+35 бонус

ПЕНТОКСИФИЛЛИН 2% 5 мл №5 амп

700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пентоксифиллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір ампуланың ішінде белсенді зат - пентоксифиллин (100% затқа шаққанда) 100.0 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
қан ағымының резерві сақталған науқастарда шеткері артериялық қан айналымының бұзылуы (мезгіл-мезгіл ақсақдау). Емдеуді басқа терапия түрлерін (мысалы, жаяу жүру жаттығулары, дене жаттығулары) жүргізу мүмкін болмаған немесе оларға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда ғана жүргізу керек қан айналымына байланысты ішкі құлақтың дисфункциясы
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа пентоксифиллинге, басқа метилксантиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ауқымды қан кетулері бар пациенттерге (қан кету күшеюінің қаупі) көздің тор қабығына көп көлемде қан кету (қан кету күшеюінің қаупі) миға қан құйылу асқазан және/немесе ішек аймағындағы ойық жаралар жедел миокард инфарктісі жүректің ауыр аритмиясы жүктілік және бала емізу кезеңі (деректер жеткіліксіз) 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Бастапқы доза күніне 1 рет 100 мг пентоксифиллинді құрайды, келесі күндері оны тағы 100 мг, жалпы күніне 300 мг дейін арттыруға болады. Қан айналымының ауыр бұзылулары кезінде дозаны күніне 2 рет 300 мг дейін арттыруға болады. Ауырудың ауырлығына байланысты Пентоксифиллинді парентеральді немесе біріктірілген (пероральді + парентеральді) түрінде тағайындауға болады. Жиынтықты тәуліктік доза (парентеральді және пероральді) 1200 мг пентоксифиллиннен аспауы керек. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Бүйрек функциясы бұзылған науқастар (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен) дозаны жеке жағымдылығына байланысты қалыпты дозаның 50-70% дейін түзетуі керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде дозаны төмендету қажет, оны емдеуші дәрігер аурудың ауырлығына және пациентке жағымдылығына қарай жеке тағайындауы тиіс. Артериялық гипотензиясы немесе қан айналымы жүйесінің тұрақсыз функциясы бар пациенттерге Емдеуді төмен дозадан бастау керек. Балалар Пентоксифиллинді қауіпсіздік пен тиімділік деректерінің жеткіліксіздігіне байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне қолдануға арналған (инфузиялық). Тиісті дозаны 90-180 минут ішінде 250-500 мл ерітіндіде сұйылтып, вена ішіне енгізеді. Инфузиялық ерітінді ретінде физиологиялық немесе басқа тасымалдаушы ерітінділерді (мысалы, Рингер ерітіндісі) пайдалануға болады. Сұйылту үшін қолданылатын ерітіндінің фармацевтикалық үйлесімділігін енгізу алдында әр жағдайда тексеру керек. 60 минут ішінде 100 мг пентоксифиллиннен асырмай енгізу керек. Жағдайы жақсарғаннан кейін емдеуді тек пероральді препараттармен жалғастыруға болады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын пациенттің жеке клиникалық жағдайына байланысты емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.