+43 бонус

ПИРАНТЕЛ 250 мг №3 таб

865 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пирантел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: М.Дж. Биофарм Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 720 мг пирантел эмбонаты (250 мг пирантелге баламалы), қосымша заттар – картоп крахмалы, повидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, этилцеллюлоза, магний стеараты, апельсин хош иістендіргіші.
Қолданылуы
Пирантел 250 мг, таблеткалар, ересектер мен 6 жастан асқан балаларға арналған. энтеробиоз (острица жұқтыру) аскаридоз анкилостомоз
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Балалар Пирантел 250 мг, таблеткалар ересектер мен 6 жастан асқан балаларға арналады. 6 жасқа дейінгі балалар үшін ең қолайлы түрі - ішуге арналған суспензия. Энтеробиоз және аскаридоз Әдеттегі доза 10 мг/кг-нан 12 мг/кг-ға дейін бір реттік доза түрінде болады, яғни: балаларға: 20 кг дене салмағына бір рет 1 таблетка салмағы 75 кг-нан аз ересектерге: бір қабылдауға 3 таблетка (750 мг) салмағы 75 кг-нан асатын ересектерге: бір қабылдауға 4 таблетка (1000 мг). Энтеробиоз кезінде паразиттерден біржола құтылу үшін қатаң гигиеналық шараларды ұстану, сондай-ақ отбасы мүшелерін емдеу қажет. Қайталап жұқтыруын болдырмау үшін екінші дозаны біріншіден соң 3 аптадан кейін қабылдау керек. Анкилостомоз Necator americanus жұқтырған жағдайда немесе Ankylostoma duodenale ауыр жұқтыруы жағдайында эндемиялық аумақтарда 2-ден 3 күнге дейін дозасы тәулігіне 20 мг/кг (1 немесе 2 қабылдауға) болады, яғни: балаларға: әрбір 10 кг дене салмағына тәулігіне 1 таблеткадан салмағы 75 кг-нан аз: тәулігіне 6 таблетка (1500 мг) салмағы 75 кг-нан асатын: тәулігіне 8 таблетка (2000 мг). Эндемия аймағынан тыс (жеңілдеу жүреді) Ankylostoma duodenale жұқтыру жағдайында бір қабылдауға 10 мг/кг дозада тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.