+73 бонус

ПАРАСТАМИК 40 мг №1 фл

9:00-ден кейін қолжетімді
1470 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Демо С.А. Фармасьютикал Индастри
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - 45.12 мг натрий пантопразолы сесквигидраты (40.0 мг пантопразолға баламалы), қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, натрий гидроксиді.
Қолданылуы
- рефлюкс-эзофагитте - асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында - Золлингер-Эллисон синдромы немесе асқазанның патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын басқа жағдайлар.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе басқа орын басқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Препаратты дәрігер тиісті медициналық бақылау кезінде тағайындауы керек. Препаратты енгізу тек оны пероральді түрде қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана ұсынылады. Симптомдарды толық жою үшін препаратты 7 күн ішінде қолдану қажет етілуі мүмкін. Пероральді емге мүмкіндік болған бойда, вена ішіне жүргізілетін ем тоқтатылуы тиіс. Асқазанның ойық жарасы, он екі елі ішектің ойық жарасы және рефлюкс-эзофагит Ұсынылатын доза тәулігіне вена ішіне 40 мг пантопразолды құрайды. Золлингер-Эллисон синдромы және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа жағдайлар Ұсынылатын бастапқы тәуліктік доза Золлингер-Эллисон синдромын ұзақ емдегенде және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа да жағдайларда 80 мг пантопразолды құрайды. Қажет болған кезде дозаны, асқазандағы қышқыл секрециясына байланысты, арттыра немесе азайта отырып титрлеуге болады. Тәулігіне 80 мг-ден асатын дозаларды екі енгізу үшін бөлу қажет. Пантопразол дозасы 160 мг-ден астамға дейін уақытша арттырылуы мүмкін, бірақ қолдану ұзақтығы қышқыл секрециясын адекватты бақылау үшін қажетті кезеңмен ғана шектелуі тиіс. Егер қышқылдылықты тез азайту қажет болса, пациенттердің көбісінде 1 сағат ішінде қалған деңгейге (сағатына <10 мэкв) жеткізу үшін тәулігіне 2 рет 80 мг бастапқы доза жеткілікті.  Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасы 20 мг-ден аспауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Жалпы ереже бойынша 12 сағат бойы 25°C-ден аспайтын температурада сақтағанда дайын ерітіндінің тұрақтылығын зерттеулердің айғақтағанына қарамастан, ерітінді дайындалу бойына пайдаланылуы тиіс. Пайдалануға дайын инъекцияға арналған ерітіндіні әзірлеу үшін 10 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісін ішінде құрғақ заты бар құтыға қосады, алынған ерітінді тікелей (вена ішін сорғалатып) немесе 100 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісімен, немесе 5% глюкоза ерітіндісімен араластырғаннан кейін (вена ішіне тамшылатып) қолданылуы мүмкін. Дайындалған ерітінді әзірленгеннен кейін 12 сағат ішінде пайдаланылуы тиіс. Вена ішіне енгізуді 2–15 мин бойы жүргізген жөн. Парастамикті нұсқаулықта көрсетілмеген еріткіштермен араластыруға немесе ерітуге болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.