+1400 бонус

ПЕНТАСА 1 г/100 мл №7 фл Месалазин

9:00-ден кейін қолжетімді
28000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Месалазин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ЧЕШСКАЯ РЕСПУБЛИКА
  • Өндіруші: Ферринг-Лечива, а.с.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат- 1.000 г месалазин қосымша заттар: динатрий эдетаты, натрий метабисульфиті, натрий ацетаты, хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерде тік және сигма тәрізді ішек аймағында қабынудың жергілікті орналасуымен ойық жаралы колит
Қарсы көрсетілімдер
- салицилаттарға, белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауыр бұзылулары немесе бүйрек жеткіліксіздігі - 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Аурудың жедел фазасы және рецидивтің алдын алу үшін: Ересектер Әдетте ұйықтар алдында кешке 1 құты. Егде жастағы адамдар Доза төмендетілмейді, бірақ бүйрек функциясын тексеру туралы ескерту керек. Балалар Балалар мен жасөспірімдерге әсер етуге қатысты аз тәжірибе мен шектеулі құжаттама бар. 1. Тікелей қолдану алдында құтыны алюминий фольгадан жасалған пакеттен шығарып, жақсылап сілку керек. 2. Тығындау құралын сындыру үшін ұштықты бір толық айналуға дейін бұрау керек (бұрағаннан кейін ұштық бұралғанға дейінгі күйде болу керек). 3. Қолыңызды қаптамада болатын полиэтилен пакеттердің біріне салыңыз. 4. Контейнерді пакеттегі суретте көрсетілгендей етіп ұстаңыз. 5. Клизманы енгізу үшін сол қырынан жатып, сол аяқты тік күйде, оң аяқты тепе – теңдікті сақтау үшін алға бүгілген күйде ұстап жатыңыз. Аппликатордың ұшын ақырындап тік ішекке енгізіңіз. Клизма ішіндегісінің таралуына қарай оны жеткілікті түрде қолмен қыса ұстап, демеп тұрыңыз. Құтының ішіндегісін барынша 30-40 секунд ішінде пайдалану керек. 6. Құты босағаннан кейін құтысы бар ұштықты қысып ұстаған күйі шығарып алыңыз. 7. Суспензия ішекте қалуы керек. Пациент жоғарыда аталған күйде тағы 5-10 минут немесе дәретпен қысылу жағдайына дейін денесін бос күйде ұстауы керек. 8. Бос құты бетін полиэтилен пакетпен орап, оны тастап, қолды жуу керек. Енгізу әдісі мен жолы Ректальді. Клизманы қолданар алдында ішекті босату ұсынылады. Ректальді суспензия алюминий фольга пакетімен қорғалған және оны ашылғаннан кейін бірден қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.