+28 бонус

ПИНОСОЛ 10 мл спрей

9:00-ден кейін қолжетімді
570 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие назальные препараты для местного применения в комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Зентива А. С.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препарат құрамында: белсенді заттар: тау қарағай майы 35.0 мг, жалбыз майы 10.0 мг, эвкалипт майы 5.0 мг, тимол 0.3 мг, α-токоферол ацетаты 15.0 мг. қосымша заттар: ұзындығы орташа тізбекті триглицеридтер 1.0 мл-ге дейін
Қолданылуы
- шығу тегі аллергиялық емес жедел және созылмалы риниттер - ринофарингиттер - мұрын және мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының инфекциялық-қабыну аурулары - ларинготрахеиттер
Қарсы көрсетілімдер
- дәрілік препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - аллергиялық риниттер - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Мұрынға қолдануға арналған. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға ұсынылатын Пиносол® дозасы: қабыну үдерісінің айқындылығына байланысты әрбір мұрын жолына бір бүркуден тәулігіне 3-6 рет. Енгізу әдісі мен жолы Қолданар алдында сорғы-дозатордың қорғаныш қалпақшасын ашу керек, саусақпен жеңіл баса отырып, 2 сынама бүрку жасаңыз (мұрын жолдарына емес), содан соң препаратты әрбір мұрын қуысына бүркіңіз. Пайдаланғаннан кейін сорғы-дозаторды қорғаныш қалпақшамен жауып қою керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын аурудың сипаты және динамикасына байланысты емдеуші дәрігер анықтайды. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен хабарласыңыз. ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар Сирек - мұрын қуысының қышынуы - мұрын қуысын күйдіру - гиперемия - мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі - мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуы - бронх түйілуі - ұзақ уақыт қолданған кезде тыныс алу мүшелерінің шырышты қабығы құрғауы ықтимал Белгісіз - тері бөртпесі, қызару, ангионевроздық ісіну, есекжем түріндегі аллергиялық реакция - көз шырышты қабығының тітіркенуі - терінің тітіркенуі - жанаспалы дерматит Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.