарланған уақытта қабылдау керек, бірақ қосарлы дозасын қабылдауға болмайды. Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі жөніндегі нұсқау Дәрігер сізге осыны істеуді айтпағанша емдеуді тоқтатпаңыз. Емдеуді тоқтатпас бұрын емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз. Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгініңіз. ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар Қан кету клиникалық зерттеулерде де, постмаркетингтік кезеңде де тіркелген ең жиі реакция болып табылады, онда ол негізінен емдеудің бірінші айы ішінде хабарланды. Клиникалық зерттеулерде белгіленген немесе өздігінен түскен хабарламаларда мәлімделген жағымсыз реакциялар төменде келтірілген. Жиі (≥1/100,<1/10) гематома, қанталау, пункция орнында қан кету мұрыннан қан кету асқазан-ішектен қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия Жиі емес (≥1/1000, <1/100) тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия бассүйекішілік қан құйылу (өліммен аяқталған бірнеше жағдайлар хабарланды), бас ауыруы, парестезия, бас айналуы көзге қан құйылу (конъюнктивалық, окулярлы, ретинальды) асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айну, іш қату, метеоризм бөртпе, қышыну, тері астына қан құйылу (пурпура) гематурия қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер санының азаюы, тромбоциттер санының азаюы Сирек (≥1/10000, <1/1000) нейтропения, оның ішінде ауыр вертиго (вестибулярлық бас айналу) ретроперитонеальды қан кету гинекомастия Өте сирек (<1/10000) тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), аплазиялық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, жүре пайда болған А гемофилиясы, гранулоцитопения, анемия сарысу құю ауруы анафилактоидты реакциялар тиенопиридиндерге айқаспалы реакциялы аса жоғары сезімталдық (мысалы, тиклопидин, прасугрел) елестеулер, сананың шатасуы дәм сезудің бұзылуы агевзия ауыр қан кету, операциялық жарақаттан қан кету, васкулит, гипотензия респираторлық жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету), бронх түйілуі, интерстициялық пневмонит, эозинофилиялық пневмония өліммен аяқталатын асқазан-ішектен және ретроперитонеальді қан кету, панкреатит, колит (оның ішінде ойық жаралы немесе лимфоциттік), стоматит жедел бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр функциясының қалып шегінен ауытқыған биохимиялық көрсеткіштері буллезді дерматит (уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пішінді эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез), ангионевроздық ісіну, дәрі қабылдаудан болатын жоғары сезімталдық синдромы, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS-синдром) қатар жүретін дәрілік тері бөртпесі, эритематозды немесе эксфолиативті бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі қаңқа-бұлшықеттен қан кету (гемартроз), артрит, артралгия, миалгия гломерулонефрит, қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы қызба Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) Коунис синдромы (вазоспазмдық аллергиялық стенокардия/аллергиялық миокард инфарктісі), клопидогрелден болатын аса жоғары сезімталдық реакциясы аясында ауыр гипогликемияға әкелуі мүмкін аутоиммунды инсулиндік синдром, әсіресе HLA DRA4 қосалқы типі бар пациенттерде (Жапония тұрғындарында жиі кездеседі). Күтілетін дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.