ПАРАЦЕТАМОЛ 500 мг №10 таб Жанафарм

145 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО "ПЛП"ЖАНАФАРМ"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: парацетамол 500 мг; қосымша заттар - картоп крахмалы, кальций стеараты, Поливинилпирролидон К 30
Қолданылуы
- инфекциялық-қабыну ауыруларында, ЖРВИ, тұмау кезінде ыстықты түсіретін дәрі ретінде; - айқындылығы орташа ауыру синдромында (невралгия, бас ауыруы, бас сақинасы, миалгия, тамақ ауыруы, артралгия, тіс ауыруы кезіндегі).
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затына, қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; - бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары; - 10 жасқа дейінгі балаларға; - қан ауруларының ауыр түрлері (анемияның ауыр түрі, лейкопения, тромбоцитопения).
Дозасы
Ересектер (егделерді қоса) және 16 жастан үлкен балалар: 500-1000 мг (1-2 таблетка) қажет болғанда әрбір 4-6 сағат сайын. Қабылдау арасындағы аралық – кем дегенде 4 сағат. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 4000 мг (8 таблетка). 10-15 жастағы балалар: 250-500 мг (½ - 1 таблетка) қажет болғанда әрбір 4-6 сағат сайын. Қабылдау арасындағы аралық – кем дегенде 4-6 сағат. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 24 сағаттың ішіндегі 10-15 мг/кг бір реттік дозасына бөлінген баланың дене салмағына қарай 60 мг/кг құрайды. Бір реттік дозаны 24 сағаттың ішінде 4 реттен асырмай қабылдауға болады. Енгізу әдісі және жолы Препарат тамақ ішкеннен кейін 1-2 сағаттан соң, көп мөлшердегі сұйықтықпен ішке қабылдауға (пероральді) арналған (тамақтан соң бірден қабылдау әсерінің басталуының іркілісіне әкеледі). Емдеу ұзақтығы Дәрігердің тағайындауынсыз және бақылауынсыз қолданудың ең жоғары ұзақтығы - 3 күн. Егер симптомдар сақталса, дәрігерге қаралу керек. Көрсетілген дозадан асырмаңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.