+23 бонус

ПАРАЦЕТАМОЛ ДЕТСКИЙ 120 мг/5 мл 100 мл суспензия

470 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Синтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препарат құрамында: белсенді зат – парацетамол 2,4 г; қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, сұйық сорбитол, глицерин, ксантан шайыры, құлпынай хош иістендіргіші, сахароза, тазартылған су.
Қолданылуы
2 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда: суық тию аурулары және тұмауды қоса жоғарғы тыныс жолдары инфекциясы аясында және балалардың инфекциялық ауруларында (желшешек, шошқаборық, қызылша, қызамық, көкжөтел, жәншау және т.б.) дененің жоғары температурасын төмендету үшін – ыстықты түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Ауыруды жеңілдету үшін (әлсіз және орташа қарқынды ауыру синдромында) мына жағдайларда: тіс ауырғанда, оның ішінде тіс жарып шыққанда; бас ауырғанда; бұлшықетте және буындарда сырқырап ауыруларда; отит кезінде құлақ ауырғанда; тамақ ауырғанда; балаларда вакцинациядан кейін дене температурасын төмендету үшін.
Қарсы көрсетілімдер
Парацетамолға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары; қан ауруларының ауыр түрлері (анемияның, лейкопенияның, тромбоцитопенияның ауыр түрі, агранулоцитоз); глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы; тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; нәрестелік кезең (2 айға дейінгі балалар); құрысуға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдану; суық тию мен тұмауды емдеуге арналған құрамында парацетамол бар басқа препараттармен, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін препараттармен бір мезгілде қабылдау. Сақтықпен: - бауыр функциясының бұзылуы - бүйрек функциясының бұзылуы - қатерсіз гипербилирубинемия (оның ішінде Жильбер синдромы) - сепсис сияқты глутатион-жүдеген жағдайларда, өйткені парацетамол қабылдау метаболизмдік ацидоз қаупін арттыруы мүмкін - анорексиямен ауыратын қатты жүдеген пациенттерде немесе дене салмағының индексі төмен пациенттерде қолданылуы мүмкін. Егер аталған аурулардың кез келгені болса, препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу керек
Дозасы
Қаптаманың ішіне салынған екі жақты қасық қолайлы және препаратты дұрыс және тиімді дозалауға мүмкіндік береді: үлкен қасықта 5 мл (120 мг парацетамол), кішісінде – 2.5 мл (60 мг парацетамол); немесе екі белгісі бар қасық: төменгі белгі 2.5 мл сәйкес (60 мг парацетамол), жоғарғы белгі 5 мл сәйкес (120 мг парацетамол). Препараттың дозасы баланың жасына және дене салмағына байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.