+35 бонус

ПАРОЛ 500 мг №30 таб

700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Атабай Илач Фабрика А.С.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 таблетканың құрамында: белсенді зат - 500,0 мг парацетамол қосымша заттар: повидон К-30, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, стеарин қышқылы, тазартылған су
Қолданылуы
Парол қарқындылығы әлсіз немесе орташа ауыруды симптоматикалық емдеу және қызбаны басу үшін анальгетикалық және қызуды түсіретін дәрі ретінде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- парацетамолға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша > 9) және бүйрек жеткіліксіздігі - 10 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер Ұсынылатын доза әрбір 4-6 сағат сайын 1-2 таблетканы құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 4000 мг құрайды. Дәрігердің кеңесінсіз препаратты қатарынан 3 күннен артық қолданбаған жөн. Алкогольді тұтынатын пациенттерде парацетамолдың тәуліктік дозасы гепатоуыттылық қаупі салдарынан 2000 мг аспауы тиіс. Препаратты ең аз тиімді дозада қолдану ұсынылады. Ұсынылған дозадан асырмаған жөн, қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек. Препаратты қабылдау арасындағы ең аз аралық 4 сағатты құрауы тиіс және қабылдау реттілігі тәулігіне 4 реттен аспауы тиіс. 6 - 12 жастағы балалар Ұсынылатын доза әрбір 4-6 сағат сайын бір немесе жарты таблетканы құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 10-нан 15 мг/кг дейінгі дозаларға бөлінген 60 мг/кг құрайды. Препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған. Препаратты қабылдау реттілігі 24 сағат ішінде 4 реттен аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған. 6-11 жастағы балаларда препаратты 3 күннен артық қолданбаған жөн. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ, бірақ әлсіреген және аз қимылдайтын пациенттерде дозаны төмендету және препаратты қабылдау реттілігін азайту ұсынылады. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек және бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолданған кезде сақ болу керек. Бүйрек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі болған кезде препаратты қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы стақан сумен ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.