+23 бонус

ПИРАЦЕТАМ 200 мг/мл 5 мл №10 амп

475 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пирацетам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО Борисовский завод медицинских препаратов
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде: белсенді зат - пирацетам – 1000 мг; қосымша заттар: натрий ацетаты тригидраты, сірке қышқылының 30% ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Пирацетамға сезімтал пациенттерде монотерапия ретінде немесе кешенді ем құрамында пирацетам кортикальды миоклонияның көріністерін азайту үшін қолданылады (пирацетамға сезімталдықты анықтауға арналған сынама курсы жүргізілуі мүмкін).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, пирролидон туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - препаратты тағайындау кезіндегі психомоторлық қозу; - Гентингтон хореясы; - ми қан айналымының жедел бұзылуы (геморрагиялық инсульт); - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы (20 мл/мин кем креатинин клиренсі кезінде);
Дозасы
Кортикальды миоклония: емдеу тәулігіне 7,2 г дозадан басталады, әр 3 4 күн сайын доза тәулігіне 24 г ең жоғары дозаға жеткенге дейін тәулігіне 4,8 г-ға арттырады. Тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөлу керек. Кортикальды миоклонияны емдеу кезінде басқа антиоклониялық препараттарды әдеттегі дозада тағайындаған жөн. Кортикальды миоклония кезінде емдеу аурудың бүкіл кезеңі бойы жалғасады. Болашақта пациент жағдайының жақсаруына қарай басқа антимиоклониялық препараттар дозаларын азайту мүмкіндігін қарастырған жөн. Пирацетаммен емдеу аурудың бүкіл кезеңінде жалғасады. Жедел жағдайларда кейбір пациенттерде уақыт өте келе жағдайдың өздігінен жақсаруы байқалады, сондықтан препараттың күрт тоқтатылуы туындататын кенеттен болған қайталанулар мен құрысулардың алдын алу мақсатында дозаны әр 2 күн сайын (және Ланс-Адамс синдромында әр 3-4 күн сайын) 1,2 г-ға біртіндеп төмендете отырып, әр 6 ай сайын дозаны төмендетуге немесе емдеуді тоқтатуға әрекет жасап көрген жөн. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Доза бүйрек функциясының бұзылуы болған кезде түзетіледі. Егде жастағы пациенттерде ұзақ мерзімді ем кезінде дозаны түзету қажеттілігін анықтау мақсатында креатинин клиренсін үнемі бақылап отыру қажет. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Пирацетам тек бүйрек арқылы шығарылады, бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе бүйрек функциясын бақылауды қажет ететін пациенттерді емдеуде сақ болу керек. Жартылай шығарылу кезеңі бүйрек функциясының нашарлауына және креатинин клиренсіне тікелей пропорционалды түрде артады. Бұл креатининнің шығарылуы жасына байланысты болатын егде жастағы адамдарға да қатысты. Дозаны креатинин клиренсінің мөлшеріне қарай түзеткен жөн. Кестені пайдалану үшін креатинин клиренсінің (КК мл/мин) мәнін анықтау қажет, ол келесі формула бойынша сарысудағы креатинин концентрациясы (мг/дл) негізінде анықталады:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.