+82 бонус

Периндоприл - Тева 5 мг №30

1650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Израиль
  • Өндіруші: Тева Фармацевтические Предприятия Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5,0 мг периндоприл тозилаты (периндоприл) (3,395) мг Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 10,0 мг периндоприл тозилаты (периндоприл) (6,790) мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, натрий гидрокарбонаты, желатинделген жүгері крахмалы, повидон-К30, магний стеараты 5 мг дозаға арналған қабық: Опадрай II жасыл 85F210014 (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол-3350 (полиэтиленгликоль-3350), тальк, индигокармин алюминий лагы (Е132), бриллиантты көк бояғыш алюминий лагы (Е133), темірдің сары тотығы (Е172), хинолинді сары бояғыш алюминий лагы (Е104)) 10 мг дозаға арналған қабық: Опадрай II жасыл 85F210013 (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол-3350 (полиэтиленгликоль-3350), тальк, индигокармин алюминий лагы (Е132), бриллиантты көк бояғыш алюминий лагы (Е133), темірдің сары тотығы (Е172), хинолинді сары бояғыш алюминий лагы (Е104))
Қолданылуы
- артериялық гипертензия - клиникалық көріністері бар жүрек жеткіліксіздігін емдеу - жүректің тұрақты ишемиялық ауруы, анамнезінде миокард инфарктісі және/немесе реваскуляризациясы бар пациенттерде жүрек тарапынан оқиғалар қаупінің төмендеуі
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа және қосымша заттардың біріне немесе АӨФ кез келген басқа тежегішіне аса жоғары сезімталдық. - анамнезінде АӨФ тежегіштерімен алдыңғы емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну. - тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну. - жүктіліктің екінші және үшінші триместрі. - қант диабетімен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін (ШСЖ< 60 мл/мин/1,73 м²) пациенттердің Периндоприл-Теваны құрамында алискирен бар препараттармен біріктіріп қабылдауы. - сакубитрил/валсартан біріктірілімімен бір мезгілде қолдану. Периндоприлмен емдеуді сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте бастауға болмайды. - экстракорпоральді емшаралар, онда қан теріс зарядталған беткейлермен байланысады. - бүйрек артерияларының айқын екі жақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Дозаны пациенттің бейініне және артериялық қысымның реакциясына сәйкес түзетуге болады. Артериялық гипертензия Периндоприл-Тева монотерапия түрінде немесе басқа кластардың гипотензиялық препараттарымен біріктірілімде пайдаланылуы мүмкін. Бастапқы ұсынылатын дозасы таңертең тәулігіне 5 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі күшті белсенділенген кезде (атап айтқанда, реноваскулярлық гипертензиясы, тұз тапшылығы және/немесе айналымдағы қанның жеткіліксіз көлемі, жүрек декомпенсациясы немесе ауыр гипертензиясы бар пациенттерде) бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысым күрт төмендеуі мүмкін. Мұндай пациенттерді емдеу 2,5 мг дозадан медициналық бақылаумен басталуы тиіс. Бір ай емдеуден кейін дозаны күніне бір рет 10 мг дейін арттыруға болады. Периндоприл-Тевамен емінің басында клиникалық көріністері бар гипертензия дамуы мүмкін, егер пациент бір мезгілде диуретиктермен емдеуден өтсе, мұның ықтималдығы артады. Сондықтан препаратты тағайындағанда сақ болу керек, өйткені бұл пациенттерде тұз тапшылығы және/немесе жеткіліксіз АҚК болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, Периндоприл-Тевамен емдеу басталғанға дейін 2-3 күн бұрын диуретиктерді қабылдауды тоқтату керек. Егер гипертензиясы бар пациенттерде диуретиктер қабылдауды тоқтата тұру мүмкін болмаса, онда Периндоприл-Тевамен емді 2,5 мг дозадан бастау керек. Бүйрек функциясы мен сарысудағы калий құрамының деңгейіне мониторинг жүргізілуі тиіс. Периндоприл-Тева дозасын артериялық қысымның реакциясына байланысты түзету керек. Қажет болса, диуретиктерді қабылдауды жалғастыруға болады. Егде жастағы пациенттерді емдеуді 2,5 мг дозадан бастап, оны емдеу басталғаннан кейін бір айдан кейін 5 мг-ға дейін, содан кейін - бауыр функциясына байланысты 10 мг-ға дейін (төмендегі кестені қараңыз) біртіндеп ұлғайта отырып бастаған жөн. Клиникалық көріністері бар жүрек жеткіліксіздігі Калий жинақтамайтын диуретиктермен және/немесе дигоксинмен және/немесе бета-блокаторлармен біріктірілген Периндоприл-Теваны мұқият медициналық бақылаумен бастау қажет, ұсынылатын бастапқы доза таңертең 2,5 мг құрайды. Жағымдылығы жақсы болса, емді бастағаннан кейін 2 аптадан соң дозаны күніне бір рет 5 мг-ға дейін арттыруға болады. Дозаны түзету әр пациенттің клиникалық реакциясына негізделуі тиіс. Жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді және жоғары қауіп дәрежесі бар басқа да пациенттерді (бүйрек функциясының бұзылуы және электролиттік бұзылуларға бейімділігі бар пациенттер, бір мезгілде диуретиктермен және/немесе тамыр кеңейтетін препараттармен емдеуден өтетін пациенттер) емдеу жіті медициналық бақылаумен басталуы тиіс. Гипотензия қаупі жоғары пациенттерге, мысалы, тұз тапшылығы бар немесе жоқ пациенттерге, гиповолемиясы бар пациенттерге немесе диуретиктердің жоғары дозаларымен емделетін пациенттерге, мүмкіндігінше, Периндоприл-Тева қабылдауды бастағанға дейін көрсетілген жай-күйлерге түзету жүргізген жөн. Периндоприл-Тевамен ем бастағанға дейін және емдеу кезінде артериялық қысымына, бүйрек функциясына және сарысудағы калий деңгейіне мұқият бақылау жүргізу керек. Жүректің ишемиялық ауруы Жүректің тұрақты ишемиялық ауруы: Периндоприл-Теваны қабылдауды екі апта бойы күніне бір рет 5 мг дозадан бастау керек, содан кейін бүйрек функциясына байланысты және 5 мг дозаны жақсы көтеру жағдайында күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыру керек. Егде жастағы пациенттерге емді алғашқы апта бойы күніне бір рет 2,5 мг дозадан, содан кейін апта бойы – күніне бір рет 5 мг-нан бастаған жөн, артынан бүйрек функциясына байланысты күніне бір рет қабылдаған кезде тәуліктік дозаны 10 мг-ға дейін арттыру керек (төмендегі кестені қараңыз). Дозаны алдыңғы, неғұрлым төмен дозаға жақсы жағымдылығы жағдайында ғана арттыруға болады. Бүйрек функциясы бұзылған кезде дозаны түзету Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін доза төменде келтірілген 1-кестеге сәйкес креатинин клиренсіне байланысты таңдалуы тиіс: Креатинин клиренсі (мл/мин) Ұсынылатын доза ClCR ≥ 60 күніне 5 мг 30 < ClCR < 60 күніне 2,5 мг 15 < ClCR < 30 күнара күніне 2,5 мг Гемодиализден өтетін пациенттер* ClCR < 15 Диализ күні 2,5 мг * Периндоприлаттың диализ клиренсі 70 мл/мин құрайды. Гемодиализден өтетін пациенттер препаратты диализден кейін қабылдауы тиіс. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.