+126 бонус

ПЕРСЕН №20 таб Комплекс

2530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Снотворные и седативные препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Зентива, к.c.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: құрғақ шүйгіншөп тамырының экстрактісі ((4-7):1) 35.00 мг, құрғақ бұрыш жалбызы жапырақтарының экстрактісі ((3-6):1) 17.50 мг, құрғақ сермене жапырақтарының экстрактісі ((3-6):1) 17.50 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, кросповидон, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабығының құрамы: гипромеллоза, натрий кармеллозасы, повидон, сахароза, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций карбонаты, темірдің қоңыр тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), глицерин, тальк, монтангликоль балауызы.
Қолданылуы
- ұйқысыздықта - шамадан тыс жүйке ширығуында - мазасыздықта - жоғары қозушылықта
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - өт жолдарының қабынуы, өттас ауруы - холангит, холецистит - 12 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер - жүктілік, лактация кезеңі - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектерге күніне 2-3 рет 1-2 таблеткадан қабылдау ұсынылады. Ұйқысыздықта - ұйықтардан 1 сағат бұрын күніне 1 рет 2 таблеткадан. 12 жастан асқан балаларға күніне 1-3 рет Персеннің® 1 таблеткасынан қабылдау ұсынылады. Енгізу әдісі және жолы Персенді® тамақтану уақытына қарамастан, аз мөлшердегі сумен іше отырып, қабылдаңыз. Емдеу ұзақтығы Персен препаратының емдік әсері біртіндеп білінеді. Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін Персенді кем дегенде 14 күн қабылдау керек. Емдеуді тоқтатқаннан кейін тәуелділік симптомдары немесе абстиненция синдромы болмайды. 14 күн өткеннен кейін емдік әсері байқалмаса немесе симптомдары нашарласа, пациент дәрігерге қаралуы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.