+130 бонус

ПИПОЛЬФЕН 25 мг/2 мл №10 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
2600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прометазин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат- 25 мг прометазин гидрохлориді бар (22,16 мг прометазинге баламалы), қосымша заттар: гидрохинон, калий пиросульфиті, сусыз натрий сульфиті, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
ринитті, есекжемді және дәрі-дәрмектер мен бөгде ақуыздарға анафилаксиялық реакцияларды қоса алғанда, жоғарғы тыныс жолдары мен тері тарапынан аллергиялық жағдайларды симптоматикалық емдеу (адъювантты дәрі ретінде); седация және ересектердегі ұйқысыздықты емдеу; хирургия мен акушерияда операцияға дейінгі седация үшін адъювантты дәрі ретінде 2 жас және одан асқан балалардағы седация.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. - коматозды жай-күйлер немесе орталық жүйке жүйесі функцияларының ауыр бәсеңдеуі - МАО тежегіштерін қолданғаннан кейін кезең 14 күннен аз болғанда - 2 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер Әдеттегі ұсынылатын доза тікелей енгізер алдында инъекцияға арналған бастапқы ерітіндіні (25 мг/мл) сумен 10 есе көлемді сұйылтқаннан кейін бұлшықет ішіне терең, ал шұғыл жағдайларда вена ішіне баяу енгізу арқылы (ең көбі минутына 25 мг прометазин) 25-50 мг құрайды. Ең жоғарғы парентеральді доза 100 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 5-10 жас аралығындағы балалар үшін 6,25 мг – 12,5 мг терең бұлшықетішілік инъекциялар түрінде. Прометазин инъекцияға арналған ерітіндісін 2 жасқа толмаған балаларға тағайындауға болмайды (4.3 бөлімін қараңыз). Егде жастағы пациенттер Дозалау режимі жөніндегі арнайы нұсқаулар жоқ. Енгізу әдісі және жолы Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (сұйылтқаннан кейін) енгізуге арналған препарат. Вена ішіне енгізуді экстравазацияны немесе абайсызда интраартериялық енгізуді болдырмау мақсатында аса сақтықпен жүргізу керек (4.4 бөлімін қараңыз). Бұлшықет ішіне енгізген кезде жергілікті некрозды туындатуы мүмкін тері астына кездейсоқ енгізуді болдырмау мақсатында сақ болу қажет (4.4 бөлімін қараңыз). Ампулаларды ашу жөніндегі нұсқаулық (оң қолмен): Сындыру нүктесі жоғары жағында болатындай үлкен және сұқ саусағыңыздың арасына қысып, ампуланы сол қолыңызға алыңыз (1-сурет). Үлкен саусақ сындыру нүктесінің үстінде болатындай үлкен және бүгілген сұқ саусағыңыздың арасына оны қысып, ампуланың ұшын оң қолыңызға алыңыз (2-сурет). Ампуланы сол қолыңызбен ұстап тұрып оң қолыңыздың үлкен саусағымен төмен қарай басып, ампуланың ұшын сындырыңыз. Қолыңызды жақындатпай және алшақтатпай иілген жеріне орташа тұрақты күшпен әсер етіңіз (3-сурет). Ампула мойны кез келген уақытты сынып кетуі мүмкін, Сіз тіпті сезбей де қаласыз (4-сурет).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.