+1530 бонус

ПИРОГЕНАЛ 100 мг/1 мл №10 амп

30600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: ГУ НИИЭМ им. Н.Ф.Гамалеи
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 мл ерітінді құрамында белсенді зат - липополисахарид бактериялық 10 мкг, 25 мкг, 50 мкг, 100 мкг, қосымша заттар: натрий гидрофосфаты, додекагидрат (натрий фосфорқышқылды екі орын басқан 12-сулы), натрий дигидрофосфаты дигидраты (натрий фосфорқышқылды бір орын басқан 2- сулы), натрий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
- хирургиялық, нейрохирургиялық, урологиялық, гинекологиялық, тері-венерологиялық, терапиялық, психиатриялық тәжірибеде, офтальмологияда, наркологияда және т.б. түрлі ауруларды емдеу кезінде спецификалық емес дәрі ретінде - хирургиялық тәжірибеде: жабыспа ауруы, күйіктен кейінгі келлоидты тыртықтар мен контрактуралар, жарақаттар, тамыр аурулары, тамыр облитерациясының алдын алу, дәнекер тіндердің операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі тыртықтары түзілуінің алдын алуда - орталық және шеткергі жүйке жүйелерінің жарақаттық зақымдалулары, жұлын-ми жарығы, церебральді арахноидиттерде, - туберкулездің сіңу фазасындағы торпидті ағымды формасында, - бауырдың созылмалы ауруларында, - уретра мен несепағардың стриктураларында, - созылмалы простатиттер мен уретриттерде, - көздің ауыр күйіктері, увеиттер, иридоциклиттер, көздің герпес-вирусты жұқпасы, мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы, көру және есту жүйкелерінің невралгиясы, вирусты кератиттер мен конъюнктивиттерде, - жатыр қосалқыларының қабыну үдерісі, бедеулікте, - іш қуысының жабыспа ауруында, - венерологиялық ауруларда, - псориаз және терінің басқа да созылмалы ауруларында, - микроорганизмдердің химиялық және антибиотикпен емдеуге жоғары төзімділігінде, - пиротерапияда (наркология, психиатрия, дерматовенерология).
Қарсы көрсетілімдер
- препаратқа немесе оның құрамдастарына аса жоғары сезімталдық - дене температурасының күрт көтерілуімен қатар жүретін жедел қызба аурулары - миға қан құйылуы - өкпенің ісінуі - бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі - жедел вирустық гепатиттер - қан аурулары, аутоиммундық аурулар (сыртартқысында) - өршу сатысындағы созылмалы жұқпалы аурулар
Дозасы
Қолдану тәсілі мен дозалары Пирогеналды тәулік уақытына байланыссыз күніне бір рет бұлшықет ішіне қолданады. Инъекцияларын күнара жүргізеді. Дозаларын әр адамға жекелей таңдау қажет. Дене температурасының 37,5-38,0°С-ге дейін жоғарылауын тудыратын дозасын анықтайды және оны температура жоғарылауы тыйылғанша енгізеді, содан кейін дозасын біртіндеп 2,5-5,0 мкг арттырады. Қажетті дозасын алу үшін препаратты натрий хлоридінің инъекцияға арналған стерильді 0,9 %-дық ерітіндісімен сұйылтады. Ашық құтыдағы препаратты сақтауға болмайды. Ересектерге арналған бастапқы бір реттік және тәуліктік дозасы - 2,5 мкг. Келесі күндері инъекция дозасын біртіндеп 2,5-5,0 мкг-ге арттырады. Ең жоғарғы бір реттік және тәуліктік дозасы – 100 мкг. Емдеу курсына ауруға байланысты 10-нан 30-ға дейін инъекция. Кезекті инъекциясы жіберіліп алған жағдайда емдеу курсын дозасын екі еселемей, сызба бойынша жалғастырады. Қажет болса инъекция курстарын 2-3 айдан соң қайталайды. Пирогеналды пиротерапия мақсатында тағайындағанда препаратты бұлшықет ішіне күніне бір рет, 5-10 мкг-ден бастап, дозасын біртіндеп 100-150 мкг дейін арттыра отырып енгізеді. Инъекцияларды дәрігердің тағайындауымен бір немесе екі күннен кейін жүргізеді. Азғантай дозаларын алу үшін Пирогеналды 10 мкг/мл концентрациясымен сұйылту ұсынылады. Мысалы: 2,5 мкг немесе 5,0 мкг дозасын алу үшін - 1 мл ішінде 10 мкг бар ампулаға еккішпен 1 мл натрий хлоридінің стерильді 0,9 %-дық ерітіндісін қосып, абайлап араластырыңыз. Концентрациясы 5 мкг/мл 2,0 мл ерітінді алынады, 0,5 мл алынған ерітіндінің құрамында 2,5 мкг дозасы, 1 мл алынған ерітіндіде 5 мкг дозасы, 1,5 мл-де –7,5 мкг дозасы болады. Көрсетілген көлемдер бір реттік доза болып табылады. Енгізуге реакция: Препаратты енгізгенде әдетте ешқандай реакция туындамайды. Науқастардың бір бөлігінде температура аздап қалтыраумен және сәл дімкәстанумен қатар жүретін 37,5 град. С-ге дейін артуы мүмкін. Мұндай жағдай 3-тен 8 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бұл жағдайда ыстық түсіретін дәрілермен емдеу қажет емес. Мұндай реакцияны туғызатын дозасы келесі күндері оны енгізуге реакция тоқтағанша қайталанады (әдетте 1-3 инъекция), содан кейін дозасын біртіндеп арттыра береді. Сирек жағдайларда жекелеген тұлғаларда қатты қалтырау, температураның 39,5 град.С-ге дейін жоғарылауы, бас ауыруы, белдің ауыруы байқалуы мүмкін. Бұл реакциялар әдетте 6 сағаттан 8 сағатқа дейін жалғасады, содан кейін температура төмендейді және жағымсыз әсерлері жоғалады. Бұл жағдайларда ыстық түсіретін дәрілер (парацетамол) қолданылуы мүмкін. Қабынуға қарсы спецификалық емес әсерімен ыстық түсіретін дәрілерді (диклофенак, ибупрофен) қолдану ұсынылмайды, өйткені олар пирогеналдың әсерінің тиімділігін азайтады. Препаратты пиротерапия үшін пайдаланғанда жоғарыда сипатталған реакцияларға жол беріледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.