+1990 бонус

ПАРИЕТ 20 мг №28 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
39800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Рабепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО Джонсон & Джонсон
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында Белсенді зат - 20 мг натрий рабепразолы (18.85 мг рабепразолға баламалы). Қосымша заттар (ядро): маннит, магний тотығы, әлсіз орын басқан гидроксипропилцеллюлоза (гипролоза), гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, этанол*. Қосымша заттар (ішкі қабық): этилцеллюлоза, магний тотығы, этанол*. Қосымша заттар (ішекте еритін қабық): гипромеллоза фталаты, диацетилденген моноглицерид, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е172), этанол*, тазартылған су*, карнауб балауызы, Edible Ink Red A1 сиясы, бутан-1-ол*. * - өндіріс үдерісінде буға айналады
Қолданылуы
- өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының (ГЭРА) эрозиялық немесе ойық жаралы түрінде - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын ұзақ уақыт демеуші емінде (ГЭРА демеуші емі) - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын орташадан өте ауыр дәрежеге дейін симптоматикалық емдеуде (ГЭРА симптоматикалық емі) - Золлингера-Эллисон синдромында - асқазанның ойық жара ауруы бар пациенттерде Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында
Қарсы көрсетілімдер
- натрий рабепразолына немесе осы препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия (аса жоғары сезімталдық) бар («Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған) - жүктілік - лактация кезеңі
Дозасы
Ересектер мен егде жастағы пациенттер Өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы Таңертең күніне 1 рет 20 мг тамақ ішер алдында ішке қабылдау ұсынылады. Өршу сатысындағы асқазанның ойық жарасы кезінде жараның жазылуы 6 апта ішінде орын алады. Егер жағдайыңыз жақсармаса, дәрігер Париет® препаратын тағы 6 апта қабылдауды ұсынуы мүмкін. Өршу сатысындағы он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде ойық жараның жазылуы 4 апта ішінде орын алуы мүмкін. Егер жағдайыңыз жақсармаса, дәрігер Париет® препаратын тағы 4 апта қабылдауды ұсынуы мүмкін. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының эрозиялық немесе ойық жаралы түрі Бұл жағдайды емдеу үшін 20 мг күніне бір рет тамақ ішер алдында ішке қабылдау ұсынылады. Мұндай дозада емдеуді 4-8 апта бойы жалғастыру керек. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын ұзақ уақыт демеуші емі (ГЭРА демеуші емі) Дәрігер тағайындағандай, Париет® препаратын күніне 1 рет 10 мг немесе 20 мг-ден ішке қабылдау ұсынылады. Дәрігер симптомдарыңыздың динамикасын тексеру үшін және қажет болған жағдайда, препараттың дозасын түзету үшін сізді үнемі қабылдауда көргісі келуі мүмкін. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын орташа және ауыр дәрежеде симптоматикалық емдеу (ГЭРА симптоматикалық емі) Таңертең күніне 1 рет 10 мг тамақ ішер алдында ішке қабылдау ұсынылады. Мұндай дозада емдеуді 4 апта бойы жалғастыру керек. Симптомдар басылғаннан кейін дәрігер қажет болған жағдайда Париет® 10 мг бір таблеткасын қабылдауды ұсынуы мүмкін. Золлингер-Эллисон синдромы Ұсынылатын бастапқы доза күніне 1 рет Париет® препаратының 3 таблеткасын құрайды. Содан кейін дозаны емдеуге қалай қарайтындығыңызға байланысты дәрігер реттей алады. Helicobacter pylori эрадикациясы H. pylori эрадикациясы үшін Париет® препаратын 7 күн бойы күніне 2 рет 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Дәрігер амоксициллин және кларитромицин деп аталатын антибиотиктерді қабылдауды ұсынады. H. Pylori емдеу үшін пайдаланылатын басқа препараттар туралы қосымша ақпарат алу үшін әрбір препараттың қосымша парағын қараңыз. Егер ұзақ емделіп жатсаңыз, симптомдарды тексеру және препараттың дозасын түзету үшін дәрігерге үнемі барып тұру керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Сізге Париет® препаратымен емдеудің басында және Париет® препаратымен емдеуді жалғастыру кезінде ерекше сақтық танытатын дәрігермен кеңесу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.