ПИКОВИТ 150 мл сироп (с 1 года)

2300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Поливитамины, простые
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 5 мл шәрбаттың құрамында белсенді заттар: Ретинол пальмитаты 1,7 млн ХБ/г (А дәрумені) 900 ХБ Холекальциферол 1 млн ХБ/г (D3 дәрумені) 100 ХБ Аскорбин қышқылы (С дәрумені) 50,000 мг Тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) 1,000 мг Рибофлавин натрий фосфаты (В2 дәрумені) 1,000 мг Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) 0,600 мг Цианокобаламин (В12 дәрумені) 0,001 мг Никотинамид (РР дәрумені) 5,000 мг Декспантенол (D – пантенол) 2,000 мг қосымша заттар: агар, трагакант, сахароза, сұйық глюкоза, апельсин майының хош иістендіргіші, грейпфрут хош иістендіргіші, апельсин хош иістендіргіші, полисорбат 80, лимон қышқылының моногидраты, Ponceau 4R (E124) бояғышы, натрий бензоаты, тазартылған су
Қолданылуы
- дәрумендерге қажеттіліктің жоғарылауымен қатар жүретін жай-күйлердің алдын алуға - мектеп жасындағы балалардың қажуында - дене және жүйке-психикалық жүктемелері жоғарылағанда - тәбеттің болмауында және тамақтың тұрақты емес, толыққанды емес немесе біркелкі рационында - өткерген аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде - организмнің инфекциялық және суық тию ауруларына қарсыластығын арттыру үшін - антибиотикпен емдеуден кейінгі қосымша дәрі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- Әсер етуші заттардың кез келгеніне және (немесе) қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. - Қант диабеті (5 мл препаратың құрамында 3,3 г сахароза бар). - Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы. - А және D гипервитаминозы.
Дозасы
Дозалану режимі 1-ден 3 жасқа дейінгі балалар: шәрбатты тәулігіне 2 рет 1 өлшеуіш қасықтан (5 мл). 4-тен 6 жасқа дейінгі балалар: шәрбатты тәулігіне 3 рет 1 өлшеуіш қасықтан (5 мл). 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға: шәрбатты тәулігіне 3 рет 1 өлшеуіш қасықтан (5 мл), ең жоғарғы доза - тәулігіне 4 рет. Шәрбатты қасықпен немесе шаймен, шырынмен немесе жеміс пюресімен араластырып қабылдауға болады. Ұсынылған тәуліктік дозадан арттыруға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Пиковит® шәрбатын ішу арқылы қабылдайды. Емдеу ұзақтығы Тәбет болмағанда шәрбатты 1 ай бойы күн сайын қабылдау керек. Қайта қабылдау курсы 1-3 айдан кейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.